А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет92/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Мұңайтпас. Осы менің өзім де оңай өле кететін қу емеспін ғой деймін... Осындай тәртіп, осындай жарасымды мен бір жақтан үйреніп келіп пе ем? Жоқ, өзім ойлап таптым, ойлансам әлі де таба беретінмін. Сардар штабқа сен иесің деген соңғы жерде, осылай жайнатып қою керек шығар дедім де төктім өнерімді. Күшігендерше шоқиысып отыратын билер түсетін үй емес, соғыс кеңесі болған соң, айбыны мен ажары осылай оқшау тұратын шығар!.. Ендігі жараспай тұрғаны жалғыз менің жалба тымағым сияқты. Осының өзін қайтсем екен? Ұрсам деймін жерге! (Тымағын лақтыра жаздап тоқтайды.) Тымақты Мұңайтпас ата-бабаларымның бірі сияқты да, тымақсыз Мұңайтпас аумаған өзім!.. Ойлаймын, ойлаймын да, сірә, Мұңайтпас екеумізге де үлкен бір теңдік тигелі келеді ау деймін... Кейде ұқпай қалатындарым болғанымен, осының бәрі сен үшін, сенің арман-тілегің дегенді енді ешкімнен сұрамасам керек. Бір жағынан сардар, бір жағынан Миша ағай, бір жағынан Петра баспалатып жүріп оны құйды мына жеріме! (Кеудесін көрсетеді.) Шіркін, өзгесі не керек, бір-бір іркіт толы, мес қарынды алдарына өңгеріп алып, төрді бермейтін мырзалар, Мұңайтпастың алдында қайқаң қағып тұратын болды ғой қазір. Сардардың да соларда кеткен кегі көп білем! Әй, осының қорлығы өтіп еді-ау деп ойлап болғаныңша, сардар оны қаңсылатып тастағанын көресің. Кімнің кегі кімде кеткенін біздің сардар қайдан біле береді екен осы? Шіркін, сондай болар ма едім! Бірақ, сарбаз болып кеткенім қандай жақсы болды. Оң аяқ, сол аяқ дегендеріңді ұрып алдық қалтаға! Ат дегеніңіз әншейін ұршықтай ойнайды. Тақым дегеніңіз темірдей! (Пулеметтің қасына барып айналдырып.) Енді мынау жатқан қанды ауызды бір үйреніп алсам екен. Шіркін, мұның түймедей қара тұмсығын жаудың кеудесіне қойып тосып, ағытар ма едім оқты! Іс тігетін мәшиенедей дем алмастан зіркілдегенде түйдек-түйдегімен төгеді ғой бұл! Мұның қасында жүз солдат дегеніңіз түк емес! Мұңайтпас мұны үйреніп алады әлі! Шіркін, мұның өңеші өгіз сыйып кетердей кең болып, бір-бір оғы он пұт болса... ұзындығы он құлаш болып, он көш жерден тисе, ә?.. Пристав пен урядниктерін, болыстар мен билерін соңынан шұбыртып, қара жолды шаңдатып бұрқыратып, күңгір-күңгір қоңыраулатып губернатор мен ояз келе жатса... Сонда сардар дүрбісімен қарап жіберіп: «Тарт, Мұңайтпас!» дегенде, тартып кеп жіберсем! Гу-гу-гу етіп барып гүмп ете түскенде, бір белесті аударып кеп тастаса!.. «Тарт Мұңайтпас!» – дегенде, тартып кеп жіберсем, гу- гу-гу деп барып гүмп ете түскенде, Ойрантөбенің дал-далын шығарса!.. Патша да жоқ, губернатор да жоқ, ояз да жоқ, болыстар мен билер де жоқ болар еді ау, ә!.. «Тарттым жолдас сардар!» - деп... (Қолын шекесіне апарады. Қолы тымағына тиеді. Тымақты тағы қолына алады.) Әй, сені қайтсем екен? Жараспай-ақ тұрсың басыма! Атайын ба есіктен!.. (Тымақбай кіре береді.) Шық кім болсаң да, рұқсат сұрап кір! (Тымағын лақтырып жібере жаздайды.) (158 б.) («Амангелді»)
Әдетте ұзақ сонар монологтарға бара бермейтін суреткер осы жерде Мұңайтпас образын жиынтық бейнеде суреттей отырып, оның психологиялық терең образын жасайды. Кейіпкердің кейбір ой қабатындағы пікірлер жазушының елінің болашағының жарқын болуын көксеген арман-тілегімен ұштасып жатыр.
Сондай-ақ, көркем мәтін мазмұнын түзуші мүшелердің бірі – ойталқы формасы да шығарманың автор мен кейіпкер сөзінің бірігуі арқылы берілетін тұстарында кездеседі. Мұндай адресанттық қатысына қарай ойталқы формасын классификациялаған еңбектің бірі – Г.К. Журсиналинаның «Көркем проза тіліндегі ойталқының түрлері мен қызметі» (2010) деп аталады. Онда автор, ойталқыларды үш топқа бөліп көрсетеді: «а) автор сөзі арқылы берілгендер; ә) кейіпкер (кейіпкерлер) сөзімен берілгендер; б) автор мен кейіпкер сөзінің жымдасуы арқылы берілгендер (көпүнді, қосүнді)» [115, 9 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет