А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі


А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі27,61 Kb.
#11841
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
маккаренко

А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері.

 

   А.С.Макаренко тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.

   Макаренко "Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында” былай деп жазды: "Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да ескерту мен бұйрықты күтпестен өзінің борышын орындауға дайын болуын талап етеміз, ол ынталықты және шығармашылық ерікті меңгеру тиіс”. Әрбір ұжымның мүшесі ұжым алдындағы ұжымнан бастап, социалистік Отанымен аяқтап, сезіне білуге міндетті. Әрбір ұжымның мүшесі намыс сезімін меңгере білуі қажет, әруақытта да өз ұжымымен, өз Отанымен мақтана білуі керек.

   А.С.Макаренко Горький атындағы колония, Дзержинский атындағы коммуна ұжымдарында намыс, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруды әрбір ұжымның мүшесі жақсы түсіне білді. Коммунарлар өз ұжымының намысы үшін, ары үшін аянбай еңбек етті. Олар әруақытта да өз ұжымын мақтан етіп отырды.

   Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек ғана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу, белсенділік, жауапкершілік тәртібі.

   Макаренко тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез-құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырды. Тәртіп ұымшыл ұжымда дамиды және бекиді. Макаренко былай деді. "Тәртіп – бұл ұжымның бет-әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі”.

   А.С.Макаренко баланың жандүниесінің, әрбір жекеленген адамның психологиясын білу бұл әдіс әрбір нақты жағдайда ыңғайлы пайдалануға көмектеседі.

   Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко "тәртіп” және "режим” ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды. Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы болды. Педагогтар жиі айтатын: "Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның табиғаты аңғарылады деді”. Макаренко оған қарсы болды, балалар өзін-өзі ұстай білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға тиіс.

   Макаренко "еркін тәрбие” теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды жазалау мәселесінде айтқан "жазалау құлды тәрбиелейді” деген қағидасын қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады. Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық, жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін мойындауы қажет.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет