35
Мендель заңдылықтарына арналған есептерді шешуде мыналарды білу қажет:
аллелдер аралық қатынастардың үш типтері бар: толық доминанттылық,
толымсыз доминанттылық, кодоминанттылық;
гетерозиготтарда тең бөліктегі екі класты гаметталар құрылады;
моногибридті будандастыруда F
2
генотиптері бойынша келесі үш классқа
ажырайды 1/4 : 2/4 : 1/4, фенотипі бойынша барлық аллелдер ара қатынастары
үш классқа
бөлінеді, тек қана толық доминаттылықта F
2
келесідей екі класс
шығады 3/4 : 1/4;
полигибридтік будандастыруда F
2
ажыраулар моногибридтегідей болады,
оны табу үшін әр генді бөлек генотиптік немесе фенотиптік бөліктерін көбейту
арқылы шығарады;
13 сурет. Моногибридті будандастырудың сызбасы (Мендельдің І және ІІ-заңдары)
күтілген ажыраудан ауытқулар болуыда мүмкін, егер:
- F
2
сандар аз болса;
- генотиптері
әртүрлі
класстардағы
немесе
жеке
дарақтардың
өміршеңдіктерінде біршама
айырмашылқтары болғанда;
- түрлі жұптағы хромосомалар мейоз кезінде тәуелсіз ажырамағанда;
- аналық және аталық
гаметалар кездейсоқ қосылғанда;
- ген өзінің жауапты белгісін толымсыз шығарғанда немесе белгінің
көрінуіне түрлі гендер әсерін тигізгенде.
36
Берілген генотипі бойынша ағзаны құрастырушы
гаметаның типін және
бөлігін, ажыраудың сараптай білудің де маңызы мол. Ол үшін кері
будандастыру және талдаушы будандастыруды жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: