86
Ақ
Сарбаз Әлемі
РУХТЫҢ 7 САТЫДАН ӨТІП, ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ:
(Ақ Сарбаз кітабын тереңірек түсіну үшін)
1-саты – жер, минералдар, топырақ, тас, су
2-саты – өсімдіктер (мүк, қынадан бастап дәнді дақылдарға
дейін)
3-саты – хайуанаттар (құрт-құмырсқадан бастап үй
хайуанаттарына дейін)
3-сатыда хайуанатпен параллель адам жаралады
(3-сатының адамдары – сиқыр, дуа, магияға әуес болады)
4-саты – адамның физикалық
денесінің кемеліне келуі
(спорт)
5-саты – адамның ақылының кемеліне келуі (ЭВМ,
компьютер)
6-саты – адам бойынан асыл қасиеттердің ашылуы
(мейірбандық, сүйіспеншілік) Көкірек көзінің оянуы
7-саты – адам Тәңірлік табиғатын танып, Құдайға санасымен
қосылып, бірігіп кетуі
Бірінші Саты рухтарының топыраққа еніп, бірігуінен планета
құрылады. Егер топырақ өлі болса ол бірікпейді. Борпылдақ
шаңға айналады. Өлі топырақтың қандай болатынын ауылда
тұратындар жақсы біледі.
Ұқсастық Заңымен қарасақ Бірінші Саты мен Жетінші Саты
формасы жағынан ұқсас. Жетінші Сатыда Рух ментал Әлеміне
қайтып оралатындықтан оның
формасы дөңгелек пішінде
болады. Бірақ кез-келген формаға ене алады. Бірінші Сатыдағы
судың да формасы жұмыр (тамшы). Алайда суды құйсақ кез-
келген формалы ыдысты толтырады (сол формаға енеді).
Бірінші Сатыда Рух денемен біріксе, Жетінші Сатыда санамен
бірігеді.
87
ЭВОЛЮЦИЯ
Ұстаздың алғашқы «Ақ Сарбаз» кітабы ақпаратты қысқа
да нұсқа түрде берген шағын кітап болды.
Оқырмандардың
кеңірек түсіндіруін сұраған өтініші бойынша автор кітабын
толықтырып бес рет қайта жазып шықты.
Соның өзінде кітаптағы Ғарыш Заңдарын санасына сиғыза
алмайтындар көп.
Әуелгіде Ұстаз ашқан Ғарыштың 7
Заңы мен олардың
орналасу ретін қарап отырып, мен былай деп дау айттым:
– Аға, Сіз неге бірінші Иерархия Заңын қоймадыңыз? Қай
уақытта да Құдай бірінші тұрмайтын ба еді? Мысалы Бұхар
жырау:
«Бірінші тілек тілеңіз –
Бір Аллаға жазбасқа!» – дейді. Бисекеш ақын:
«Әуелі Алла өзіңнен
Өзіңнің берген деміңнен» – деп жыр бастайды. Ал
Сізде
Иерархия Заңы үшінші тұр! Сіз неге Эволюция Заңын бірінші
қойдыңыз?
Ұстаз күлімсіреп жауап берді:
– Эволюция дегеннің Өзі – сол Құдай ғой! Құдай өзін-өзі
тануы үшін ең әуелі Үлкен Жарылыс жасап кеңейе бастайды.
Эволюция дегеніміз – Құдайдың өзін-өзі тану жолы! Егер
Эволюция болмаса басқа Заңдар да болмайды!
Кеңеюдің қандай бағытта болатынынан Карма қалыптасады.
Құдайдан шыққан және Құдайға қайтып келе жатқан сансыз
Рухтардың орналасу ретіне қарай Иерархия қалыптасады!
Мен Ұстаздың жауабына әбден
қанағаттанып кітапты әрі
қарай қазақ көзімен зерттеуді жалғастырдым.
Ғарыш Заңдары