А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет19/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159
аллеломорфтық жұп деп, ал белгінің жұптығын аллеломорфизм деп атауды 
ұсынды. 1926 жылы Иоганнсен «аллеломорфизм» атауын қысқаша –
«аллелизм», ал бір жұптағы жеке бірлікті (факторды) «аллель» деп атауды 
ұсынды. «Доминанттық» немесе «рецессивтік аллель» деп бір геннің қарама-
қарсы белгіні сипаттайтын күйін айтады. 
Аталық-аналықтарында қарама-қарсы белгілердің бір жұп түрі, екі жұп 
немесе көп түрі болуы мүмкін. Осыған орай моногибридтік (моно-бір), 
дигибридтік (ди-екі) немесе полигибридтік (поли-көп) будандастырулар 
қолданылады. 
Генетикадағы осы негізгі әдісті Г. Мендель ұсынған болатын, ол мынандай 
ережелерді қамтиды. 


34 
1. 
Будандастырылатын организмдер міндетті түрде бір түрге жатуы керек 
2. 
Будандастырылатын ағзалардың белгілері бір бірінен айқын 
байқалуы қажет. 
3. 
Зерттелеттін белгілер тұрақты түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп 
отыруы қажет. 
4. 
Ажырайтын белгілердің сипаттамасы және дәлме-дәл есебі болуы тиіс. 
Мендель гендерді латын әрпімен белгілеуді ұсынды:

Генотип – гендердің толық жиынтығы 

АА; аа – гомозиготалы 

Аа- гетерозиготалы 

Фенотип – белгілердің байқалатын жиынтықтары 
Бір-бірінен айқын бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды 
будандастырса, бірінші ұрпақта генотипі де фенотипі де біркелкі будандар 
алынады. 
Ғ
1
– фенотипі бойынша біркелкі, бәрі сары (13-сурет), сондықтан
Г.Мендельдің 1 заңын доминанттылық немесе «бірінші ұрпақтың біркелкілік 
заңы» деп атайды. Алғашқы ұрпақта ұқсас аллель қасиеті біреуі доминант, 
рецессивті қасиет білінбей қалады. Аналық сары бұршақтың генотипі бірынғай 
алельден – АА тұрса, бірінші ұрпақтың сары бұршағының генотипі әр түрлі 
аллельден – «А» және «а» тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет