А. Рыскиева 1, Ә. Құранбек


Ғылыми зерттеу әдіснамасы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата02.04.2023
өлшемі337,43 Kb.
#78481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
497-1-2472-3-10-20230121

Ғылыми зерттеу әдіснамасы
Қойылып отырған мәселеге алдымен, дін фи-
лософиясы мен дін әлеуеметтануы тұрғысынан 
келе отырып, тәңіршілдіктің өзінен гөрі оның 
қоғамдық санадағы көрінісіне айрықша тоқта-
латын феноменологияға жүгінеміз, қаншалықты 
нәтиже мен пайда әкелетіндігіне тоқтала отырып, 
прагматистік қағидаға ойысамыз, тәңіршілдіктің 
сана мен тәңіршілдік сенімнің элементтеріне 
құрылымдық-функционалдық талдаулар жасап, 
стратегиялық психоанализ бойынша оның бү-
гінгі таңдағы қоғамдық санадағы келбетін са-
ра лаймыз. Сондай-ақ, контент-анализ бойынша 
БАҚ-ы мен қазіргі ақпараттық желілердегі қо-
ғамдық пікірді таразылап, әлеуметтік фило со-
фиялық тұжырымдар ұсынамыз.
Негізгі бөлім
Тәңіршілдікке қатысты дискурс алаңындағы 
ахуалдар мен проблемалар алаңындағы негізгі 
мәселелерді былайша жіктеп таразылаймыз.
1. Қоғамдық санадағы талқыланып отырған
көзқарастар жүйесі бойынша;
Теориялық талқылардың қойылып отырған 
мәселелері: тәңіршілдік дін бе, сенім бе, дү ниеге 
көзқарас па; тәңіршілдік қай кезеңде пайда 
болған және қалай тараған; тәңіршілдік сенім нің 
элементтері мен салттарының негізгі ерекше-
ліктері қандай; шамандық тәңіршілдік элементі 
ретінде қалай құрылымданады; тәңіршілдіктің 
өзіндік ерекшеліктері мен мәні неде деген іс-
петтес сұрақтар.
Көпшілік санадағы ой талқылар: тәңіршілдік 
сенімі, бұл не? Тәңіршілдіктен бізге қаншалық 
зиян және қаншалықты пайда болуы мүмкін; 
тәңіршілдік адасу болып табыла ма, әлде ата-
бабамыздың көне архетиптік бастауларына 
сүйену ме деген сауалдармен тығыз астасқан.
2. Тәңіршілдікке деген жағымсыз және жа­
ғымды көзқарастар
Антитәңіршілдердің өзін үш бағытқа ажыра-
туымызға болады: 
– тәңіршілдіктің тарихи негіздеріне бойла-
май, оны таза адасу, халық арасына жік салу 
үшін, исламға соққы беру үшін ойлап табылған 
жасанды ілім, сондықтан, олармен батыл күресу 
қажет, тіпті болмаса оларды жоғалту үшін қатаң 
шаралар қолдану керек деп санайтын – радикал 
көзқарастағылар. 
– тәңіршілдік сенім әлдеқандай бір көне
моңғол тайпаларындағы сенім, оның қазіргі 
қазақи дүниетанымға еш қатысы жоқ, халықты 
адастыруға алып келуі мүмкін, бірақ дін еркіндігі 
мен бостандығына сай ол дінді ұстануға бет 
бұрушыларды ізгілікті, бейбіт, түсіндіру жолда-
рымен кері қайтару қажет деп санайтын – либе-
рал көзқарастағылар.
– «Иә»-ден гөрі «Жоқ» деп санайтын «ми-
нус нейтралитет» бағытындағылар, бұл әркімнің 
өзінің жеке басының ісі, енді адасу болған 
жағдайда да, бір уақыттарда сенімдері өзгерер, 
жалпы бұл үдеріске мән бермеу керек деп санай-
тын – бейтарап қатынастағылар. 
– «Жоқ» тан гөрі «Иә» деп бағалайтындардың
ұстанымы, қазақ даласында тәңіршілдік пен 
ислам діні кірігіп кеткен, біз екі дінді қатар 
ұстанған дуалистік сенімдегі халықпыз деген 
мағынаға жуықтайтын көзқарастағылар. 
Тәңіршілдікке деген жағымды көзқараста-
ғыларды да шартты түрде былайша ажыратуы-
мызға болады: (тұжырымдар қазіргі ақпараттық 
желілердегі чаттардағы көзқарастарға кон-
тент-анализ жасау арқылы жасалды: «Тәңір 
ілі мі» қоғамдық бірлестігі, «Ритуалы Тенгри», 
«Тәңір Елі», «TENGRI HUB», «Tengri yirlari», 


31
А. Рыскиева және т.б.
жасөспірімдер арасындағы тәңіршілдер (шама-
мен 15-22 жас).
Тәңіршілдікті де, исламды да жоққа шығар-
май, аралық буынды сақтауды көздейтіндер, 
нақтырақ айтқанда, «исламды-тәңіршілдер» не-
месе «тәңіршіл исламшылар»:
– Тәңіршілдікке бет бұрып келе жатқандар;
– Тәңіршілдікті мойындап, тәжірибе жү-
зін де оның шарттарын орындап, өздерін тәңір-
шіл мін деп атайтындар; 
Тәңіршілдік тұжырымдамаларын қолда ған-
мен, өздерін тәңіршімін деп есептей бер мей-
тіндер:
– Тәңіршілдік ұстанымдарына, оның
ішін де шамандық дәстүрге, ата-баба аруағына 
сыйы нуға ден қойғандар және оны өмір сүрудің 
негізгі мағынасы деп санайтындар;
– Исламды атүсті мойындап, Тәңіршіл дік-
тің салттарын орындауға бет бұрғанмен, «Тәңір-
шілдік» атауын ескере бермейтіндер;
– Тәңіршілік жолмен жүретіндер, ислам-
ды тек формальді түрде, көпшілік ағымымен 
ғана еске алатындар, ең ерекше феномен: олар 
өздерінің тәңіршіл екенін білмейді;
– Тәңіршіл ме, басқа ма, оларға бәрібір,
бірақ исламға дейінгі көне түркілік, арғытүркілік 
тарихқа деген құштарлық, рухани, материалдық 
мұраларға деген құрметтері басым болатын топ-
тар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет