ТӘН ҒҰМЫРЫ
«Физикалық денедегі өмір адамға секундпен беріледі» дейді
Ұстаз. Секунд бітті, жан қайтты. Алайда тасы өрге домалап
тұрған кез-келген адам ұзағырақ өмір сүруге құштар. Мұның
сыры неде?
Өзінің ажалсыз Рух екенін ұмытып қалғандықтан болар деп
ойлаймын.
Әнебір жылдары тез қартайып кеткен бала туралы
теледидардан көрсетіп жатты. Мен мұның сырын сұрадым.
«Ол бұрынғы ғұмырында ұзақ жасау құпиясын меңгеріп, өз
денесіне берілген мерзімнен анағұрлым ұзақ өмір сүрген» деп
жауап берді Ұстаз, – алайда Ғарыштың Карма Заңы өзгермейді.
Оған өткен өмірінде кеткен артық ғұмырдың секундтары осы
өмірінің балалық шағынан шегерілді. Сол себепті тез қартайып
кетті»
Сіз Рухыңызбен оянып Жоғары Санаға енген кезде, өзіңіздің
топырақ тәніңіздің ғұмыры туралы уайымнан арыласыз.
Өзіңіздің мәңгілік жазмышыңызды көресіз.
Сіздің физикалық денедегі ғұмырыңыз – жолаушының бір
күн аялдап қонып кететін тұрағы сияқты боп қана көрінуі
мүмкін.
Рухани ізденіс
340
Ақ Сарбаз Әлемі
ҚАЗАҚТЫҢ ОЯНУЫ
Рух Төртінші Сатыда Құдайдан әбден алыстап, қатты
энергияны меңгеруге кіріседі. Осы кезде ол материялды
дүниеге бойлап, өзін Тән деп сезінеді де Құдайды ұмытып
қалады.
Өз ішіндегі шын Құдайды ұмытқан адамдар Құдайға арнап
мүсіндер, храмдар салды.
Бесінші Сатыда адам ақылдың күшімен Материялды Дүниені
өзіне бағындыра бастады. Өзін тән ретінде сезініп үйреніп
қалған адам, енді өзін дүниенің қожасы санады. Бәрін тәнін
қанағаттандыру үшін істеуге кірісті.
Автоматтандырылған жүйе, құлтемірлер қызыметі өмірін
барынша жеңілдеткен, тәні комфортта, жаны жалғыздықта
қазіргі заман адамы қалыптасты.
Бұларға келіп: «Сен тәніңнің жағдайын жасап болдың. Енді
Рухыңды оятып, жан-дүниеңді байыт. Мынау ақылдың өнімінен
бас тартып, табиғатқа қайта орал» деп көріңізші.
Олар бұл пікірмен ешқашан келіспейді. Тас дәуірінен
компьютер дәуіріне енді жетіп, «Ғарышқа қол созып жатқанда,
қайтадан тас дәуіріне оралам ба?» деп шошып кетуі мүмкін.
Өйткені өздерін бұл дүниенің қожасы сезініп, тәні үшін
барлық жағдайды жасап алды ғой.
Олар заңғар ақылдарымен Бесінші Сатының күні біткенін
есептеп біліп, өз өркениетін өзге планетада жалғастыруға
жанталасуда. Қайда барса да сол жерді игеріп, меңгеріп
колонияға айналдыруға тырысады.
Оларға Рухтың оянғаны керек емес. Осы тәнін, өз комфортын
қалай еткенде де аман сақтап қалса болды.
Ғарыштағы Түнек Күштерінің қайдан шығатынын енді
шамалап отырған боларсыз.
Тән ақылы адамдық эгомен қосылғанда тек осы денесін
341
ғана Құдай жасауға тырысады. Оған ұжымдық сананың, ортақ
игіліктің керегі жоқ. Олар өз ықпалын сақтап, күшейту үшін
мафиялық топтар құрып, Ғарыштың Карма Заңының тепе-
теңдігіне қарсы әрекеттер жасауға кіріседі.
Жер бетіндегі халықтар ғылым-білімнің күшімен, табиғатты
бағындырып, жердің байлығын саудаға салып, Ғарышты
игеруге қол созып жатқанда Құдай қазақты неге ұйықтатып
қойды? деп ойланып көрдіңіз бе?
Зиялыларымыз жүз жыл бұрын қазаққа: «Оян!» деп жар
салды, оята алмады.
Қазір де қаншама ақылды адамдарымыз: «Оян қазақ! Өз
жеріміздің байлығын өзіміз игерейік! Өзгелермен терезесі тең
ел болайық!» деп ұрандап жүр.
Біз ояндық па? Жоқ.
Өйткені қазақтың меңгеретін дүниесі мен жинайтын
байлығы басқа еді. Сол себепті ақыл ғасырының адамдарына
еріп кетіп адаспасын деп Құдай бізді ұйықтатып қойды.
«Әр кемелге бір зауал» деген бар. Ақыл ғасырының күні
бітіп, сағаты таусылғанда қазақ оянады.
Қазақ алдыңғы сатының жолын қайталап, табиғатты
бағындыру үшін емес, ТАБИҒАТ АНАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫНА
ПЕРЗЕНТІ РЕТІНДЕ ҚАЙТА ОРАЛУ ҮШІН ОЯНАДЫ.
Рухани ізденіс
342
Ақ Сарбаз Әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |