138
2.
Алматы қаласындағы асыл тұқымды емес иттердің популяциясында
құлағы қалыпты – 355, құлағы орташа – 300 және құлағы қысқа (шұнақ) – 134
иттер болған. А және а аллельдердің жиілігін анықтаңдар.
7.4 Егіздік әдіс
Жұмыстың мақсаты: Егіздік әдіс арқылы генотипке ортаның әсерін
зерттеу, ағзалардың сыртқы жағдайларға бейімделушіліктерін анықтау
Қажетті құрал – жабдықтар: Оқулықтар, кестелер, егіздердің
өлшемдері,
ұқсастық көрсеткіштері және т.б.
Қысқаша мағлұмат: Егіздер деп бір мезгілде 2-у немесе одан көп туылған
балаларды айтады. Егіздердің пайда болуына қарай екі топқа бөледі. Бір
жұмыртқалы егіздер (БЕ) және әр түрлі жұмыртқалы егіздер (ӘЕ). Бір
жұмыртқалы егіздер бір сперматозоид ұрықтандырған жұмыртқа клеткасының
(бластула кезеңінде) теңдей екі бөлікке бөлінуінен дамиды. Әр түрлі
жұмыртқалы егіздер бір уақытта пісіп жетілген екі жұмыртқа клеткасының екі
сперматозоид ұрықтануынан пайда болады.
Сондықтан бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі, барлық
белгілері ұқсас, міндетті түрде бір жынысты (не ұл, не қыз) болады. Әр түрлі
жұмыртқалы егіздердің генотипі әр түрлі, бір жынысты немесе екі түрлі
жынысты болуы мүмкін. Адамда егіз туудың жиілігі
орташа есеппен алғанда
бір пайыз шамасында, олардың үштен бірі бір жұмыртқалы егіздер. Әр түрлі
жұмыртқалы егіздер бір қатар белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болмайды.
Мысалы, қан топтарының тұқым қуалауы, секпілдің болуы.
Оларда бірдей, ұқсас гендер 50 пайыз болғандықтан ұқсастығы аға мен
қарындас деңгейінде болады. Әр түрлі популяцияларда бір жұмыртқалы
егіздердің саны бірдей де, ал әр түрлі егіздердің туу жиілігі өзгеше. Мысалы,
АҚШ-та әр түрлі егіздердің туылу жиілігі ақ
нәсілдермен салыстырғанда
негрлерде жоғары. Еуропада әр түрлі жұмыртқалы егіздердің пайда болу
жиілігі 1000 нәрестеге 8-ден келеді.
Егіздер түрлерінің ішінде бір жұмыртқалық егіздер аса маңызды жалпы
биологиялық проблеманы,
атап айтқанда, белгі-қасиеттердің дамып
қалыптасуы үшін тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде
ыңғайлы материал болып табылады.
Егіздерді
зерттеу
нәтижесінде
олардың
сапалы
белгілерінің
конкорданттылығын не дискорданттылығын және сандық белгілерінің
диссперсиясын анықтайды. Зерттелінетін белгі егіздің
екеуінде де кездессе
оларды
конкордантты (ұқсас), ал егерде белгі егіздің біреуінде ғана болып
екіншісінде кездеспесе
дискордантты деп аталады.
139
Егіздердегі белгінің тұқым қуалаушылық пен орта факторларының рөлін
анықтау үшін Хольцингер формуласын пайдаланады:
Сmz - Cdz
Н= ---------------- х 100; (5)
100 - Cdz
мұнда, Н - тұқым қуалаушылық үлесі, Сmz –монозиготалылардың
конкорданттылығы, Cdz – дизиготалылардың конкорданттылығы.
Бір жұмыртқалық егіздерде көзге көрінетін
көптеген белгілері бойынша
конкорданттылығы жоғары болады. Оны 2- кестеден көруге болады.
Кесте 13. Егіздердің конкорданттылық және дискорданттылық
көрсеткіштері
Егіздік әдісті генетикалық зерттеулерде қолдану үшін егіздердің типін дәл
анықтау қажет. Егіздік әдісте белгілердің дамуы үшін тұқымқуалаушылық пен
сыртқы ортаның тигізетін әсерін зерттеуде пайдалануды алғаш рет 1876 жылы
ағылшын зерттеушісі Ф.Гальтон ұсынды. Егіздік әдіс сонымен бірге бірқатар
ауруларға (шизофрения,
туберкулез, эпилепсия, мешел) тұқым қуалайтын
бейімділігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Егіздік әдістің кемшілігі – оның “бір жақтылығы”, ол тек белгінің пайда
болу дәрежесінде генотиптің рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Егіздер пайда
болу жиілігі - жүз ана босануында орташа бір егіз туылады. Статистикалық
есептерде - сұңғақ бойлы әйелдер өзге әйелдерге қарағанда егіз баланы жиі
табады, негр әйелдері арасында егіз туу өзге нәсілдерге қарағанда екі есе көп
кездеседі, Жапонияда егіз туу өте сирек кездеседі.
140
“Канада егіздері” деп аталатын апалы-сіңілі
бір жұмыртқа жасушасынан
дамыған 5 қыз бүкіл әлемге әйгілі.
“Сиам егіздері” деп аталатын Чанг пен Энг те бүкіл әлемге әйгілі. Олар
1811 жылы Сиамда дүниеге келген, сол себептен Сиам егіздері деп аталады.
Бұл егіздер 63 жыл өмір сүрді.
Достарыңызбен бөлісу: