Жауабы: 1) Үшгеретозиготтардың бойларының ұзындығы - шамамен 165 см;
2) G(P
1,2
) - aabbcc; Ph(P
1,2
) - 150 см және 165 см.
Өзіндік шығаруға арналған есептер Эпистаз Есеп 1.Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін
доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни А гені бар
жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминантты гендердің екеуі де жоқ
болса, тұқымның түсі ақ болады.
Мына төмндегідей генотиптері бар өсімдіктердің дәндерінің түстерін
анықтаңдар: а) ааВв, ә) аавв, б) Аавв, в) АаВв, г) ААВв, ғ) ааВВ, д) АаВВ.
Есеп 2. 41.Мына төмендегідей будандастырылуда алынатын ұрпақтың
тұқымдарының түстерін анықтаңдар: а) ааВВХааВв, ә) ааВвХаавв,
б)АаввХАавв, в) АаВвХАавв, г) ААввХааВВ, ғ) АаВВХАаВВ.
Есеп 2.42. Сұр түсті тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті
будандастырғанда 3 : 1 қатынасындай болып қара және сұр түсті дәндер
алынған. Ата- енелерінің генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.43. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ түстімен
будандастырғанда дәндердің жартысы қара, жартысы ақ болып шыққан. Ата-
енелерінің генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.44.Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3 :
1 қатынасындай болып қара және сұр түсті дәндер алынған. Ата- енелерінің
генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.45.Тұқымдары сұр түсті екі өсімдікті будандастырғанда алынған
барлық ұрпақтардың да түстері сондай болған. Ата- енелерінің генотиптерін
анықтаңдар.
Есеп 2.46. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен
тозаңдандырғанда 12: 3: 1 қатынастай болып қара, сұр және ақ түсті дәндер
алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.
Есеп 2.47. Тышқанның рецессивті с гені альбинизмді анықтайды.
Доминантты аллель С жүнді бояйтын пигменттердің синтезін реттейді. А және
а гендері жүн талшықтарының дене бойына пигменттердің таралуын
қамтамасыз етеді: а гені - біркелкі боялуына , ал А гені жүннің қара түске
72
боялуымен қатар оның ұшында сақина тәрізді сары пигменттің түзілуіне әсер
етеді. Генотиптері: ССаа, ССАА, ссАА және ссаа тышқандардың фенотиптерін
анықтау керек.