105
түрлі мутагендердің (48 сурет) әсерлері де аз емес. Мутагендерді үш топқа
бөледі:
химиялық, физикалық және биологиялық. Ағзаға геномдық
мутацияның әсері түрліше қалыптылықтан ауытқыған
көріністерді шығарады
(49 сурет). Геномдық мутацияларды келесідейлерге бөледі: анеуплоидия,
моносомия, трисомия және полиплоидия.
49 сурет. Геномдық мутациялардың көрінісі
Анеуплоидия - нуллисомик, моносомик, три-,
тетро- және полисомик
күйлерінде кездеседі. Анеуплоидия мейоз процесінде хромосомалардың дұрыс
ажыраспауы салдарынан пайда болады
Нуллисомик - диплоидты хромосома жиынтығында бір жұп хромосоманың
болмауы - 2п -2.
Моносомия - диплоидты хромосома жиынтығында
бір хромосоманың
сыңар күйінде болуы (2п-1; ХО).
Трисомия - диплоидты хромосома жиынтығында бір хромосоманың 3 дана
күйінде болуы (2п+1; 13+; 18+; 21+).
Моносомиктер, әсіресе нулисомиктер, тіршілік ете алмайды. Трисомиктер
әртүрлі хромосомалық ауруларды шығарады.
Полиплоидия хромосома - санының еселеп өсуі нәтижесінде пайда болады.
Оның гаплоидия, триплоидия, тетра-, пентаплоидия т.с.с. деген түрлері белгілі.
Полиплоидия өсімдіктер дүниесінде жиі кездеседі және ол пайдалы қасиеттерді
шығарады (өнімділігінің, қанттылығының жоғарлауы және т.с.с), ал жануарлар
дүниесінде, әсіресе адамдарда, өте сирек кездеседі.
Адамдарда полиплоидты
ұрықтар күні бұрын түсіп қалады, ал тірі туылған күнде де, олар бірер минут
қана өмір сүреді.