Есептерді шығару жолдары Есеп 2.37.Қызыл жемісті құлпынайды өзара будандастырғанда әрқашанда
қызыл жемістілер шығады, ақ жемістілерде – ақ түстер шығады. Екі сортты
будандастырғанда қызғылт түстілер алынады. Қызыл жемісті құлпынайды
қызғылт түстілермен будандастырғанда қандай түсті ұрпақтар алынады?
Шешімі 1.
Қызыл жемісті құлпынайды ақ түстілермен будандастырғанда
олардың ұрпағында ажыраулар болмады. Бұл олардың гомозиготтылар
екендігін көрсетеді.
2. Гомозиготты, фенотиптері әртүрлі өсімдіктерді будандастырғанда жаңа
фенотипті (қызғылт) гетерозиготтылар алынған. Бұл көрініс аралалық тұқым
қуалаушылықтың болғанын дәлелдейді.
3. Олай болса, қызғылт түсті құлпынайлар гетерозиготалылар, ал қызыл
мен ақ түстілер – гомозиготалылар.
Будандастыру сызбасы AА – қызыл жемісті, аа – ақ жемісті, Aа – қызғылт жемісті.
Р
♀АA қызыл жемісті
×
♂Aа қызғылт жемісті
гаметалар
A A a F
1
AA қызыл жемісті
50%
Аa қызғылт жемісті
50%
Жауабы. Өсімдіктердің 50% қызыл жемісті және 50% – қызғылт
жемістілер.
Есеп 2.38. Платина түсті аналық құндызды күміс түсті аталық бұлғынмен
будандастырғанда 6 қоңыр құндыз және 5 күміс түсті бұлғын алынған. Осы
аналықты басқа күміс түсті аталық бұлғынмен бірнеше қайта будандастырғанда
алынған: 7 - күміс түсті бұлғындар, 6 - өте сирек кездесетін әсем түсі "көктем
тынысы", 8 – қоңыр, 6 – платина түстілер шыққан.
"Көктем тынысы" түсті құндыздарды өзара будандастырғанда әрқашанда
алынған ұрпақтардың 1/3 платина түстілер болған. Ана-әкесінің және
ұрпақтардың генотиптерін анықтаңдар. Құндыздардың "көктем тынысы"
түсінің тұқым қуалауы қандай? Егер "көктем тынысы" түсті аналық құндызды
қоңыр түсті аталықпен будандастырса ұрпақтарының түстері қандай болуы
мүмкін?