120
6.2. Вариациялық қатар және оның негізгі көрсеткіштері
Жұмыстың мақсаты: генетикада белгілерді зерттеулердегі әр түрлі
биологиялық мақсатқа сәйкес іріктемені топтастыруларын құра білу және
орташа шамаларды шығаруды игерту.
Қысқаша мағлұмат: генетикада белгілерді зерттеулердегі әр түрлі
биологиялық мақсатқа сәйкес іріктемені топтастыру үшін пайданылатын
статистикалық қатардың бірнеше келесі түрлерін ажыратады: вариациялық
қатар, соның ішінде – орта шамалар, өзгергіштік коэффициенттері, олардың
статистикалық қателігі мен сенімділігі және т.б.
Жинақталған материалдың көрсеткіштерді вариациялық өңдеуден
өткізгенде ғана жан-жақты талдауға болады. Мұндай білім жүйесін
биометрия
деп атайды. Биометрия деп математика әдістерін, солардың ішінде
математикалық статистика және ықтималдықтар теориясының бөлімдерін
биологияда қолдануды айтады. Биометриялық әдістің объектісі ретінде біркелкі
ағзалар тобынан алынған өзгермелі белгі саналады. Мысалы, бір тұқымдық
шөптің ұзындығы немесе дәнінің салмағы, бір түрге жататын құстың
жұмыртқасының саны және оның салмағы т.с.с. Өзгермелі белгінің жеке
сандық мәндері
нұсқа деп аталады. Іріктеме деп бас жиын мүшелерінің тобын
айтады. Іріктеме белгілі түрінен өткен соң математикалық формулалар арқылы
қажет статистикалық коэффициенттерді анықтайды. Олар мыналар:
1. Өзгермелі белгінің орта шамалары
2. Белгінің өзгергіштігін сипаттайтын коэффициенттер.
3. Белгінің үлестірім типтері, олардың заңдылығын сипаттайтын
коэффициенттер.
4. Статистикалық қателіктер және оның коэффициенттерінің сенімділік
критериялары.
5. Хи-квадрат көрсеткіші.
6. Белгілер арасындағы байланыс дәрежесін анықтайтын коэффициент.
7. Дисперсиялық талдаулар.
Достарыңызбен бөлісу: