А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет17/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159
Жұмыстың барысы: 
1. 
Микроскоп арқылы дайын препараттардан адам хромосомасының 
ерекшелігін анықтау. 
2. 
Аутосомдық хромосомалардың құрылыс ерекшеліктерін анықтау. 
3. 
Жыныс хромосомаларының құрылыс ерекшеліктерін анықтау. 
4. 
Х - хромосомаларының құрылыс ерекшеліктерін анықтау. 
5. 
У - хромосомаларының құрылыс ерекшеліктерін анықтау.  
 
Пысықтауға арналған сұрақтар: 
1. 
Кариотип дегеніміз не? 
2. 
Аутосомалар дегеніміз не? 
3. 
Адам кариотиптері неше топқа жіктеледі? Сипаттама беріңіз? 
4. 
Хромосомалардың қандай формаларын білесіз? 
5. 
Хромосомалардың қандай құрылыстарын білесіз? 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Хромосома деген не? Оны қай уақытта байқауға болады? 
2. 
Хромосома деген атау қайдан шыққан?Олай атауды кім, қашан ұсынған?
3. 
Олардың көлемі, салмағы қандай?
4. 
морфологиясы бойынша хромосомалар қалай бөлінеді? 
5. 
Эухроматин және гетерохроматин деген не? 
6. 
Қызметтеріне қарай хромосомалар қалай бөлінеді? 
7. 
Хромосомалардың химиялық құрамы қандай? 
 
 
 
 
 
 
 


32 
ІІ – тарау. ЖЫНЫСТЫҚ КӨБЕЮДЕГІ БЕЛГІЛЕРДІҢ ТҰҚЫМ 
ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
 
1900 жылы, голандиялық Хуго де Фриз, неміс Карл Корренс және 
австриялық Эрих Чермактың тәуелсіз зерттеулерінде ата-аналық түрлерден 
алынған 
будандардағы 
белгілердің 
(қасиеттердің) 
көрінуі 
туралы 
тәжірибелерінің қортындылары туралы еңбектері жарияланды.
Бірақ ондай мәліметтерді 1865 ж. Брно қаласында орналасқан шіркеу 
қызметкері Грегор Мендель өзінің «Өсімдіктер будандарымен жүргізілген 
тәжірибелер» атты еңбегінде көрсеткендігі анықталынды. Мендельдің
еңбегінде бұршақпен жүргізген будандастыруларында алынған нәтижелеріне 
сүйене отырып тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын ашқандығы 
анықталынды. Грегор Мендельдің бұл заңдылықтарды бірінші ашқандығын 
барша ғалымдар мойындап шықты. Н.И. Вавиловтың айтуынша Г. Мендель 
заңдылықтары «қазіргі биологияда тұқымқуалаушылықты түсінудің негізгі 
кілті болып саналады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет