Ақ Орданың дербестікке ие болуы


Ақ Орданың дербестікке ие болуы



бет2/4
Дата06.06.2023
өлшемі17,72 Kb.
#99150
1   2   3   4
Байланысты:
Ақ Орда лекция

Ақ Орданың дербестікке ие болуы
Алтын Орданың күйреуімен монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жерінде жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. Бату Шығыс Еуропаға жасаған жорығынан оралған соң өз ұлысын әке ордасынан бөліп алды. Өз ордасының батыс шекарасын Жайықпен шектеп, одан шығысқа қарайғы жерлер ағасы Орда Ежен билігіне өтті. Ақ Орда мемлекеті ХІІІ- ХV ғасырдың басына дейін мемлекет болып қалыптасты. Ақ Орданың негізін қалаған да осы Орда Ежен. ХІV ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Орданың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында – Ақ Орда мемлекеті оқшаулана бастады. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгі аумағын құрды. «Ақ» ұғымы ежелгі түрік және моңғол ұғымында «еркін, азат, дербес» мағанасын білдіреді. Рашид ад-дин: «кімде-кім Орда ұрпағынан келіп, Батый ұрпақтарының орнына хан болып отырмайтын, өйткені олар бір- бірінен алыста болды және әрқайсысы өз ұлысының жеке билеушілері саналды», - деп көрсетеді. Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды.


Жер аумағы және этникалық құрамы
Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін 60-65 % қамтыды. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ, қаңлы, найман, арғын, үйсін, жалайыр, үйсіндер тайпалар, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, қарлұқтар болды.
Қазақ мемлекетінің алғашқы қарулы қолы «Алаш мыңдығы» Орыс ханның тұсында құрылды. Мыңдықтар ақ, қара ту ұстап, «Алаш» деп ұрандап жауға шапты, ел, жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғады. Ақ Орданың хан ордасы Сығанақта бой көтеріп, қазақтың алғашқы әскері Алаш мыңдығы осында жасақталды.
Ақ Орда дәуірінде Шыңғыс хан әулетінен тараған және әлдеқешен қазақ болып кеткен қазақ хандары әулеті (Орыс ханан Кенесарыға дейін) қалыптасты.
Ақ Орда дәуірінде Алаш ұраны ел ұранына айналып, қазақтың бірлігін дәріптейтін мемлекеттік идеология деңгейі көтерілді. Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тілге айналды.
Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесіне сүйенсек онда он бір хан билік құрған. Оларды билеген уақытына қарай мынадай ретпен тізеді:

  • Орда Ежен

  • Күнқыран

  • Қоныш

  • Баян

  • Сасы-Бұқа

  • Ерзен

  • Мүбарак

  • Шымтай

  • Орыс хан

  • Қойыршақ

  • Барақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет