Ақ Орданың дербестікке ие болуы


Жер аумағы және этникалық құрамы



бет3/4
Дата06.06.2023
өлшемі17,72 Kb.
#99150
1   2   3   4
Жер аумағы және этникалық құрамы
Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін 60-65 % қамтыды. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ, қаңлы, найман, арғын, үйсін, жалайыр, үйсіндер тайпалар, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, қарлұқтар болды.
Қазақ мемлекетінің алғашқы қарулы қолы «Алаш мыңдығы» Орыс ханның тұсында құрылды. Мыңдықтар ақ, қара ту ұстап, «Алаш» деп ұрандап жауға шапты, ел, жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғады. Ақ Орданың хан ордасы Сығанақта бой көтеріп, қазақтың алғашқы әскері Алаш мыңдығы осында жасақталды.
Ақ Орда дәуірінде Шыңғыс хан әулетінен тараған және әлдеқешен қазақ болып кеткен қазақ хандары әулеті (Орыс ханан Кенесарыға дейін) қалыптасты.
Ақ Орда дәуірінде Алаш ұраны ел ұранына айналып, қазақтың бірлігін дәріптейтін мемлекеттік идеология деңгейі көтерілді. Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тілге айналды. Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесіне сүйенсек онда он бір хан билік құрған. Оларды билеген уақытына қарай мынадай ретпен тізеді:

  • Орда Ежен

  • Күнқыран

  • Қоныш

  • Баян

  • Сасы-Бұқа

  • Ерзен

  • Мүбарак

  • Шымтай

  • Орыс хан

  • Қойыршақ

  • Барақ

Ішкі және сыртқы саясаты.
«Орда Ежен сол қанатты басқарып Ертіс бойында қалды. Ол мұрагерлік құқығы бойынша 1 мың қол алды. Бұл үлкен үй Ақ Орда еді», -деп жазды Л.Н. Гумилев
Ақ Орданың әскери-саяси күшінің шырқау шегіне жетіп күшейген мезгілі Жошы ханның ұлы Орда Еженнің жетінші ұрпағы Орыс ханның тұсында 1361 жылы тәуелсіз мемлекет болды. Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан оқшаулана бастады. Мүбарак хан 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. 1361-1376 жылдары Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, тәуелсіз мемлкетке айналды, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғаларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, 1376 жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялады.
Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан Х1Vғ. соңы –ХV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреді. Барақ хан ішкі талас-тартыстар мен сыртқы шабуылдарды тоқтата алмады. 1428 жылы Барақтың өлімінен кейін шайбаниліктер бас көтере бастады Әбілқайыр хан XΥ ғ. ортасында Ақ Орданың біраз жерлерін басып алды. Биліктен айырылған Орыс хан ұрпақтары оңтүстікке, Сыр бойына қарай ығысты. 1446 жылы Әбілқайыр Ақ Орданың астанасы болған Сығанақты басып алды. Орыс ханның ұрпақтары Әбілқайыр билігіне қарсы күрес жүргізуі нәтижесінде Ақ Орда атауының «Қазақ хандығы» атауы 1465 жылы қайта жаңғырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет