Жер аумағы және этникалық құрамы
Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін 60-65 % қамтыды. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ, қаңлы, найман, арғын, үйсін, жалайыр, үйсіндер
тайпалар, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, қарлұқтар болды.
Қазақ мемлекетінің алғашқы қарулы қолы «Алаш мыңдығы» Орыс ханның тұсында құрылды.
Мыңдықтар ақ, қара ту ұстап, «Алаш»
деп ұрандап жауға шапты, ел, жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғады. Ақ Орданың хан ордасы Сығанақта бой көтеріп, қазақтың алғашқы әскері Алаш мыңдығы осында жасақталды.
Ақ Орда дәуірінде Шыңғыс хан әулетінен тараған және әлдеқешен қазақ болып кеткен қазақ хандары әулеті (Орыс ханан Кенесарыға дейін) қалыптасты.
Ақ Орда дәуірінде
Алаш ұраны ел ұранына айналып, қазақтың бірлігін дәріптейтін мемлекеттік идеология деңгейі көтерілді. Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тілге айналды. Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында
Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесіне сүйенсек онда он бір хан билік құрған. Оларды билеген уақытына қарай мынадай ретпен тізеді: