А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет80/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

6.1. Популяция генетикасы  
Жұмыстың мақсаты: Белгілі бір гамета жағдайындағы панмиксиялық 
популяцияның моделін құру және анализ жасау, әр түрлі жылдамдықтағы 
сұрыптау әрекетіне есептер шығару, студенттерге популяциялардағы гендер 
мен алелльдердің тұқым қуалау заңдылықтарын түсіндіру және ажыратуға 
бейімдеу, ары қарай генетикалық материалдармен тереңірек танысуына 
бағдарлау.
Қажетті құрал жабдықтар: карта, презентация, виртуальды жұмыстар 
Қысқаша мағұлмат. Популяция өзара еркін шағылысып ұрпақ бере 
алатын, белгілі бір географиялық аймақта таралған және оған бейімделу 
қабілеті де бірдей, ортақ генефонды бар, бір түрге жататын дараларды айтады.


115 
Айқас тозаңданатын организмдердің популяциясы генотиптері әртүрлі 
дарақтардың еркін будандасуы негізінде қалыптасады. Ондай популяцияны 
панмиксиялық популяция деп атайды. Айқас тозаңданудың өздігінен 
тозаңданудан айырмашылығы сұрыптау және сұрыпталған формаларды 
будандастыру жолымен бастапқы популяциядан өзгеше белгілері бар линиялар 
алуға болады. Бұл олардың гетерогенді екендігіне байланысты нәрсе. 
Мысалы, қандай болмасын бір популяцияда бір геннің әртүрлі аллельдері 
бойынша, айталық, АА және аа гомозиготалы формаларды сан жағынан бірдей 
десек, бұндай панмиксиялық популяция тең молшерде А және а гендері бар 
аталық және аналық гаметалар түзе алады. Осындай гендерді алып жүретін 
дарақтар будандасқанда мынадай комбинация шығады: 
♀♂ 
0,5А 
0,5а 
0,5А 
0,25АА 
0,25Аа 
0,5а 
0,25Аа 
0,25аа 
Сонда Ғ
1
-де доминантты гомозиготаның пайда болу жиілігі -0,25-ке, 
гетерозигота - 0,5-ке, рецессивті гомозигота - 0,25-ке тең. Ал келесі буында гамета 
түзілгенде қайтадан доминантты аллелі бар гаметаның мөлшері 0,5-ке тең болады, 
себебі 0,25 гетерозигота Аа-дан келеді. Ал енді рецессивті (а) аллелі бар 
гаметаның мөлшері де 0,5-ке тең. Себебі 0,25 рецессивті гомозигота аа-дан, ал 
0,25 гетерозиготадан беріледі. Сөйтіп, бұл мысалдан еркін будандасу жағдайында 
әр буын сайын доминантты және рецессивті гендері бар гаметалардың мөлшері 
бірдей деңгейде, яғни 0,5 А және 0,5 а болып отыратындығы байқалды. 
Бірақ кейде популяциядағы гомозиготалар санының тең болмайтындығы да 
кездеседі. Мысалы, қара бидайда сабағының түктілігін анықтайтын А және 
тегістігін анықтайтын а аллельдері бар. Егер қара бидайдың бір популяциясында 
түгі бар өсімдіктер тегіс өсімдіктерге қарағанда төрт есе көп болып келсе (4 АА : 
1аа), бұл жағдайда гаметалардың арақатынасы 0,5 А : 0,5 а емес 0,8 А : 0,2 а 
болып келеді. Будандасудың нәтижесінде олар мынандай комбинация түзеді: 
♀♂ 
0,8А 
0,2а 
0,8А 
0,64АА 
0,16Аа 
0,2а 
0,16Аа 
0,04аа 
Сөйтіп әр жүз өсімдіктің 96-сы түкті (64-і гомозигота 32-сі гетерозигота), 
тек 4-уі ғана тегіс болып шығады. 


116 
Бұл жағдайда келесі буындарда да «а» аллелі бар гаметалардың мөлшері 
0,2 (0,04-гомозигота аа-дан, 0,16-гетерозигота Аа-дан келеді). Ал «А» аллелі 
бар гаметалардың мөлшері 0,8 болады (0,64 гомозигота АА-дан, 0,16 
гетерозигота Аа-дан). 
Сөйтіп, бұл популяцияда да бірнеше буын бойы гендердің белгілі бір 
арақатынасы, яғни 0,8:0,2 сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет