А. Рыскиева 1, Ә. Құранбек



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата02.04.2023
өлшемі337,43 Kb.
#78481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
497-1-2472-3-10-20230121

5. Тәңіршілдер арасында барлығының жал-
пы түсінігіне ортақ базис болғанмен, оның әр 
түрлі түсіндірушілер кездеседі:
1. Тәңіршілдікті ислам, будда, христи-
ан сияқты дін деп түсініп, оның екі негізгі 
элементін баса көрсететіндер: шамандық пен 
аруаққа табыну. Оны пантеизм, монотеизм, 
еркін ойшылдық, сакрал мән, эзотеризм деген 
атаулар арқылы түсінетіндер.
2. Еліміздегі тәңіршілдікті тарихи мағлұ-
мат тар жеткіліксіз болғандықтан, оның үлгілерін 
қазіргі Сібір аймағындағы бурят, тыва, саха 
сияқты халықтардың фольклоры мен ритуалда-
ры арқылы танып, оның қазақи тәңіршілдікке 
сол қалпында қолдануға ниеттілер. Сондай-ақ, 
олар неошаманизмге де ерекше тоқталады.
3. Тәңіршілдікті терең астарлы қазақи дү-
ниетанымның көрінісі деп ұғынатындар. Бұл 
дүниетаным бүгінгі де қазақ болмысының қа-
нында сақталған, архетиптік түрде болса да, жиі 
көрініс табады, одан қашып құтылу да қиындау 
деп санай келе, ұлттық болмыстың әрбір эле-
ментінен: тіл мен діл, салт-дәстүр мен әдет-
ғұрып, халықтық медицинаға еуропоцентристік, 
үстіртін тұрғыдан емес, қазақи пайымдаулар 
арқылы үңілетіндер.
4. Тәңіршілдікті таза қазақи дүниеге көз-
қа растардың жиынтығы деп оған арнайы атау 
бермей-ақ, қазақ халқы болмысымен, табиға-
тымен тәңіршіл, ал ислам қондырма деп ұғы-
натындар және тәңіршілдік этикасынан ис лам 
этикасы тым төменгі деңгейдегі VІІ ға сыр лар-
дағы арабтардың өздерінің рухани аз ғын дауынан 
сақтап қалу үшін ойлап тапқан схо ластикасы 
мен догмасы деп түсіндіретіндер, қазақ тардағы 
ислам руханиятын кезіндегі үстірт идео логия 
сарқыншақтары деп қабылдайтындар.
Осыдан қазіргі таңдағы Қазақстандағы 
Тәңір шілдікті әр түрлі түсініп, өзіндік бір 
бағдарлар құрып алған бағыттар мен арналар 
қалыптасқан тәрізді деп айта аламыз.
6. Тәңіршілдердің арналары мен бағыт­
тары
Тәңіршілдік сенімді мойындаушылар мен 
оны ұстанатындар арасында да әрқилы түсінетін 
бағыттар жоқ емес. Оларды былайша жіктеп 
көрсетуімізге де болады.
1. Тәңіршілдікті зерделегенде және оның
қағидаттары мен рәсімдерін жасағанда, тео-
риялық білім іздегенде, Сібір халықтарын дағы, 
буряттар, тывалар, сахалар сияқты ұлттардың 
шамандық пен тәңірлік сенімдеріндегі эле-
мент терін көп жағдайда басшылыққа алады. 
Сондықтан да оларды сырттан бақылаған кей бір 
исламшыл көзқарастар «моңғолдар», «қал мақ-


33
А. Рыскиева және т.б.
тар» деп келекелейді, дискриминациялайды не-
месе қате түсінеді.
2. Тәңіршілдік сенімді көне қазақи аңыздар
мен сенімдер арқылы туындатады, исламға 
дейінгі немесе шариғатта қарастырылмаған 
салт-дәс түр мен әдет-ғұрыптардың барлығын 
тәңір лік сенімнің көріністері деп бағамдайды. 
Серікбол Қондыбай, Ғұзыхан Ақпанбек, Ас-
лан Жақсылықов, Қанат Нұрланова сынды ға-
лымдардың негізгі идеялары мен мифологияла-
рын басшылыққа алатындар.
3. Тәңіршілдік пен шамандықты біртұтас-
тықта қарастырады, сондықтан да, аруаққа 
та быну мен оған бас ию, көне бақсылық риту-
алдарды жаңғыртуды негізге алады. Қазіргі таң-
дағы аруақты адамдар, олардың рухтарына бас 
иіп, одан жәрдем күтеді, тылсым ата-баба ру-
хымен байланысқа да түседі: аян беру, түсінде 
көру, аруақтардың мазалауы. Бірақ бұларды 
еуропоцентиристік көзқарастар тұрғысынан 
гипноз, шарлатандық, психологиялық ауытқу 
деп бағалауға да келмейді. Олар «осы-міне-
болмыс» пен «өзге-осы-болмыс» аймақтарына 
еркін ауыса алады.
4. Тәңіршілдікті қолдайды, қуаттайды,
бірақ тек теориялық тұрғыдан ғана, ғылыми 
жолмен дәйектеуге бет бұрып, рационалдықты 
басшылыққа алатындар. Олар жалпы алғанда, 
барлық діндерге толерантты болып келеді. Со-
нымен қатар, тәңіршілдікті діннен гөрі кең 
дүниетаным деп пайымдайды да, ғұмыр кешу 
мен онтологиялық-космологиялық үлгідегі 
терең философия деп ұғындырады.
5. Тәңіршілдікті қазақи дүниетаным, қаза-
қи ғылым, қазақи философия ретінде басқаша 
қырынан түсіндіретіндер. Ондағы әрбір эле-
ментке үңіліп ғылыми-теориялық астарларын 
із деп, өзіндік дәйектемелер ұсынады. Тіпті тас-
тағы жазу суреттерді де сөйлетеді, белгілі бір 
деңгейде дәйектемелері логикалы болып құры-
лады. Олар шамандықтан гөрі, Тәңір ілімі нің 
өзіндік құпиясына, шежіреге, тастағы таңба-
ларға, ру таңбаларына үңіліп, олардан символ-
дық қана емес, реал мән тауып алады. Бірақ оны 
да әзірге басқа ғылыми қауымдастық мойындай 
қойған жоқ.
6. Исламды-тәңіршілдер немесе керісінше
тәңіршіл-исламшылдар деп атауға болатын ба-
ғыт. Бұл бағыттағылар негізінен Тәңіршілдікті 
де, исламды да мойындап, екеуін бір құбылыс 
деп ұғынатындар және екеуінің арасында еш 
қайшылық жоқ деп саналы түрде түйсінетіндер 
немесе ресми түрде рационалды мағынада 
түйсінбесе де, стихиялы түрде тәңіршіл-ислам-
шыл деп атауға болатындай өзіндік бір медиа-
бағытты, метабағдарды ұстанатындар, бірақ 
олар өздерін «исламо-тәңіршілдерміз» деп ата-
майды (мүмкін өздері де білмейді). Мәселен, 
ға лым Жанарбек Берістен бұл құбылысты кері-
сінше түсіндіреді: «Исламның өзін қазақи ислам 
етіп жасаған. Қазақ этикасына исламды сіңіріп 
жіберген. Бұл бүгінде дәстүрлі ислам деп айтып 
жүргеніміз осы қазақи ислам» (Берістен, 2017).
7. Тәңіршілдікке бет бұрған Жастар тобы
(оларды «неофиттер» деген атаумен шатас ты-
руға болмайды). Олар қазақи салт-дәстүрді, 
әдет-ғұрыпты құрмет тұтып, шежірені қадірлеп, 
қа зақтың тілі мен ділін сыйлап, ұлттық кодты 
бейсаналы-саналы түрде болса да терең түй-
сініп, өздерінше бір ресми ұйымдасқан түрде 
корпоративті ынтымақтастық құрып алған топ-
тар. Олар барынша белсенді және тек жастардан 
ғана құралған бірлестікті қалайды. Бірақ оны 
жастардың субмәдениеті немесе контрмәдениет 
деп атауға да болмайды.
8. «Неошаманизм» деп кейбірі атап жүрген
немесе атауға болатын бағыт. Шындығында
осындай бағыт әлемдік машстабта арнайы ұғым 
ретінде мойындалғандықтан, қазіргі қазақтар 
арасында беталыс ретінде көрініс тауып келеді. 
Мақала авторларының бірі философ Берік Аташ 
дәйектегендей, шамандық, ол тұтас мәдениет, 
оны қазіргі мәдениет пен өркениеттің көптеген 
элементтерінен байқауға болады (Аташ, 2022: 
185).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет