А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет148/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

ДНҚ – полимераза – тәуелсіз 3'- ОН – тобымен ДНҚ шүрпі (немесе РНҚ - 
шүрпі) мен матрица ретінде басқа тізбекті қолдануымен жеке нуклеотидтерден 
полинуклеотидті тізбектердің синтезін катализдеуші фермент.
ДНҚ – хеликаза – репликация процесінде ДНҚ қосарланған спиралінің 
шешілуі үшін АТФ гидролизінің қуатын қолданатын АТФазаға тәуелді ДНҚ. 
Хеликаза бірбағытта ДНҚ тізбектерінің біреуімен ығысып, өзінің алдында қос 
спиральды шешеді, соның нәтижесінде ДНҚ екі учаскесінен және екі 
біртізбекті тармақтарынан (Y) шанышқы туындайды. 
Домен – белгілі функциямен байланысты ақуыздың аминқышқылды 
тізбекті бөлігі. 
Дупликация – қандайда бір нуклеотидті тізбектілікте қосарлануға 
негізделген мутация типі. 
Екібағытты репликация. Екі репликациялық айыршалардың бастаушы –
oriC нүктесінен қарама–қарсы бағыттарға жылжуы. 
Есептеудің ашық рамкасы (англ. - open reading frame, ORF) – 
терминдеуші кодондарға ие емес нуклеотидтердің тізбегі. 
Зигота – аталық және аналық жасушалардың қосылып ұрықттану 
нәтижесінде түзілетін диплоидты жасуша. 
Жынысты хромосомдар – екі жыныстың бір-бірінен ажырай алатын 
хромосомдар. 
Жалғасу топтары локализацияланған бір хромосома және оның 
іздерімен геннің жиынтығы. Түрлі эуккариотты организмдерде жұп 
гомологиялық хромосомалары түрлі жалғасу топтары болып саналады. 
Инверсияланған қайталаушылықтар. ДНҚ молекуласының құрамында 
қарама–қарсы бағытталған бірнеше кезектестіктердің екі көшірмесінің болуы. 
Бірдей құрамдары бар қайталымдар қатар орналасып полиндромды құрады. 
Инбридинг - туыс даралардың шағылысуы. 
Инициирлеуші кодон – полипептидті тізбектер синтезінен басталатын (N – 
формилметионин прокариотта) кодтаушы метионин, мРНҚ құрамындағы AUG 
кодон. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет