Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет105/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҚАСИЕТ ҚАЙТСЕ ОЯНАДЫ?
Бойдағы қасиеттың оянуы дегеніміз – Рухтың оянуы. Рух 
оянбай қасиет оянса, ол қасиет емес – қасірет. Бейнелеп 
айтқанда есі кірмеген балаға от қару беріп қойғанмен бірдей.
Бала қолындағы қарумен өзін атып ала ма, әлде біреуді ата 
ма, оны ешкім болжап болмайды.
Адам баласының ақымақтығынан әбден аузы күйген 
Құдыретті Күштер сол себепті сіздің бойыңыздағы қасиеттерді 
оятуға асықпайды.
Әуелі ізгі адам екеніңізді өз-өзіңізге дәлелдеңіз. Ізгі адам 
сияқты түр көрсетіп жұртты алдау оңай. Ал, соны өз-өзіңізге 
дәлелдей аласыз ба?
Құдыретті көктен іздеп керегі жоқ. Құдай сіздің 
болмысыңызда тұр. Өз ісіңізге Сіз өзіңіз Төрешісіз.
Тән пайдасы үшін Ішіңіздегі Құдайды ренжіткен кезіңіз 
болған жоқ па? Ішіңіздегі Құдайдың бетін тұмшалап тастап, 
боққа басыңызбен сүңгіген кезіңіз болған жоқ па?
Қазір ойлануға уақытыңыз бар. Қайтқан кезде осының 
бәрін көресіз. Ұмытып кеткен, ұмытуға тырысқан теріс 
қылықтарыңыз, теріс істеріңіз...
Адал адамның рөлін сомдаймын деп сахнаға шығып
сұрқияның рөлін сомдап қайтып келіп тұрғаныңызға жаныңыз 
күйеді.
Жерде жүргенде: «тамаша біліммен, табақтай дипломмен, 
осындай ажар-көрікпен, байлықтың үстінде отырып, тұрмыс 
тауқыметін тартып қор болдым» деп күйінетін адами-санаңыз 
Рух көзімен қарағанда кішкене баланың ойыншыққа жылағаны 
сияқты боп қалады.
Сөйте тұра сіз Жерде жүріп Құдайға наз айтасыз. Рухыңызды 
оятқыңыз келеді. Оянған Рухтың қалай өмір сүруі тиістігін 
ойланбайсыз.
«Титаник» фильмінде бір эпизод бар. Суға батып бара 


333
жатқан кеменің жолаушыларын қайыққа отырғызу үшін 
палубаға шығара бастағанда бір бай кемпір: «шәй қойып 
кетіңдерші. Осының бәрі біткесін келіп шай ішемін» дейді.
Біздің басымызда да қазір жағдай осыған ұқсас. Адамзат 
ақымақ ақылының кесірінен суға кеткелі тұр. Бәрін құтқаруға 
қайық тапшы. Таңдаулыларды құтқарғысы келіп дайындап 
жатса, сіз: «бәрінен құтылғасын қайтып келіп шәй ішкіңіз» 
келеді!
Демек сіз Алтыншы Сатыда өмір сүруге, Жерұйыққа баруға 
әлі дайын емессіз!
Сіз үшін Рухтың Эволюциясы емес, осы дененің комфортын 
сақтау маңызды боп тұр!
«Өзім есек бола тұра түйені жетектедім» деген мақал тура 
сізге айтылған.
Түйе – сіздің қазақы болмысыңыз. Құдай оған Алтыншы 
Сатының жүгін артып қойды.
Есек – сіздің қазіргі санаңыз. Дауысыңыз жер жарып 
ақырсаңыз да, нардың жүгін сізге артпайды.
Есек-санадан бас тартып, нар-болмысымызға оралатын 
уақыт жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет