114
VІ ТАРАУ. ПОПУЛЯЦИЯ ГЕНЕТИКАСЫ.
ХАРДИ-
ВАЙНБЕРГ ЗАҢЫ
Систематиктердің мәліметтері бойынша кәзіргі кезде жануарлардың 2
миллиондайы және өсімдіктердің 500 мыңдай түрлері белгілі.
Мұндай
түрлердің пайда болуы және сақталуы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің
заңдылықтарына байланыстылығына күмән жоқ. Тірі ағзалардың өзін қоршаған
ортаға бейімделуі барысында табиғи жолмен сұрыпталу арқылы жаңа түрлердің
пайда болатындығы туралы түсініктерді берген Ч. Дарвин болатын. Ол
эволюцияның механизмін құрайтын басты үш
процестің,
яғни тұқым
қуалаушылықтың,
өзгергіштіктің
және
сұрыптаудың
болатынын
өз
еңбектерінде атап көрсетті.
Жалпы түрдің пайда болу барысында, эволюция факторларының тигізетін
әсерлерін ұғыну үшін, сол түрдің дамуына
негіз болатын популяцияның
генетикалық заңдылықтарын игеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: