А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Қайша. Сынап жүреді-ау бұл дұшпан, дұшпандығын тастамай. Істесең дұшпандығыңды үйіңде істе, менің үйіме келіп шалуыттамай! Әбділда



бет49/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Қайша. Сынап жүреді-ау бұл дұшпан, дұшпандығын тастамай. Істесең дұшпандығыңды үйіңде істе, менің үйіме келіп шалуыттамай!
Әбділда. Адырақал! Мен сенің үйіңе келіп отыр ма екем? Мына балаларымның үйіне келіп отырмын. Кешегі жақсы Бәтиманың орнына құран оқығалы келіп отырмын. Есендікпен жау болғанмен Бәтимамды ұмытпаймын.
Қайша. Балалардың үйі жоқ! Бұл – менің үйім, өйтіп бөлшектеме! Дұшпандығың осы емес пе?
Әбділда. Дұспан десең – дұспанмын. Сенімен дос болған кісі не барқадар табушы еді? Бәтиманың бет топырағы жасырынбай жатып, «бұл үйдің иесі мен, мен» деп, балалардың жүрегіне жара салып отырған сен жыланнан не жақсылық күтуге болады. (54 б.) («Бәйбіше – тоқал»)
Мұндағы қарым-қатынас субъектісі болып табылатын адресант – хабарды беруші тұлға, адресат – хабар бағытталған тұлға, хабар – коммуникативтік акт мазмұны түрінде көрінеді. Демек, диалогта қарым-қатынастың бірнеше элементтері көрініс тауып, тілдік хабардың мәні артып, ақпарат дамиды.
Көркем драмалық диссонанстық түрдегі диалогтардың құрылымдық белгілерінің қатарына, ең бірінші кезекте коммуникативтік-психологиялық мәнмәтіннің өзіндік ерекшелігін жатқызуға болады. Диссонанс диалогта әңгімелесушілер стратегиясының келісімсіздігін білдіретін диалогтық құрылымдар қалыптасады. Басым жағдайда, мұндай диалогтардың көрініс табуы коммуниканттарда бұрыннан белгілі тұлғааралық антагонизмдік «презумпциямен» байланысты болады. Мәселен, коммуникативтік актінің екі қатысушысы да, кейде әңгіме басталмастан бұрын-ақ серіктесінен өзіне пікірлесті көрмей, әлсіз болса да оппонентін көреді, мұндайда коммуникативтік іскерлік қатынастық сезім орнамайды.
Диссонанстық диалогтағы эмоционалдық реакциялар палитрасы кең түрлілігімен айқындалады: сақтыққа, сенбеушілікке, өткір ренішке, ашуға, ызаға, наразылыққа, сондай-ақ нағыз эмоционалды түрдегі (егес, ұрыс-керіс, сөгіс т.б) эмотивтік қызметтегі тілдік тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады. Сондықтан да мұнда сөздердің бейнелілігі өте айқын көрінеді.
Сондай-ақ, диссонанстық диалог түрлілігінің біріне (ДД), біз, диалогтық нысанның тұлғааралық антагонизмінің ең ресми түрдегі көрінісіне қосақтала жүруін жатқызамыз. Бұл әңгімелесушілердің бір-біріне ашық түрде дұшпандық жасауы, бірін-бірі өзара кінәлауда, тіл тигізуде және басқа да жағымсыз сипаттағы реакцияларындағы қатынасында айрықша баса көрсетіледі.
Мысалы, жоғарыдағы ширыға басталған диалогтың жалғасы ары қарай ұрыс-керіс арқылы төмендегіше өрбиді:
Әбділда. Қуарған! Осы кеше сені Бәтима ат сауырына мінгізіп, төркініңе апарып тастаймын дегенде, бекер тоқтатқан екем ғой. Мал-басқа иемін деп тұратын аю қатын боларыңды білмедім ғой. Айтқаныма көніп, айдағаныма жүреді дедім ғой, сорлы басым.
Қайша. Қайт дейсің? Менің де көзім ашылып, есеге ілінгенімді көр – міне. Маған көрсетпеген қорлықтарың бар ма еді? Сенен де көрген жақсылығым жоқ болатын. Құдайдан қорықпай, өтірікті неге айтасың?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет