124
сұрыптау салдарынан кең көлемді балансты полиморфизм қалыптасқан.
Мысалы,
адамның антигендік ферменттік, рецепторлық және басқа да
молекулалық-биохимиялық қасиетін анықтайтын гендердің кем дегенде 25%,
яғни 6 500 гені, екі не одан да көп аллельдерден тұратын полиморфтық жүйе
түрінде
кездеседі, демек жеке генотиптер варияциясы 2
6500
тең. Бұл әр түрлі
жеке генотиптерді шығару мүмкіндіктерін көрсетеді.
52 сурет. Адам генінің экспрессиясын бақылайтын аймақтардың көрінісі
Адам экогенетикасын зерттеулер соңғы жылдары адамның мекен
ортасының «жаңа», бұрын кездеспеген факторлармен (дәрі-дәрмектер,
пестицидтер, тамақ қоспалары т.б.) ластануы нәтижесінде жеделдеді.
Бұрын
адамдар бұл заттармен тіпті жанаспаған, сондықтан да
бұл заттарға қарсы
сұрыптаулар болмаған. Кейбір аллельдер гендердің дрейфі не басқа да себептер
нәтижесінде популяцияда жинақталуы мүмкін, бірақ олар ұзақ уақыт «үнсіз»
күйде болып фенотипте көрінбеген. Ал, жаңа жағдайларда олар белсендіріліп
фенотиптік
байқалуын
көрсетуі
мүмкін,
оның
соңы
адамдардың
популяцияларына әсері тіптен жұмбақ.