32
ІІ – тарау. ЖЫНЫСТЫҚ КӨБЕЮДЕГІ БЕЛГІЛЕРДІҢ ТҰҚЫМ
ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1900 жылы, голандиялық Хуго де Фриз,
неміс Карл Корренс және
австриялық Эрих Чермактың тәуелсіз зерттеулерінде ата-аналық түрлерден
алынған
будандардағы
белгілердің
(қасиеттердің)
көрінуі
туралы
тәжірибелерінің қортындылары туралы еңбектері жарияланды.
Бірақ ондай мәліметтерді 1865 ж. Брно қаласында орналасқан шіркеу
қызметкері Грегор Мендель өзінің «Өсімдіктер будандарымен жүргізілген
тәжірибелер» атты еңбегінде көрсеткендігі анықталынды.
Мендельдің
еңбегінде бұршақпен жүргізген будандастыруларында алынған нәтижелеріне
сүйене отырып тұқым қуалаушылықтың
заңдылықтарын ашқандығы
анықталынды. Грегор Мендельдің бұл заңдылықтарды бірінші ашқандығын
барша ғалымдар мойындап шықты. Н.И. Вавиловтың айтуынша Г.
Мендель
заңдылықтары «қазіргі биологияда тұқымқуалаушылықты түсінудің негізгі
кілті болып саналады».
Достарыңызбен бөлісу: