85
жоқ. Тұйықтан шыға алмай қалу қазақ шешендеріне тән емес.
Әр сөз, түйін, байлам, өз орайымен айналып келіп отырады.
Бірінен-бірі туып отырады. Мұны эволюциялық айналма
қозғалыс деп түсіну керек. Мысалы:
«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,
Шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» – деп қазақ иерархияны
құрметтеуді, үлкеннің алдына шықпауды насихаттайды. Ал,
енді:
«Әке тұрып ұл сөйлесе, ержеткені болар,
Шеше тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар» – деп ешкімнің
өмір-бақи төменгі сатыда қалып қоймай, үнемі жетіліп, дамып,
биіктеп отыратынын білдіреді. Эволюция дегеніміз міне осы.
Эволюция жолы – Жанның жетілу жолы. Тәжірибе, білім,
асыл қасиеттер жинау – эволюцияның мұраты. Ал, Жан
эволюция жолымен үнемі алға қарай жүре ме? Жанның кідіріп
қалуы, не болмаса кері кетуі мүмкін бе? Әбден мүмкін. Қазақ
мұны да «Кері кеткеннің келіні ұры қылады» деген.
Тіршілікті түгел тану үшін Ғарыштың келесі заңдарын
да білмек керек. Эволюция заңымен қозғалып өмірдің жеті
деңгейіндегі даму сапарына шыққан Жанның іс-қимылының
салдарынан екінші бір Ғарыш заңы келіп шығады. Біздің
тіршілік туралы көптеген сұрақтарымызға екінші заң –
Ғарыштың КАРМА заңы жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: