Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ІШКІ ДЕНЕҢІЗДІ СЕЗІНІП ӨМІР СҮРІҢІЗ



Pdf көрінісі
бет101/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ІШКІ ДЕНЕҢІЗДІ СЕЗІНІП ӨМІР СҮРІҢІЗ
Біздің жанымыздың Отаны – Рух Әлемі екенін білдік. 
Рухымыз мына үш дүниеге асыл қасиеттерін шыңдау үшін 
саяхат жасайтынын білдік.
Бейнелеп айтқанда біз өмір сүріп жүрген Физикалық Дүние 
мұхит болса, біздің мына денеміз – мұхит түбіне сүңгуге 
арналған скафандр.
Адамның жеті қасиет көзі оның ішкі астрал денесінде 
орналасқан.
Сол себепті бойдағы қасиетті ояту үшін сыртқы денеңмен 
емес, ішкі денеңді көбірек сезініп өмір сүрген маңызды.
Бұны қалай түсіну керек?
Ойлап қараңызшы: дүниеге келмес бұрын біздің Рухымыз 
әуелі Ментал денеге ие болды. Сосын Астрал денесін иеленді. 
Ең соңында қазіргі Физикалық денеге ие болдыңыз. Ендеше 
біз неге әуелгі денелерімізді бірінші сезінбейміз?
Рухани ізденіс


316
Ақ Сарбаз Әлемі
Біздің мына Физикалық денеге тұтқын болғанымыз 
соншалық, одан басқа Астрал, Ментал денелеріміз барын
өзіміздің Ажалсыз Рух екенімізді ұмытып қалғанбыз.
Өзіңіздің Астрал денеңізді көбірек сезінген сайын сізге 
Астрал Әлемінің есігі ашыла береді. Сіз Ғалам Кітапханасына 
ешқандай регрессордың көмегінсіз-ақ барып келе аласыз.
Ішкі денеңізді көбірек сезініп, ішкі Әлемге көбірек үңіліп өмір 
сүрудің арқасында сіз мына физикалық денеңіздің қартаюын 
көп уайымдамайтын боласыз.
Сәнқой бикештердің: «менің қымбат кремдерім, кірпіктерім, 
тырнақтарым, опа-далап, макияжым» деп тәнді күйттеген 
ойлары да адыра қалуы мүмкін.
Сіз өзіңіздің табиғи сұлулығыңызбен қауышасыз. Ол – 
Рухыңыздың Нұры.
ЭГРЕГОР
«Тәңір Жауынгері» кітабындағы «Тәуелсіздік» әңгімесінде:
«Дін, секталардың барлығы өз қатарын белсенді 
толықтырып отырады, себебі жамағат мінажаты ғибадатхана 
үстінде ерекше ой өрісі – Эгрегорды құрайды.
Мысалы, миллиондаған мұсылманның бір мезгілдегі сиынуы 
Мекке мен Медина үстінде қуатты Эгрегорды тудырады. 
Бұл менталдық өріс уақыт өте келе Физикалық дүниеге 
таңбаланып, Арабия түбегін мекендеушілер үшін материалды 
байлықты қалыптастырды.
Біздің де қазақтарымыз, бетін Меккеге бұрып алып, намазға 
жығылғанда, мінажаттары арқылы өз елін емес – саудиттерді 
байытып жатыр» деп жазылған.
Эгрегор – әрбір ұлт үстінде Ментал дүниесінде қалыптасатын 
психикалық энергиясы. Бұл – ұлтты құраушы халықтың 
ерекше бір қасиетін, артықшылығын көрсететін биоөріс. Ол 
биоөріс ұлт халқы мен оны қолдаушы топтың ой-ниеті арқылы 
күшеюі немесе әлсіреуі мүмкін.
Дінді пайдаланып өз мемлекетінің эгрегорын күшейтіп, сол 
арқылы байып отырған халықтар бар.


317
Кезінде ватикан миссионерлері мен арабтан шыққан 
қожалар әлемді шарлап неге дін таратты? Мақсат – дін 
арқылы өз елінің эгрегорын күшейту болатын.
Олар дегендеріне жетті. Қазір олардың елі әлемдегі ең бай 
мемлекеттердің қатарында.
Қазақ халқы бұрын ешкімнен жеңілмеген Тәңіршіл, 
көшпенді халықтың ұрпағы екенін білеміз. Біз сол заманда өз 
эгрегорымызды қалай күшейттік?
Жыраулар жырлаған батырлар жыры арқылы күшейттік.
Алпамыс пен Қобыланды, Ер Тарғын мен Қамбар батыр 
жырын естіп өскен бала өзінің қазақ боп туғанына қуанатын. 
Ел қорғаны – осындай батыр боп өссем деген арманмен 
ержететін. Ғашықтық дастандарды тыңдап, батырлар 
жырындағы ердің адал жары қандай болатынын естіп өскен 
қазақ қызы арлы, намысты боп бойжететін. Жыраулар – 
қазақтың ұлттық эгрегорын қалыптастырушы қызыметін 
атқарушы еді.
Қазақтың әлсіреп, ұлттық намыстың аяққа таптала 
бастағаны жыр айтатын жыраулардың жоқтығы кесірінен 
басталды. Біздің эгрегорымыз айтарлықтай әлсіреді.
Қырғыздардың ұйымшылдығы мен мықтылығы – олардың 
ұлттық эгрегорын құрайтын «Манас» жырын айтушылар әлі 
күнге бар болғандығынан. Қырғыз халқы барлық ұлттық 
болмысын бір ғана «Манас» жырына сыйғыза білген. Миллион 
жолды Манасты жаңылмай таңды-таңға ұрып жырлайтын 
Манасшы – өз ұлтының эгрегорын күшейтуші.
«Қырымның қырық батыры» жырын алты ай жырлап 
тауыса алмаған Мұрын жырау өтті адайда. Сол жыраулар 
қалыптастырған эгрегор әлі күнге адайды күшті қылып тұрған 
жоқ па?
Ертеректе батырлар жырын тыңдап отырып, екі батырдың 
шайқасып, біреуі өлетін жеріне келгенде:
– Тоқта, бала, тоқта! – деп жырауды тоқтатып қоятын 
қарттар өтіпті.
– Неге тоқтаттыңыз? – десе
– Адам өліп жатыр ғой, рухына бағыштап дұға оқып 
жіберейін! – деп жырда өлген батырға арнап дұға оқып:
– Ал, енді жалғастыра бер! – дейтін көрінеді.
Пәк көңіл, пайғамбар текті ұлттың қарттары ғана осылай 
Рухани ізденіс


318
Ақ Сарбаз Әлемі
жасай алса керек!
Бүгінде эгрегоры мықты халықтар соның арқасында бір 
мезгілде бейбіт шеруге шығып, халық талабын орындата 
алатын құдыретті күшке ие боп отыр.
Біздің эгрегорымызды әлсірету үшін дұшпан елдер небір 
айла-шарғылар қолдануда. Қазақты жамандау мен менсінбеу, 
ұлттық құндылықтарымыздан бас тартқызуға тырысу 
жұмыстары жымысқы түрде атқарылуда. 
Жетпіс жыл бойы біздің ішімізде орыстың сойылын соғып, 
орыс эгрегорын күшейтушілер белсенді болды.
Енді исламға берілген, арабтың эгрегорын күшейтуге 
қызымет істеп жүргендер тарапынан қазақтың ұлттық 
болмысына жанкешті шабуылдар жасалуда.
«Ұлтқа бөлініп не керек, мұсылман болса болды емес пе?» 
деген сөз кезінде коммунистер көтерген «интернационал 
болу» ұғымымен бірдей нәрсе.
Біз өз ұлтымызды сыйлап, оның артықшылықтарын көкке 
көтеріп насихаттау арқылы өз эгрегорымызды күшейтеміз. 
Күшейген эгрегор қажет кезінде сол ұлттың әр адамына дем 
беріп, денсаулық және құт-береке боп құйылып отырады.
Бай-қуатты болу дегеніміз де осы емес пе?!


319


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет