А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет75/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Тапсырмалар
Тапсырма 4.1. Мутагендердің негізгі түрлерінің сипаттамасын жазыңдар.
Кесте 12. Мутагендердің негізгі түрлерінің сипаттамасы 
Мутагендер тобы 
Өкілдері 
Мутагеннің әсері
1. Химиялық мутагендер 
1) Алколоидтар 
2) Тотықтырушылар 
3)Алкилдік қосылыстар 
4) Азоттық негіздердің 
синтезінің ингибиторы
2. Физикалық мутагендер 
1) Иондық сәулелер 
2) Ультракүлгін сәулелер 
3. Биологиялық мутагендер 
Тапсырма 4.2. Қара бидайдың диплоидты және тетраплоидты түрлерін 
келесі көрсеткіштері бойынша салыстырыңдар: масағының ұзындығы
масақтағы орташа дәнінің саны, 100 дәннің орташа салмағы. Жалпылама 
қорытынды жасаңдар. 
Тапсырма 4.3. ДНҚ бөлігіндегі полипептид амин қышқылдарының құрамы 
келесі азоттық негіздердің кезектестіктерімен кодталған: АГТ АТА ТГА ЦАГ. 
Сұрақ: Егер ДНҚ молекуласындағы бесінші азоттық негізді гуанинмен 
алмастырса, полипептидтің амин қышқылдарының құрамы қалай өзгереді? 
Сұрақ: Егер ДНҚ молекуласындағы бесінші азоттық негізі түсіп қалса, 
полипептидтің амин қышқылдарының құрамы қалай өзгереді? 
Тапсырма 4.4. Мейоздың барысында полиплоидты және анеуплоидты 
жасушалардың шығу мүмкіндігінің сызбасын салыңдар. 
Тапсырма 4.5. Төменде аРНҚ-ның қысқа бөлімі және ол кодтайтын 
ақуыздың бөлігі көрсетілген: АГУ АЦГ ГЦУ Ser Thr Ala. ДНҚ-ның екі 
нүктесінде жүрген мутациялардың арқасында аРНҚ трансляциясы ақуыз 
синтезінің 1-ші кодоннан соң тоқтаған, ал полиптидтегі 1-ші амин қышқылы 
болып Ser қалған. Мутациялардың сипаттамасын анықтаңдар. 
Тапсырма 4.6. ДНҚ тізбегінің бірі келесі нуклеотидтік кезектестіктерден 
тұрады: ... А Т Ц Г Ц А А А Т… Төменде көрсетілген ДНҚ біріншілік 
құрылымындағы өзгерістер мутацияның қандай түріне жатады: 
1. 
А Т Т Г Ц А А А Т… 
2. 
. А Т Г Ц А А А Т… 
3. 
А Т Г Ц А А А Т… 


107 
4. 
А Ц Т Г Ц А А А Т… 
Тапсырма 4.7. ДНҚ молекуласының бір тізбегі келесі нуклеотидтік 
тізбектерден құралған: ДНҚ бір тізбегі келесідей кезектескен нуклеотидтерден 
тұрады: ... А Т Ц Г Ц А А А Т… анықтаңыздар мутацияның қай түріне сай 
келеді егер ДНҚ бірінші құрылымы: 1. А Т Т Г Ц А А А Т… 3. А Т А Ц Г Ц А А 
А Т… 2. А Т Г Ц А А А Т… 4. А Ц Т Г Ц А А А Т…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет