- сұрақ-жауаптық;
Балта. Құдай жолы дегенің осы ма, хазірет?
Қара дүрсінді қойғандағы, ақ жолымыз осы ма?
Науан. Сен қоя тұр, шалым.
Алдыңа бас тартсам,
Бата қылуыңды біл.
Қара дүрсінді қай дуанға апарып өткізбексің! (71 б.)
- екінші репликада біріншісінің жалғастырылуы;
Ақан. Ә! Бұл сұмдық қашан болып қалып еді?
Жылгелді. Естімеп пе ең? Мәрзияның төлеуіне хазірет Ақтоқтыны Жалмұқанға берген. (83 б.)
- репликада көтерілген мәселеге байланысты ой айтылып, оның жалғасын табуы;
Жігіттер. Әрең қайрылдың-ау, Ақан...
Тобыңнан безгендей не жазып едік?..
Енді оралмасаң, біз де тозып кете жаздамадық па?
Ақан. Өкпелерің орынды, жігіттер...
Ескі көшке ермей қалып,
Жаңа көшті бастай алмай,
Әрі сәріге салғаным рас..
Енді Ақанды бердім қолдарыңа...
Сендердікі, сендердікі не барым... (80 б.)
- бірінші репликада белгіленгенді екінші репликалар арқылы қостайтынын немесе құптамайтындығын білдіру;
Ақан. «Бұл құрметім – сыйлай білсін.
Қой боп маңырап, ит боп үрсін,»
Деген жоқ па әйтеуір?
Мұрат. Бұлдайтындарын жасырған да жоқ.
Ақан. Бар, қайта шап,
Жауабын да тез жеткіз:
Некесін қиюға шақырса да – бармаймын,
Аужарын айтуға шақырмаса да - келемін
Деп айтты де Ақтоқтыға. (83 б.)
Жоғарыда айтылғандай, неғұрлым көп таралған диалогтың құрылымдық-семантикалық аспектіcін зерттеу, диалогтың негізгі жеке лингвистикалық сипаттарына баса назар аударуды қажет етеді. Дегенмен диалогтағы тілдік қызмет, коммуникативтік факторлармен (коммуниканттардың статусын анықтау, олармен қарым-қатынас орнату т.б.) тығыз байланысты.
Диалогтың коммуникативтік үрдістер құрылымымен байланысты ерекшеліктеріне зерттеушілер ерте-ақ назар аударғанымен
(Л.П. Якубинский), оларға деген кең түрдегі қызығушылық ХХ ғасырдың ортасынан басталды.
Бұл кезеңде диалогқа тек қана лингвистика тарапынан ғана емес, көптеген іргелес тіл ғылымдары тарапынан да көңіл бөліне бастады. Іргелес лингвистикалық ғылымдардың алдында «диалог» феномені үстем тұрған тақырып болды. Психология және психолингвистика, мәдениеттану, сөйлеу актілер теориясы, тіл мәдениеті, лингвостилистика салалары диалогтың аз зерттелген құбылыс екендігін мойындатуға мәжбүр етті. «Культура русской речи и эффективность общения» (1996) атты еңбегінде тілдің коммуникативтік қызметін терең зерттеген М. Хайдеггер диалогқа тек диалогта ғана тілдің толық мәнділігі айқындалады деген баға берді.
Айтылған пікірдің барлығы ақпараттарда нақтылы мақсаттардың болу ерекшеліктерін көздейді. ДБ-терге «Русская грамматика» анықтамалығында: «...такие сцепления реплик, в которых вторая реплика по своему строению опирается на первую, грамматический зависит от нее» [110, 84 б.],-деп көрсетіледі. Мұнда, яғни диалогтық сөздің коммуникативтік және мазмұндық маңызды сегменттерін екі кіші диалог бөліктері (репликалар) құрайды.
ХХI ғасырда шапшаң дамып келе жатқан семиотиканың тарауы, лингвистикалық прагматиканың бөлігі ретінде, диалогтың коммуникативтік қырларын көбірек оқып-білуге, терең ұғынуға, адресат және адресанттың қарым-қатынасы мен бір-біріне әсер етуін терең ұғынуды көздейді.
Лингвопрагматикалық зерттеулер коммуниканттар арақатынасын сипаттауға жол ашты, олардың әрқайсысын жекелей тануға, сонымен бірге, тілдік қатынасты (ақпараттық диалог, достық әңгіме-дүкен, талас, жанжал және т.б.) жүйелеуге мүмкіндік берді.
П. Грайс белгілеген кең түрдегі тілдік қатынастың мақсатқа орай ұйымдастырылуы және қолданылуына қарай конверсациялық максималар анықталды. П. Грайс мұндай негізгі максималар субъектісіне төмендегі мына талаптарды қояды: берілетін ақпаратты адекватты нормалау (саңдық максима); тек шынайы ақпаратты және негізделген бағаларды жеткізу (сапа максимасы); әңгіме тақырыбына орай ақпаратты релевантты түрде жасау (қатынас максимасы); сөзді анық айту, екі ұшты ойды болдырмау және бірізділікті сақтау (сөйлеу мәнері максимасы).
П. Грайстың пікірі бойынша, адресат та тілдік қатынаста кейбір қажетті максималарды басшылыққа алуы керек (өзінің жеке прагматикалық ұстанымы аясында және сөзді өзінің қалай түсінуіне қарай), өзіне қатысты мәселеге жауап ретінде тілдік қолданыстың түрін таңдайды, мұнда сонымен бірге, тікелей және жанама түрдегі әсерлер болуы мүмкін, мысалы, сұраққа жауап бермеу үшін түрлі жолдар іздестіру т.б. [111, 78 б.].
Соңғы жылдардағы лингвопрагматикалық аспектінің өзекті мәселелерінің бірі, сөздің диалогтық нысанының классификациясына да қатысты. Мысалы, В.В. Одинцов «Функциональные типы русской речи» (1982) атты ұжымдық монографиясында (Кожин, Крылова, Одинцов) диалогтарды немесе ДБ-ті классификациялауда (автор бұл терминді синоним ретінде қолдануды ұсынады) ДБ негізгі қызметтерін логикалық бірліктердің басқа түрлерімен бірге (түсіндіру, саралау, жазып көрсету, хабарды жеткізу, б.т) прагматикалық бағытта тығыз байланыста қарастырады. Көрсетілген параметрлерге сәйкес диалогтың ақпараттық (иллюстративті немесе дәлелденген) және сюжетті (психологиялық қобалжушылықтың артуы) басты екі түрі ерекшеленеді [112, 210 б.].
В.В.Одинцовтың екінші классификациясының негізінде, ДБ-тің «актуальды бөлшектенуі», яғни коммуникативтік негіздің анықталуы, стимул – реплика мен әсер ету репликасының (реплики-реакции) берілу ерекшеліктерін есепке алу қажет. Диалог көлемді бола беруі мүмкін, бірақ оның негізін екі репликаның үйлесімі мен жалғастыруы құрайды (ядро, ұя, диалогтық минимум), нақтырақ айтқанда, ниет-пиғылды білдіретін және әңгімелесушінің әсерін білдіретін репликалар.
Диалогтың жоғарыдағы қасиеттерін саралай келе, В.В. Одинцов диалогтың негізгі мынадай түрлерін анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |