А. Рыскиева 1, Ә. Құранбек



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата02.04.2023
өлшемі337,43 Kb.
#78481
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
9. Тәңіршілдіктегі эмоционализм мен те­
рең берілгендік деңгейлер:
1. Сібірлік (тыва, саха, татар, башқұрт),
қырғыздық және қазақтық тәңіршілдер ара-
сында фанаттық белгілер байқалмайды. Тәңір-
шілдіктің тарихи тамырларына үңілушілер де 
онда табынушылық болғанмен, зайырлылық 
сипаты басым болғандығын атап өтеді (Сабит 
және т.б., 2013: 76).
Ал қазіргі еліміздегі «аса өткір» деп бағалауға 
болатын көзқарастағылардың көпшілігі ислам 
дінін дәйекті, дәлелді, нық сенімді жолдармен 
үнемі жоққа шығарушылар, бірақ олар кейде 
бұл салада эмоцияға беріліп кетіп жатады;
2. Исламды жоққа шығарумен арнайы айна-
лыспайды, бірақ пікірталастар мен дикурстарда 
оған деген жағымсыз қатынаста болады, бірақ 
бұл қатынас басқа діндерге деген қатынастың 
деңгейінде, Тәңір ілімі және «Өзге сенімдер» 
жағына сол исламдықты да енгізіп жібереді.
3. Шамандық сенімді басымдықта ұстай-
тындар белгілі бір ритуалдарын өткізіп тұрады, 
аруақтарға бас иіп, Тәңір мен Ұмай Анаға 
табынып, кейде, табиғат аясында ұжым дық 
түрде ритуал өткізеді. Онда даңғара (бу бен), 
қобыз сияқты аспаптар ойналады. Қасиеті бар 
адамдар транс арқылы өткен мен болашақ ты 
«көре алады». Бұл тұста да, Станислав Гроф-
фтың трансперсонал психологиясының ұс та-
нымдары, сананың өзгерген қалпы сияқты құ бы-
лыстар жүзеге асады. Аруақтарға арнап құр мет 
көрсетеді.
4. Тәңіршілдік салттары мен ілімдерін тү-
сіндіру барысында ғылыми сараптамалар жаса-
ғанмен, кей сәттерде субьективті пікірлерін де 
ұсынып отырады. Негізінен олар нарратив бі-
лімд ерді басшылыққа алады. Фоногенетикалық 
немесе философ Сапар Оспанов айтқандай, по-
ли фониялық герменевтиканы (Оспанов, 2009: 
44-98) басшылыққа алып, семантикалық талда-
улар жүргізеді, бірақ оны ғылыми қауымдастық
мойындай қоймайды.
10. Тәңіршілдік фобиясы.
Қоғамдық санада қазіргі таңда билік, ислам
дін иелері, өзге де зиялы қауым, өзге ұлт өкілдері 
және басқа да әлеуметтік топтар мен институт-
тар тарапынан тәңіршілдікке деген жағымсыз 
көзқарастардың орнауын, болдыртпауын тілеу, 
бейне бір ұлт ішіне іріткі салу деп түсіну іс-
петтес мінез-құлықтардың бәрін жинақтап, «тә-
ңір шілдік фобиясы» деп атауымызға болады. 
Ислам дінін ұстанатындар үшін Тәңіршіл-
дік фобиясының қатерлері, түптеп келгенде, 
мұсылман дініне қатер төну, яғни, психоана ли-
тикалық тұрғыдан келгенде, исламдықтың өзін 
қорғау тетіктерінен туған бейсаналы-сана лы 
феномен. Осындай пікірлердің кейбір бағ дар-
ларын мысалға алуымызға болады: «Ал, біздегі 
кейбір азаматтарымыз тарих қойнауына кет-
кен тәңіршілдікті қайта тірілтпек. Ұмытылып 
бара жатқан салт-дәстүрді жаңғырту мүмкін 
болмағанда, «дінім – ислам, құдайым – Алла, 
пайғамбарым – Мұхаммед, қасиетті кітабым – 
Құран» деген халықтың ұмытылған нанымын 
қайтпек. Әлде, Құдайды да жекешелендіргілері 
келіп жүр ме?..» (Тойшыбайұлы, 2020).
Немесе: «Ағым мүшелерінің әлеуметтік желі 
парақшаларында қоғамда діни алауыздық пен 
араздықты тудыратын үндеулер насихатталған 
бейнежазбалар мен контенттер жариялануда. 
Олардың мазмұнында діни экстремизм бел-
гілері кездеседі. Азаматтарды «мұсылман» бол-


36
Тәңіршілдік сана: еліміздегі әлеуметтік-психологиялық климат
ғандығы үшін «айыптап», «ата-баба жолы нан, 
салт-дәстүрінен алшақтағандар» – деп халық 
арасында іріткі салу, ру-руға бөлу және т.б. 
әрекеттер еліміздің бірлігі мен дін саласындағы 
тұрақтылығына қауіп төндіреді» (Алмұрзаева, 
2021).
Осыған байланысты кейбір тұжырымдар 
«бұдан сақтанушылардың әрекеті, байырғы Ре-
сей отарлаушыларының саясатына да сай келуі 
ықтимал. Яғни, нақтырақ айтқанда, еркін, ба-
тыл, өз ойын ашық айта алатын, намыс ты, көне 
түркілік рухты бойына сіңірген, тектілік пен 
кісілікті жоғары бағалайтын, тек әділеттілікті 
сүйетін, қуатты тұлғаларды дайындайтын «тә-
ңір шілдік сенім институты» ешқашан да ба ғы-
нышылық пен құлдыққа бас игісі келмей тін-
дікпен де байланысты» – дегенге де келіп саяды.
Ал тәңіршілдікке қарсы болатын өзге де зия-
лы қауым өкілдері ислам дінін қабылдаған және 
осы ділмен өмір сүретін, ислам дінін бірден-бір 
жетілген, ең абсолют сенім деген ұғымды ба-
сымдылықта ұстайтын, дейтүркілік-түркілік 
архе типтерден гөрі, исламдық архетиптері басы-
мырақ ұжымдық сана деп ой түйіндей аламыз.
11.Тәңірлік тәжірибелері
1. Тәңіршілдердің белгілі бір бағыты праг-
матизмдегі діни тәжірибе бағыты сияқты (De-
wey, 1998: 159) таза тәжірибеге ден қояды: 
шамандық ритуалдар, тәңіршілдіктің қасиетті 
күндері табиғатқа барып, Тәңірге жалбарына-
ды, Ұмай Анаға бас иеді, өміріне ризашылығын 
білдіріп, аруақтардан жәрдем сұрайды, қобыз, 
даңғара сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен 
өткізіледі.
2. Жаназа шығару салттары орындалады,
ол жерде Құран оқылмайды, орнына қайтыс 
болған адамның жанының тыныштық тауып, 
аруақтар әлеміне еніп, осы дүниеге немересі, 
шөбересі ретінде рухының қайтып, құт бере-
ке алып келуін тілейді. Рухын аруақтар әлемі 
қабылдауын сұрайды. Имам шақырылмайды, 
жа назасын шығарған адам қаралы үйден ешқан-
дай да қаражат талап етпейді және имамдар 
тәрізді әлеуметтік мәртебесі жоғары адам деп 
дәріптеліп, ешқандай да асыра бағалуға ие бол-
майды. 
3. Жеті шелпек пісіру дәстүрінде де Құран
аяттары оқылмайды, қайтыс болған ата-ба-
ба аруақтарына бағышталып, Жаратқан Тәңір
Асыл текті Тәңір ұлдары, Ұлы Қазақ халқының 
өсіп-өркендей беруі үшін тілектер мен баталар 
арналады.
4. Исламдық «Алла жар болсын», «Алла
бұйыртса», «Алла Тағаланың қолдауымен» де-
ген сөздердің орнына «Көк Тәңірі қолдасын», 
«Аруақ қолдасын», «Ата-баба аруағы қолдай 
гөр», «Ұмай ана рухы желеп-жебей гөр», 
«Қыдыр ата жолдасымыз болсын» деп келетін 
сөздер циклді түрде қайталанып айтылып оты-
рылады, мәселен, жолға шыққанда міндетті 
түрде айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет