А. Рыскиева 1, Ә. Құранбек



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата02.04.2023
өлшемі337,43 Kb.
#78481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3. Тәңіршілдік архетиптері
Ал қоғамдық санамен қатар қоғамдық бей-
са надағы (ұжымдық бейсаналықта) климатта 
не болып жатқандығын да назардан тыс қал-
дыр мау керек. Тәңіршілдік архетиптерінің соң-
ғы кездері неліктен оянғандығы туралы дәйек-
теу өте қиындау. Дегенмен, біздің жора мал 
бойынша, біріншіден, жасанды емес, сана да ғы 
қазақи рухтың жан шынайылығының көрі нісі 
болуы ықтимал, екіншіден, исламдық керітарпа 
ағымдар, радикал топтардың белең алып, ұлттық 
қауіпсіздікке кесел келтіруінің де әсе ріне 
қарсы реакция ретінде құрылымданған, «ис-
ламофобияның» басқаша форматқа, белгілі бір 
тарихи негізі бар сенімге ауысқан бір көрінісі 
болуы да мүмкін.
Тәңіршілдік архетипінің бастаулары ғылыми 
теориялық санада да көп зерттеле бермейтін
кейде, басқа дінді ұстанатындар тарапынан 
«қаш қақтап кететін» тақырыптардың бірі. 
Шын дығында, ол тәуелсіздік алған жылдардан 
бастау алғандығын көп ешкім сезіне бермейді. 
Туымыздың Көк түсті болуы және онда Күн мен 
қыранның бейнеленуі, Елтаңбаңдағы мүйіз ді 
жылқы К.Г. Юнгтың психоанализ әдісін қол-
дансақ, ұжымдық бейсанада жағымды болып 
қабылданды (Юнг, 2019). Осы жағымдылық пен 
көпшіліктің оны құп көруі де ұжымдық бейса-
налы түрде жүріп отырды (Оразқұлова, 2010:
44-48), архетиптік болғаннан кейін, оны ғылыми
ойлайтын тұлға болмаса, көпшілік өздері бұл
Көк түсті қабылдап отырғандығын сезіне
бермеді.
Бұрынғы КСРО кезіндегі Қазақстан тарихын 
1917 жылдан ғана бастауды ниет еткен заман, 
одан кейінгі Қазақ хандығы құрылған кезеңнен 
бастау керектігі туралы пікірлер кейбір шынайы 
ақиқатқа ұмтылған ғалымдарды қанағаттандыра 
алмады, сондықтан, тым арғы тарихқа, түркілік, 
тіпті арғытүркілік тарихқа үңілгенде, этно-
графия мен ата-бабаларамыздың сенімдерінде 
үнемі Тәңіршілдікке кезігіп қана қойған жоқ, 
олардың руханиятында басты орын алғандығына 
да көз жеткізді. Бұл – Ғұн дәуірінен бастап, Ал-
тайдағы Көне түркі жазба ескерткіштерінде де, 
Оңтүстік аймақта өмір сүрген Махмұт Қаш-
қари еңбектерінде де кездесе берді (Аманжо-
лов, 2004), тіпті, оның жазба түрде орын алуы 
ойландыра бастады, оның үстіне көне Қытай
Еуропалық деректерде де кездесетін тәңіршіл-
дік ұғым, ХІХ ғасырдағы ғалым Шоқан Уәли-
ха новтың зерттеулерімен жалғасып келіп жатты 
(Уәлиханов, 2004: 180-190).
Бұл – тәңіршілдікті қаласа да, қаламаса да 
бүгінгі ғалымдарымызға оны елеусіз қалдырауға 
болмайтындығына көз жеткізді.
Тәңіршілдік архетиптер шығармашылықты, 
ой еркіндігіндегі адамдар болған соң, өнер 
иелерінің туындыларында көрініс тауып отыр-
ды. Шындығында, «Келін», «Бақсы», «Шал» 
секілді әлемге әйгіленген фильмдер тәңіршілдік 
архетиптері негізінде композицияланды. Ал бей-
нелеу өнерінде суретшілер, қолөнершілер көне 
діни дүниетанымды нысанаға алғанда, исламнан 
гөрі тәңіршілдік элементтерін композициялауға 
құштар болды. Олар да Ұмай Ана, Тәңрі, 
Бақсыны кейіптеуге баса назар аударып отырды.
Ал исламды қуаттаушылардың кейбір топта-
ры қазақтардың көне әдет-ғұрыптарын қолдай 
қоймады, өйткені, исламдық та архетиптер, бей-
саналы түрде тәңіршілдікті исламның антиподы 
деп түйсінді. Осыдан, исламдық пен тәңіршілдік 
архетиптер арасында, шындығында, ислам діні 
қазақ даласына таралғаннан бері жалғасып 
келе жатқан «тайталас» қайтадан Сана алаңына 
шықты.


32
Тәңіршілдік сана: еліміздегі әлеуметтік-психологиялық климат
4. Тәңіршілдіктің айқындалып келе жат қан
саяси­әлеуметтік, рухани­этикалық тұжы рым­
дамалары.
Тәңіршілдердің жағымды, пайдалы, ар тық- 
шы лықтары деп санауға болатындай ерек ше-
лік терін «тәңіршіл қоғамдық сананы» зерттеу 
ба ғыты бойынша, тәңіршілдердің өзіндік көз-
қарастары негізінде, пікірлері мен ұстаным да-
рын былайша жинақтап көрсетуімізге болады:
– шамандық көріпкелдік арқылы ұлттық
қауіпсіздікке алаңдаушылық білдіріп, сыртқы 
және ішкі қатерлерді ескертіп, мүмкіндік болған 
жағдайда, тарихи үдерісті жағымды жағына 
қарай өзгертуге ұмтылуы. Шындығында да, 
зерттеуші Қайнар Қалдыбай тұжырымдағандай, 
көне дәуірлерде шамандық ұлттық қауіпсіздіктің 
басты буыны болған (Қалдыбаев, 2015: 48-50);
– салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты (әсіресе,
исламға дейінгі) шын ниетімен жандандырып, 
оған қолдау көрсетіп, қайта түлетіп, күнделікті 
өмір тәжірибесінде ұстанушылар қатарының 
көбеюі және олардың қазіргі ғылыми-тәжіри-
белік негіздемелерін ұсынушылар
– «тәңіршілдік сана» деп атауға болатын,
оны «Жаңа Қазақстанмен» байланыстыратын, 
тәңіршіл адамның мүлтіксіз мінез-құлық кел-
бетін дайындауға деген бетбұрыстардың болуы;
– мінез-құлықтың негізгі бағдарлары:
кө не түркілік жауынгерлік рухты иеленген, 
шынайы елінсүйгіш жан (қазіргі жалған пат-
рио тизм емес) мен намысты тұлға дайындау, адал - 
дық пен шыншылдықты, адамгершілікті, әді-
леттілікті сақтауды аруақтардың «өсиеттерін 
орын даушылар» ретінде сезініп (жемқорлықтан, 
жал ған екі жүзділіктен (мұнафық) ада байырғы 
Қа зақ ділінің тап шынайы төлтума келбетін ға-
на қабылдаушылар (басқа жалған сенімдер ара-
ласқан уағыздарды мойындамайтындар).
– барлық діни радикал ағымдар мен басқа
шет елдік жағымсыз идеологиялар мен манипу-
ляциялардан қорғаныш тетіктерін құрып алған 
сананың нық орнығуы.
Кейбір көзқарастар «христиандық этика», 
«мұсылмандық этика» сияқты тәңіршілдік ілі-
мі нің этикасы да ресми түрде тиянақталуға ұм-
ты лып келеді. «Тәңіршіл азамат тұлғасы және 
оның психологиялық-моральдік мінез-бей не-
лерінің канондары» деген сияқты бағдарда құ-
ры лымданатын сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет