51
2.Үш түрлі генотиптері болады (
АА, Аа және
аа), дәнденуші өсімдіктердің
генотиптері екеу (АА және Аа).
3. 248 өсімдіктердің генотиптері
аа (1 бөлігі · 248 өсімдіктер).
4. 248 өсімдіктердің генотиптері
АА (1 бөлігі · 248 өсімдіктер).
5. 496 өсімдіктердің генотиптері
Аа (2 бөлігі · 248 өсімдіктер).
Есептерді шығару жолдарына мысалдар
Есеп 2.24. Ірі қара малының қара түсті гені қызыл түсті геніне доминантты
болып
келеді.
Егер
таза
тұқымдық
бұқамен
қызыл
сиырларды
шағылыстырғанда F
1
ұрпағында қандай түстілер шығады? Алынған будандарды
өзара
будандастырғанда F
2
ұрпағында қандай түстілер шығады?
Шешімі:
А – қара түсті гені,
а – қызыл түсті гені.
1.
Қызыл түс сиырларда рецессивті белгі,
олай болғанда, олар
рецессивті гені бойынша гомозиготалы және олардың генотипі –
аа.
2.
Бұқада доминантты белгі қара түс және ол таза тұқымдылық,
сондықтан ол гомозиготты, яғни оның генотипі –
АА.
3.
Гомозиготалы дарақтар тек
бір типті гаметаны шығарады,
сондықтан қара бұқа тек қана доминантты гені бар
А гаметасын береді, ал
қызыл түсті сиырларда рецессивті белгі ген
а.
4.
Олар
тек қана бір типтес бірігеді, сондықтан F
1
ұрпағында
біркелкілік белгі қара түстер шығады, олардың генотиптері
Аа.
5.
Гетерозиготалы дарақтар
теңдей гаметаларды бөледі, олардың
гендері
А және
а. Олардың
қосылулары кездейсоқтық, сондықтан F
2
ұрпағында
келесі генотипті АА (25%),
Аа (50%) және
аа (25%) жануарлар
шығады, жалпы доминатты белгінің көлемі 75%.
Достарыңызбен бөлісу: