А. С. Макаренко Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. В. М. Сухомлинский



бет15/15
Дата14.04.2022
өлшемі2,75 Mb.
#31046
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
«Орамал тастау» (1-нұсқа) ойыны.

12

7

 

9

3

4

5

 

А

8

7

9

6

12

 

8

 

 

 

 

 

А+4

 

 

 

 

Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.

Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер (осы ойынға тиесіле ғана тоқтап алады).

Мазмұны: Ойынға топ толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақ сүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, көрмей аттап кетеді.

«Ақ сүйек» ойыны (Белгісіз санды табу).

Оқыту барысында қарапайым математикалық ұғымдарды, геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш т.б) ұғындыру қажет. Сондай- ақ ол ұғымдарды балалардыңадамгершілік қасиетін дамытумен бірге ежелгі салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, ұлттық мұрамыздыұрпақтан- ұрпаққа жеткізу мақсатында келтіріп беруге болады. Керегенің суретін көрсетіп, ондағы төртбұрыштарды санауға болады. Мұндағы сансыз төртбұрыштар «кереге» деп аталады. Керегенің әрбір көзі төртбұрыш тәрізді. Неліктен осылай аталады деген сұрақ тууы мүмкін. Төртбұрыштары көп болғандықтан солай аталатын шығар? Ал, онда бұрыш дегеніміз не? Керегенің бір көзіне дұрыстап қарайықшы. Төртбұрыштың төрт қабырғасы бар. Қарама -қарсы қабырғасы тең. Сөйтіп төртбұрышты есімізге түсіруге болады. Енді осы төртбұрыштың бір қабырғасына көңіл аударайықшы. Кесінді екенін көріп тұрсыңдар. Төртбұрыш неше кесіндіден тұрады? Әрине төрт кесіндіден. Кесінді - екі жағынан да нүктелермен шектелген түзудің бөлігі деп кесіндінің анықтамасын қайталауға болады. Енді бұрыш дегеніміз не? Екі кесінді қалай орналасқан? Олар бір нүктеден шығып тұр. Ендеше бұрыш дегеніміз-бір нүктеден шыққан екі түзу. Демек, төртбұрышта неше бұрыш бар екен? Әрине төрт бұрышы бар.

Үшбұрыш та  мұнда бар, Төртбұрыш та мұнда бар. Кесінді мен нүктелер Керегеде ол да бар. Ойлы көзбен қарасаң, Түзу, қисық сызықтар. Кездеседі таба алсаң, Доғал, сүйір бұрыштар. Кесінділер бір нүктеде кездесіп, Екеу ара бұрыш жасап алыпты. Бір көзінде керегенің жүздесіп, Қараңдаршы төртбұрыш боп қалыпты.

Осылай геометриялық фигураларды қайталауға болады.

Сурет 2- үшбұрыш пен төртбұрыш Бір күні үшбұрыш пен төртбұрыш ерегісіп қалыпты.  «Сенде не бары үш ақ бұрыш бар, ал менде ол -төртеу»- деп мақтаныпты төртбұрыш. Бұл екеуінің айтысып жатқандарын өтіп бара жатқан бесбұрыш пен алтыбұрыш естіп қалады. - Бауырларым-ау неге сонша таласасыңдар, үшбұрыш сен де, төртбұрыш сен де, мына біз де көпбұрышпыз! Айырмашылығымыз тек бұрыштарымыздың саны әртүрлі. Шеңбер мен дөңгелекке қарағанда бұрыштарымыз баршылық. көпбұрыштың тағы бір артықшылығы қабырғаларымыз да жеткілікті: бесбұрышта –бес, алтыбұрышта – алты,..., онбұрышта –он қабырға бар. Сондықтан біз дауласпауымыз керек, -депті бесбұрыш пен алтыбұрыш. Ағаларының ақылын тыңдаған үшбұрыш пен төртбұрыштатуласып, қайта дос болыпты. Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында осындай әртүрлі ойындарды қолданып тұрған дұрыс.



Сабақта осындай дидактикалық ойындарды қазақтың ұлттық ойындармен байланыстыра жүргізу келешек жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Себебі ұлттық ойындар арқылы  жас ұрпақ өзінің кім екеніне, ата-анасының өсу тарихына көз жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет