А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет48/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Түсіндіру диалогы – логикалық сәттің әлсіз берілуіндегі экспрессивті бояудың көп болуы, қайталап сұрау кезіндегі репликалардың параллелизмін көрсетеді, монолог болмайды, әңгімелесушінің ойын ешкім бөлмейді, мұнда диалогқа қатысушының біреуінің жеңілгендігі анық мойындауымен аяқталады.
Диалог-таласта – өте әлсіз логикалық сәттің берілуі, экспрессивтіліктің жоғары деңгейі қамтылады. Мұнда да монологтық репликалар болмайды, лексика-синтаксистік параллелизмдер болуы мүмкін, репликалардың жеке берілуі болмайды, диалогтың аяқталуы диалог мазмұнымен сәйкес келе бермеуі де мүмкін.
Ал, соңғы аспект қостау диалогтың (унисонный) мазмұны нәтижелі аяқтала бермейді. Мұнда логикалық және экспрессивті сәттер, монологтық репликалар иррелевантты болып келеді (Соловьева, 1965).
Соңғы жылдары сөйлеудің диалогтық түріне жататын диалогтық бірлік (диалогическое единство) мәселесі де біршама зерттелді. Диалогтық бірлік логикалық бірліктердің алуан түрлерін (түсіндіру, талқыға салу, сипаттау, хабарлау, т.б.), яғни диалогтың басты қызметтерін прагматикалық бағытпен тығыз байланыстырады. Бұларды кешенді қарастыру барысында диалог қызметін былай бөліп көрсетуге болады: Ақпараттық – иллюстративтік, айғақтық (аргументативная) және сюжеттік-психологиялық бағытты күшейту қызметі.
Құрмалас сөйлемдердің синтаксисіндегі диалогтық бірліктерді зерттеген С.Е. Крючков пен Л.Ю. Максимов оның мынадай ерекшеліктерін көрсетеді: «Екі немесе одан да көп репликалық сөйлемдерден тұратын, құрылымы және мағынасы жағынан өзара тығыз байланысты, сондықтан да бірінші репликаның мағынасы мен формасы келесі репликаның мазмұнын айқындап береді. Яғни, берілген диалогтың толық мазмұны репликаларды өзара бірлікте қарастырғанда ғана ашылады» [105, 159 б.]. Демек, диалогтық бірлік екі немесе одан да көп сөйлеушілер қатысатын құрылымдық-мағыналық тұтастығы бар мәтін.
Диалогтық бірліктің коммуникативтік нүктесін (ядро, ұяшық, дилогтық минимум) айқындағанда, ондағы ортақ стимул-репликалар мен реакциялық репликалардың қолданылуын да ескеру қажет. Кейбір диалогтар өте ауқымды болуы мүмкін, бірақ оның негізін екі әңгімелесушінің репликалары ғана құрайды.
Сонымен, біз сараптаған еңбектердегі диалогтың түрлерін атап көрсетейік:
1. Қостау (унисонный) диалогы – екі сөйлеуші де бір-бірінің пікірімен келісіп, бірін-бірі толықтырып отырады;
2. Полемикалық (қақтығыс) диалог – сөйлеушінің бірі екіншісінің сөзін қақпайлап, сөзбен қақтығысып отырады;
3. Нақтылау диалогы;
4. Эмоционалды қарсылық білдіру диалогы;
5. Сұрақ-жауап диалогы (сұрақтардың алмасуын, дұрыс жауапты білдіреді);
6. Сұраққа кері реакцияны білдіретін диалог;
7. Жауапқа қарама-қарсы сұрақ бағыттау диалогы;
8. Сұраққа модальдық әсерді (сөздің шындыққа қатынасын, өзгерісті) білдіретін диалог.
Драмадағы қостау диалогтар – нақты диалогтық нысандардың кең таралған түрі, бұларға фатикалық қызметпен қоса, поэтикалық қызмет те тән болады. Мұның бірінші қызметі – көркем драматургиялық шығарма бастапқыда-ақ эстетикалық күрделілігімен айқындалады; екіншісі – қатынасқа түсушілердің коммуникативтік пиғыл-ниеті қамтамасыз етіледі, онда коммуникативтік әсер ету, тұлғааралық өзара байланысу басымдық алады.
Бұдан басқа, көбіне қостау диалогтарда күнделікті өмірдегі диалогқа қарағанда тілдің ақпараттық қызметі анық көрініс табатын күрделілігімен айқындалады (Р.А. Будагов). Себебі мұнда біріншіден, диалогты автор аяқастынан құрмайды, ол шығармашылықтың жемісінен туады; екіншіден, кез-келген пьесадағы кейіпкерлердің арасында болатын кез-келген тілдік акт «пьеса әрекетін дамытуға және әртүрлі жолдармен сол пьесадағы басқа диалогтармен «іліктесуге міндетті» [106, 212 б.], сонымен бірге, диалогтағы кейіпкерлердің сөзінде эпикалық, сипаттаушылық, характерологиялық және басқа да қасиеттердің көрініс табуына жол ашады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет