А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


 Дигибридтік будандастыру



Pdf көрінісі
бет21/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   159
2.2. Дигибридтік будандастыру 
Жұмыстың мақсаты: белгілердің ажыру заңдылығының негізін түсіну, 
алынған екінші ұрпақта фенотипі бойынша белгілердің ажырасқанын көрсете білу. 
Қысқаша мағлұмат. Мендельдің үшінші заңы – белгілердің тәуелсіз 
тұқым қуалауы. Екі жұп гендердің бірге тұқым қуалауын зерттейтін 
дигибридті будандастыруға мысал ретінде бұршақ белгілерінің тұқым 
қуалауын зерттеуге алған Мендельдің классикалық тәжірибелерінің біреуін 
қарастырайық. Мендель тұқымының сырты тегіс және түсі сары (ААВВ) 
өсімдікті бұдыр жасыл тұқымды (аавв) өсімдікпен будандастырды. Ғ
1
ұрпақтарында барлығы тегіс және бұдыр (біркелкілік заңы). Төрт типті аталық 
және аналық гаметалардың кездейсоқ кезігуі Ғ
2
-де тоғыз түрлі генетикалык 
кластарды береді.
14 сурет Мендельдің ІІІ-ші заңының сызбасы 
Сөйтіп будан (гибрид) тұқымдардан өсіп шыққан өсімдіктер өздігінен 
тозаңданып, нәтижесінде Ғ
2
-де тұқымдардың төрт фенотиптік класын берді: -
олардың ішінде тегіс сарылары - 315, бұдыр сарылары - 101, тегіс жасылдары -


37 
108, бұдыр жасылдары - 32, барлығы 556 дән алынды. Төрт класс бойынша 
белгілердің ара қатынасы 9,06 : 2,91 : 3,11 : 0,92 болып шықты, яғни екі жұп 
гендердің тәуелсіз тұқым қуалауы бойынша теория жүзінде болады деп 
күтілген 9 : 3 : 3 : 1 қатынасына өте жақын болып шықты. Ғ
2
-де алынған 556 
дәндердегі екі жұп белгілерді (тегіс-бұдыр, сары-жасыл) жеке-жеке 
қарастырсақ, онда 423 тегіс : 153 бұдыр, 416 сары: 140 жасыл, яғни әр жұп 
белгілер моногибридті будандастырудағыдай 3:1 қатынасындай болып 
ажырайтындығы көрінеді. Демек екі жұп белгі бір-бірінен тәуелсіз ажырайды, 
яғни ол тәуелсіз тұқым қуалайды. 
Мендельдің 3-ші заңы – белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауы. 
Мендель тұқымының сырты тегіс және түсі сары (ААВВ) өсімдікті 
бұдыр жасыл тұқымды (аавв) өсімдікпен будандастырды. Төрт типті аталық 
және аналық гаметалардың кездейсоқ кезігуі Ғ
2
-де тоғыз түрлі генетикалык 
кластарды береді, ал сыртқы көрінісі бойынша төрт класты шығады. 
Генотипі: 1:2:1:2:4:2:1:2:1 Фенотипі: 9 : 3 : 3 : 1
Кесте 3. F

– нің ажырауы нәтижесінде шығатын фенотиптік кластардың 
сандық қатынасы 
Гендер саны әртүрлі ата-аналық формаларды будандастырғанда F
2
-дегі 
фенотиптік және генотиптік ажыраулары
Будандаст
ыру 
Ата-
аналард
ы 
ажырат
атын 
жұп 
аллельд
ер саны 
Гетерозигота
лы 
дарабастард 
пайда 
болатын 
гамета 
типтерінің 
саны 
Толық 
доминанттыл
ық жағдайда 
F
2
-гі 
фенотиптік 
кластардың 
саны 
F
2
-гі 
әртүрлі 
генотип
тік 
кластар
дың 
саны 
F
2
-гі 
мүмкіндігі 
бар кез-келге 
гендер 
үйлесімінің 
біреуі 
бойынша 
гомозиготалы 
дарақтарыны
ң үлесі 
Моногибд
ри 




1/4 
Дигибрид 2 



1/16 
Үшгибрид 3 


27 
1/64 
Тетрагибр
ид 

16 
16 
81 
1/256 
Полигибр
ид 

2
n
2

3

1/4

Қорыта келгенде, Мендель жоғарыда келтірілген зерттеулерінің негізінде 
тұқым қуалаушылықтың аса маңызды заңдылықтарын ашты және оның 
табиғатын анықтады. Бір белгінің тұқым қуалауының екінші белгіге тәуелсіз 


38 
екендігін дәлелдей отырып, ол тұқым қуалаушылықтың дискреттілігін 
(оқшаулығын), бөлшектене алатындығын және генотиптің организмдегі белгі-
қасиеттерді анықтайтын бірліктердің жиынтығынан тұратындығын көрсетті. 
Егер F

– нің ажырауы нәтижесінде шығатын фенотиптік кластардың 
сандық қатынасын білгіміз келсе (кесте 3), онда: 
Моногибридті будандасуда (3+1)
1
=3:1, яғни 2 класс. 
Дигибридті будандасуда (3+1)
2
=9:3:3:1 яғни 4 класс
Үшгибридті будандасуда (3+1)
3
=27:9:9:9:3:3:3:1 яғни 8 класс. 
Тетрагибридтте (3+1)
4
=81:27:27:27:27:9:9:9:9:9:9:3:3:3:3:1 яғни 16 класс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет