Дидактикалық мақсаты: Теңдеуді шешуге, әріпті өрнектрдің мәнін табуға арналған (ең қарапайым жеңіл түрі алынады).
Керекті құрал:Топтағы оқушылар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе отырады (арасы 5-6 метр, 10м болуы керек). Жүргізуші қолындағы орамалды 1-ші топтың шеткі ойыншысына береді. Ол ойыншы қарсыласына теңдеу немесе әріпті өрнек жасырады (жұмбақ жасыру ойыны сияқты): (х+8=12) Белгісіз қандай санға 8-ді қосқанда 12 саны шығады? Қарсы топтағы бала орамалды қосып алып, жауабын айтады. Егер жауабы дұрыс болмаса, өнер көрсетіп орнына отырады немесе ойыннан шығып кетеді де, бақылаушы болып отырады. Егер дұрыс жауап берсе, ойын әрі қарай жалғасады. х-4=7 қай санды 4-ке азайтқанда 7 саны қалады? (жауап береді), жауапты тек қана орамалды ұстаған, аты аталған бала ғана айтады. Күрделендіріп мұғалім өз қалауынша келесі сабақтарда қолдана беруіне болады.