САНДУҒАШТЫҢ ҮЙІ
Ғарыштағы ең әдемі Ғаламшарды жасаған Люцифер, өз
Планетасын әдемі жаратылыспен барынша безендірген ғой.
Қарасаң көз тоймайтын гүлдер, қауырсыны құбылған құстар,
алтын қанат балықтар...
Хас шебер Ғарыш Құрылысшысы ғана осындай шедеврлерді
жасай алса керек!
Жердегі адам мен ұшқыш табақшадан түскен гуманойдты
салыстырып қараңызшы. Қайсысы әдемі?
Әрине адам денесінің кемелдігіне тең келер Ғарышта дене
жоқ!
«Жердің Физикалық Дүниесі Астрал Дүниесіне өте ұқсас
қылып жасалған» дейді Ақ Сарбаз. Осы әдемі, кемел денеге
кірген Жан, өзінің Жан екенін ұмытып, дененің қамымен жүрем
деп өмірін босқа өткізіп алады екен-ау – деп ойладым.
– Адам денесін кім жаратты? – деген сұрағыма:
– Ғарыштың дамуы дұрыс болмай, кейбір жерде кідіріс
байқалған соң Тәңірі, Ғарышты Дамытушы болашақ Ғарыш
Құрылысшыларын жарату туралы шешім қабылдады. Ол
Жерде жаралуы тиіс болды. Бойында жеті қасиет көзі бар
Адам денесін Құдай, балшықтан жаратты – деді Ұстаз.
– Бұл сонда алғашқы адам ба?
– Жоқ. Жердің өз Құрылысшысы жаратқан адамзаты
бұрыннан болған. Тәңірі жаратқан Адам Ата ұрпағы Жердің
көне тұрғындарымен де қосылып көбейген.
Меніңше Құдайдың Адамды Жерде жаратуы – Ғаламшарын
неше түрлі паразит өсімдік, жәндік, хайуан, жын-жыпырмен
толтырып, Ғарышқа қарсы шыға бастаған Люциферді өз
апанында талқандау үшін.
Жеті қасиет көзі бар Адам денесі – Ғарыштағы ең ғаламат
қару еді. Люцифер бұл ғаламат қаруды қанша жерден
иеленем десе де, жүрегі Құдайға берілген Бір Жалғыз, Адам
Рухани ізденіс
324
Ақ Сарбаз Әлемі
Ата ұрпағынан шығып, Люциферді жеңді.
Бұл, Киелі Кітаптарда тумай тұрып: «Ұстаздардың Ұстазы,
Патшалардың Патшасы» деген атақ алған – Ақ Сарбаз болатын.
Қазір Түнек Күштерінің ұшатын табақшалары Жерден
адамдарды ұрлап, оларға түрлі тәжірибелер жасап келеді.
Мақсаттары қасиет көздерін жасанды жолмен ашып, Қара
Сарбазды дайындап шығару.
Тәубесіне түскен Люцифер Ғаламшарын, өзімен теңдес
Ғарыш Құрылысшысы Сандуғашқа өз еркімен табыстады.
Жер Ғаламшарын бұдан былай Сандуғаштың Үйі деп атаса
да болады.
Бұрын маскүнемдер тұрған үйге көшіп келген әйел, ол
жердің қалай ыбырсып жататынын жақсы біледі.
Сандуғашқа тапсырылған Жер Ғаламшарының жай-күйі де
дәл осындай еді.
Алайда күмәніңіз болмасын, Сандуғаш қазақ қызына тән
ұқыптылықпен өз үйін кандала, тарақандардан тазартып, тап-
тұйнақтай етіп ұстай алады.
Қазақтан шыққан қандас қарындасымызға бәріміз ақ пейіл,
адал көңілмен ниеттес болайық!!!
ТАЗАРУ
Кейде өздеріне ғана тиесілі кармалық ортадан сізді қуып
шығуға әрекет жасалады. Бұл дөрекі түрде болып көңіліңізге
тиюі де мүмкін.
Бұған ренжімей, қайта қуаныңыз. Өйткені олар сізді
жағымсыз топтық кармадан сақтап, Құдайдың қалауын
орындап тұр.
Сізді менсінбеген түр көрсетіп, өз тобынан қуып жіберген
адамдарға іштей рахмет айтуды үйрену керек. Оңаша жерде:
«менің не жазығым бар?» деп налудың қажеті жоқ.
Біріншіден, төменгі вибрациядағы адамдар қатарынан қуу
арқылы сізді өз ырғағыңызда қалуға итермелейді. Өйткені
сіздің денеңіздің энергия өткізгіштік ырғағы олардан бөлек.
325
Екіншіден сізге өз энергияңызға сай ортаны іздеуге мүмкіндік
береді. Сіз оңаша қалып көбірек ойлануға мәжбүр боласыз.
Сол кезде ойды төменге емес, жоғарыға бағыттау маңызды.
Өйткені бізге рухани көмек те, шабытты ой да, қасиет те
Жоғарыдан келмек.
«Сіз Құдайға қарсы бір қадам жасасаңыз, Құдай сізге қарсы
он қадам жасайды» деген сөзді ұмытпаңыз.
Бұл айтып тұрғанымның дінге түк қатысы жоқ. Құдайға
бағыттап қадам жасау дегеніміз – өз жүрегіңізді Құдайға ашу.
Бірақ Құдайға ашылмас бұрын әуелі кеудеңізді қоқыс ойлар
мен жаман сезімдерден тазартып алыңыз.
Үйіңізге қонақ келерде сіз бөлмеңіздің ыбырсып жатқанын
қаламайсыз ғой.
Құдай сіздің Рухыңыздың Сана-Үйіне шақырылған сыйлы
қонақ ретінде келеді. Міндетті түрде келеді.
Бірақ сіз оны немен сыйлайсыз?
Өзіңізді ренжіткен адамдар туралы қоқыс ойларыңызбен
бе? Бәрін жек көріп кеткен лас сезімдеріңізбен бе?
Бұлай етсеңіз сыйлы қонағыңызға доңыздың етін асып, кір
аяқтан шай бергендей боласыз ғой!
Есіңізде болсын! Сіздің Рухыңыз – Құдайдың Перзенті.
Ешбір Әке Өз Перзентінің Жерде азап шегіп жүре бергенін
қаламайды. Ақ Сарбаздың біздің ортамызда осынша уақыт
жүргендегі мақсаты да біздің жүрегімізді оятып, рухымызды
көтеру болатын.
Көкірек көзімізді ашу үшін әуелі оны кірден аршып алуға
тырысуымыз керек. Бұл дегеніміз талай ошақ-ғұмырдың отына
қақталған қара қазанның түп-күйесін тазартумен бірдей
жұмыс шығар.
Ой-сезіміңізді тазартып, Құдайды ақ ниет адал пейілмен
күтіп алуға дайын болған кезде сіздің көкірек-көзіңіз ашыла
бастайды.
Рухани ізденіс
326
Ақ Сарбаз Әлемі
ШАБУЫЛ
Түнек тарапынан сіздің сеніміңізге шабуыл жасалды делік.
Әрине Түнек Күштері сізге тікелей шабуылдай алмаса белгілі
бір адамның денесін пайдаланып жақындауы ықтимал. Ол
көбіне өз денесін ырқынан шығарып алған мас кісі болуы да
мүмкін. Маған көшеде аяқ астынан: «Ақ Сарбаз деген өтірік!»
деп тұра жүгірген мас кісілер болды. Оларға кек сақтаудың
керегі жоқ. Әдетте мастықтан айыққан соң ол не істеп-не
қойғанын білмейтін де шығар.
Ақыл сатысының аяғында адамдар әлемжеліні пайдаланып,
бір-бірімен ой-сезім деңгейінде топтаса бастады.
Әлеуметтік желідегі парақшаңызға сіз өз ойыңыз бен
көзқарасыңызды жаза отырып автоматты түрде не дос не жау
тауып аласыз.
Көпшілігі сіздің парақшаңызға құдды дүкенге кіргендей
кіріп, зер салып көре бастайды. Алатын «бірдеңе» тапса ала
кетеді.
Сіздің парақшаңызға кіріп алып, көңіліндегі қоқыс ойларын
құсып кетушілер қай кезде де табылады.
Жер үйде тұратындар біледі. Кейде түн баласы аяқ астынан
осыраққоңыз шыға келетіні бар ғой.
Сіздің парақшаңызға тап болған негатив ойлы адам да тура
осы осыраққоңыз сияқты. Тоңқайып тұра қалып, айналасына
сасық иіс тарата бастайды. Бұндай «жәндікті» аяқпен басып
мыжуға әсте болмайды. Абайлап алып, сыртқа лақтырып,
есікті жауып алу керек. Мұны блоктау дейді.
Ақ пен қараның күресі ешқашан тоқтамақ емес.
327
Достарыңызбен бөлісу: |