224
Крисс-кросс тұқым қуалау – Х-хромосомада орналасқан гендердің тұқым
қуалауы: шешесінің белгілерінің ұлдарына, әкесінің қыздарына берілуі.
Локус – хромосоманың белгілі бір гендер шоғырланған бөлігі.
Моногибридті шағылыстыру – бір жұп альтернатива белгілері бойынша
ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру.
Морганида – гендер арақашықтығының өлшем бірлігі.
Мутация —
организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың
құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда
болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік.
Мәнсіз мутация. ДНҚ құрылымындағы бір амин қышқылына сай кодонды
өзгертеді нәтижесінде мәнсіз кодон (терминациялаушы) пайда болады.
Мағұлматтар базасы (банк) – ғылымның, практиканың, білімнің белгілі
бір саласында жұмыс атқару үшін ақпараттық
бастапқы негіз ретінде
сақталатын
және
акумуляцияланушы
мағұлматтардың
белгілі
бір
мамандандырылған жиынтығы. Адамдар мен жануарлардың, бактериялардың,
вирус түрлерінің әр түрлі геномдар тізбектілігінің нунцилі (секвенирлеу)
шифрды ашу процесіндегі мағұлматтардың
компьютерлік базасы көп
жинақталған. Мағұлматтардың мұндай базалары АҚШ, Еуропа, Жапония және
т.б елдерде интернет ғаламторындағы мекен жайлары арқылы еркін ену
мүмкіндігімен ұйымдастырылған.
Митоз (кариокенез) – жасушаның дұрыс жолмен бөлінуі. Ол кезде
хромосомалар теңдей екіге бөлінеді де, соның негізінде жаңадан екі жасуша
түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Нуклеоид – гистондармен байланыспаған және сақинаға тұйықталған,
цитоплазмаға тиелген ДНҚ жібін прокариоттарда
білдіретін бактериалды
«ядро» . ДНҚ сақинасы жасушалық мембрананың ішкі жағындағы бір нүктеде
бекітілген. Н бөлінуі ДНҚ жібінің репликациясынан соң жүреді. Аталған
белгілер
эубактериялардың
домен
өкілдеріне
тән.
Басқа
домен
(архебактериялар) жасушаның ұқсас жалпы планына ие,
бірақ бірқатар
құрылымдары мен белгілерінің ұйымдастырылуы бойынша ерекшеленеді.
Нуклеотид – азотты негізде және 3' немесе 5' көміртек атомдар кезінде
фосфорқышқылының қалдығы қосылған, қант
қалдықтарынан тұратын ДНҚ
мен РНҚ негізгі құрылымдық бірлігі. Аденин (А), Тимин
(Т), гуанин (G) және
цитозин (С) нуклеотидтері аминқышқылдарын ақуыздың полипептидті
тізбегінде кодтайды.
Нуклеосома – хромосоманың негізгі құрылымдық элементі. 1,75 айналым
жасайтын 145 п.н. ұзындықты ДНҚ оралған гистонды өзекшені білдіреді.