108
V тарау. ДАМУ ГЕНЕТИКАСЫ, ОНТОГЕНЕЗ ЖӘНЕ
ФИЛОГЕНЕЗ
Тірі ағзалардың
өсуі дегеніміз оларда байқалатын сандық өзгерістер, яғни
олардың денесінің не жекелеген мүшелерінің мөлшерінің, салмағының өсуі. Ал,
даму дегеніміз ағза денесінде не оның мүшелерінде байқалатын кері қайтпайтын
сапалық өзгерістерді айтады. Ағзалардың өсуі мен дамуы бір-бірімен тығыз
байланысқан, бірінсіз-бірі болмайтын күрделі физиологиялык кұбылыстар
болып саналады. Олардың екеуі де генетикалық, гуморальдық және жүйкелік
механизмдер арқылы реттелініп отырады.
Филогенетикалык өзгерістердің пайда болу зандылықтарын зерттейтін
ғылымды
эволюциялық морфология деп атайды.
Эволюциялық морфология ғылымының негізгі зерттеу әдісі болып
салыстырмалы анатомия, салыстырмалы эмбриология және палеонтология
әдістерін камтитын "үштік параллелизм" әдісі саналады.
Үштік параллелизм әдісі арқылы эволюциялық морфология ғылымы
мүшелердің гомологиялық және аналогиялық ұқсастығын анықтайды және
оларды жіктейді.
Гомологиялык ұқсастық (грекше Һоmо1оgіа - бірдей ) дегеніміз:
1) мүшелердің кұрылысының, олардын бөлімдерінің ара-
2) катынасының, орналасуының бірдей болуы;
3) мүшенің ағза денесінде бірдей орналасуы;
4) мүшелердің бір ұрық бастамасынан пайда болуы.
Филогенетикалық
өзгерістердің пайда болу жолдары ішінен
маныздылары ретінде:
1) мүше қызметінің кеңеюін;
2) мүше қызметінің күшеюін және белсенділігінің артуын;
3) мүше мен оның қызметінің субституциясын (алмасуын) атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: