А. Рыскиева 1, Ә. Құранбек



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата02.04.2023
өлшемі337,43 Kb.
#78481
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
497-1-2472-3-10-20230121

7. Теориялық санадағы тәңіршілдікті
зерт теудің бағдарлары.
Тәңіршілдікті зерттеуде тек қазақтар ара-
сында ғана емес, дүниежүзілік ғылыми дис-
курстарда да қызығушылық кездеседі, әсіресе, 
Ресейдегі Алтай мен Сібір халықтарының ділі 
мен дүниетанымына үңіліп, шаманизмді зертте-
уге бет бұрып, іргелі жобалар аясында ізденістер 
тудырып отыр. Жалпы әлемдік деңгейде, Ста-
нислав Гроффтың трансперсонал психология-
сы (Грофф, 2000), кванттық салалық бағыттар 
(Ландау, Лифшиц, 2004: 400-456), әлемнің голо-
граммалық картинасы және т.б. атап өтуімізге де 
болады. Отандық ғалымдарымыз да бұл салада 
өз зерттеулерін жүргізіп отыр.
Біздіңше, тәңіршілдікті алдымен, теориялық 
тұрғыдан, талдап, тәжірибедегі үлгілерін ұсы-
ну қажет. Бірақ бұл тым көне дүниетаным бо-
ғандықтан, интегративті танымды қажет ететін 
іргелі дүниетаным. Бұл тәңіршілдікті зерттеудің 


34
Тәңіршілдік сана: еліміздегі әлеуметтік-психологиялық климат
әдіснамалық-теориялық негіздері деп атауға 
болатын өз алдына жеке мәселе. Бұл ахуалды 
Алтынбек Мерсадық былайша тарқатып береді: 
«Осылайша, дәл осындай философиялық-әдіс-
темелік посылкаларға сүйене отырып, біз тә-
ңір шілдікті зерттеудің өзіндік әдістері, тә сіл-
дері мен принциптері туралы айта аламыз. 
Бі ріншіден, зерттеу барысында біз өзара бай ла-
нысты бірнеше әдіснамалық тәсілдердің синте-
зін қолдандық: феноменнің өзін түсіну, түсін-
діру және сипаттау ретінде қабылдауға бо латын 
интерпретация; репродукция – еске түсіру, қайта 
жаңғырту «Жандану», сананың архе типтерін 
белгілеу; қайта құру – өткен және қазіргі 
шынайылықты қайта құру, конституциялан ды-
ру – белгілі бір идеяларды, қағидаттар мен ере-
желерді бірыңғай тұтас түрде жүйелі түрде фор-
мализациялау» (Мерсадық, 2021).
8. Исламдық сенімнен тәңіршілдікке өту
трансформациялары мен тетіктері, келбеті, 
сатылары.
Тәңіршілдік архетиптің қуатты екендігі 
мен исламдық радикализмнің өрши түсу қаупі, 
қазіргі таңда исламды бірте-бірте «қазақи ис-
лам» жасауға деген ұмтылыстармен жалғасын 
тауып отыр. Бір қарағанда, бәрі сол қалпында 
сияқты болғанмен, исламдық қоғамдастықтың 
өзінің радикал сипаттағы ұстанымдардан бірте-
бірте арылуға, сондай бағытты жақтаушылардан 
іргесін алшақтатуға деген беталыстары да бай-
қалады. Мәселен, қазақи салт-дәстүрге қарсы 
шықпау, ұлттық идеяны қолдау, бұрынғы на-
ным-сеімдерге деген тым әсіре жағымсыз көқа-
растарынан жай ғана жағымды көзқарас деңгейіне 
ауыса бастауы, мәселен, ата-баба аруағы туралы 
халықтық сенімді жоққа шығармау және т.б. 
Бұл қарапайым мешіттегі имамдардан бастап, 
ҚМДБ-ның ұстанған діни саясаты мен идеоло-
гиясынан да анық көріне бастады. (Бұл беталы-
сты оңай түйсіну үшін, осыдан он жыл бұрынғы 
ресми өкілдерінің діни идеологиясымен салы-
стырып қараңыз!). Бұл бір қырынан Тәңіршілдік 
пен Исламды бітістіру, жақындастыру, тату-
ластыру, медиадеңгейге түсіру сияқты болып 
көрінгенмен, шындығында, олай емес, зайырлы 
мемлекеттік ұстанымдарының ескертпелерінен 
туындаса керек деп пайымдай аламыз. 
Осыдан қоғамдық көпшілік санада әрқилы 
пікірлер мен «адасулар» пайда болады. Бір 
қарағанда, бәрі бірқалыпты, тұрақты, байсалды 
жүріп отырған сияқты. Осыдан бірнеше жыл 
бұрынғы «Аллаһ» атауы бірте-бірте, «Алла» ата-
уына ауыса бастады, соңғы 1-2 жылда қайтадан 
«Тәңірмен» синонимдес болып кетті. Мұсылман 
діни қызметкерлерінің көпшілігі, Тәңір мен Ал-
ланы бір ұғым ретінде қолданып, дискурстарын-
да «аруақ» түсінігін де айналып өтпейтін болды. 
Уағыздарында тарихтағы ислам «кумирлерімен» 
қатар қазақ даналары да естілетін болды (бұрын 
олардың есімдері онша аталмайтын еді). 
Бірақ бұл үрдістерден пайымдағанымыз, 
«ислам дінін ұстанатындар бірте-бірте тәңір-
шілдікке бет бұрып бара жатыр» деген түсінік 
тумауы тиіс, бұл исламнан бас тартуға алып бар-
майды, уақытша болса да, «біз радикал ислам 
бағытынан емеспіз, ислам да қазақи дәстүрлерді 
құрметтейді» деген көзқарас тудыру үшін қа-
жетті тактика сияқты.
Шындығында, «бұрынғы ислам дінін ұстан-
ған тұлға тәңіршілдікке қалай бет бұрды?» де-
ген сауалға тоқталып, тәжірибелік зерттеулер 
жүргізіп, интервьюлер мен сауалнамалар қоры-
тындысы, ақпараттық желілерге жасалған кон-
тент-анализ бізді мынадай түйінге алып келді: 
исламнан тәңіршілдікке эволюциялық жол-
мен емес, революциялық жолмен келгендер 
көбі рек болып шықты. Бірнешеуіне мысалдар 
келтіруімізге болады:
Т.: «Бала күннен ата-анамнан көрген тұр-
мыстық жол-жоралғыларым бәрі ежелгі қазақ-
шы лық, яғни тәңірлік жоралғылар екенін (әсі-
ресе, ырым-тиымдар) білдім. Б. (есімді танымал 
азамат) да «қазақта тәңір деген дін жоқ, қазақтар 
ислам келместен бұрын басына ... майын жағып, 
қыздарын қонаққа салып беріп жүрген, бақсы-
балгерге, құмалақшыға барып» – деген кесір 
сөзінен соң, қазақтың көбі табиғи, туа сала 
тәңірші екенін түсіндім. Араб идеологиясы ша-
буылшыл идеология екенін анық білдім және 
уағызшы С. (есімді танымал азамат) 7 шел-
пек кімге тиеді, 700 шелпек пісірсең де пайда-
сы жоқ, аруақ жоқ деген сөзінен, сондай-ақ, 
«шырақшы ешекбастар» деп молаға шырақ жағу 
дәстүрін жоққа айқайлап шығарғанда, Құранды 
алып оқып қарадым да, ондағының бәрі және 
уағызшылар айтып жатқанның бәрі бедуин ата 
салты екендігін білдім. Өз ежелгі қазақи тәрбие 
санамда қалды»;
С.: «Мен студент кезімде Құдайға, жат 
елдің тілінде жалбарынуымыз керек деп ба-
сым қатып жүргенде Тоқтар Абыздың Тәңір 
туралы ақпараттарын өз аузынан естіп, содан 
Тәңірге бет бұра бастадым. Не ары емес, не бері 
емес күйде жүріп намаз оқып жүрген кезім еді. 
Имамның ширк, харам, анау болмайды, олай 


35
А. Рыскиева және т.б.
емес, былай, деген сандырақтарынан шаршап 
кеттім де, тасбиықты бір лақтырдым да ислам-
нан біржолата шығып кеттім, содан түбегейлі 
Тәңірлікке бірден келдім, ол кезде 40 жаста едім 
(ол кісі қазір 50-ден асқан)»;
Ж.: «Мен өзімді мұсылманмын деп ойлай-
тынмын, тіпті намаз оқымақ болғанмын, бірақ 
бір реті келмеді, біресе уақыт болмайды, кейде 
оқымай-ақ қояйын деген ой келген. Басқа да 
себептер пайда болды. Бір күні тәңіршілдік ту-
ралы видео көрдім, өз-өзімді бір түрлі сезіндім. 
Сол видеодағы бубен соққанын естіп, ішімде 
бір нәрсе көтерілгендей сезім болды. Содан 
менің тәңіршілдікті зерттеу жолым бастал-
ды. Кейіннен бұл менің өмір жолым екеніне 
көзім жетті... Олардың уағызының бәрі араптан 
басқаны кемсіту... Туа сала тәңірші екенбіз, ис-
лам этикасын жапсырып алып жүріппіз»;
Т.Р.: «Қазақтың Тәңірлік ілім иесі екенін, 
сан ғасыр тұрмыстық жоралғы болып өмірлік, 
наным практикасына айналған Тұрмыс салтта-
ры, тілі, мақал-мәтел, қасиеті, Отаншылдығы, 
«Арқасы», ақын-жыраулығы, Оюшы шеберлік 
қабілеті, аңшылық қасиеті, төрт түлікті бап-
тауы қазақтардың ежелден табиғатпен бірігіп 
кетуінен келген дарыны, қасиеті... Қазақтар 
Құдайлық практиканттар, теорияшыл емес... 
Қазақтар баяғыда Құдайға сенімді өмірлік 
тұрмыстық ритуалға айналдырып жіберген. 
Жаратылыс табиғаттың бір бөлшегі екендігіне 
көзім жетті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет