Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет24/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109
АҚ САРБАЗ КІМ?
«Ақ Сарбаз» кітабында Ол туралы:
«Әлемдік Зұлымдықты Жеңуші, Ғарыш Құрылысшысы
Жаңа Дүниелерді Ашушы, Иман келтіргендердің Әміршісі, 
Құтқарушының Таңдаулы Шәкірті, Аталық Негіз Иесі» деп 
жазылған.
Енді осы титулдарды талдайық.
ӘЛЕМДІК ЗҰЛЫМДЫҚТЫ ЖЕҢУШІ дегенде Жер бетіндегі 
емес күллі Ғарыштағы Түнек Күштерін жеңгенін айтып отыр. 
Бұл оқиға біздің дәуіріміздің 1978 жылдың 20-ақпанында 
Ғарыш Кеңістігінде Астрал Дүниесінде болды. Ол келешекте 
Жердің физикалық Дүниесінде қайталанады. Ақ Сарбаздың 
ендігі мақсаты – елін ақырзамандағы ақырғы шайқастан 
неғұрлым аз шығынмен алып шығу.
ҒАРЫШ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ деген сөз Ғарыш Мектебінің 
толық курсын бітірген, Жетінші Дәрежелі Жетінші Класты 
Ғарыш Құрылысшысы екенін айғақтайды. Бұл – Ғарыш 
Құрылысшыларының ең жоғарғы дәрежесі. Бұл дәрежеге 
жеткен Жан планетаны, Жұлдыз жүйесін, Галактиканы 
жаратуды және басқаруды меңгереді. Яғни, Өзінің Құдайлық 
Болмысын толық танып, Құдайлық қасиетке ие болады.
ЖАҢА ДҮНИЕЛЕРДІ АШУШЫ дегенде Колумбтың карма 
жолын қайталап, енді шетсіз-шексіз Ғарышқа жол ашып
Ғарыштың бір қиырындағы Жерұйық планетасына Өзі 
таңдаған елін көшіре алатын құдыреті барлығын паш етеді. 
Бұндай мүмкіндік тек Жетінші Дәрежелі Құрылысшысының 
ғана қолынан келмек.
ИМАН КЕЛТІРГЕНДЕРДІҢ ӘМІРШІСІ деген сөз Жер бетіндегі 
Құдайға сенетін барлық сенім жолындағылардың тағдыры 
енді Ақ Сарбаздың қолында екенін білдіреді. Бейнелеп айтар 
болсақ адамзат қазір құз шыңыраудың шетінде тұрған бір топ 


75
жас балаға ұқсайды. Құздан тартылған аспалы арқан көпірден 
үлкеннің көмегінсіз өту мүмкін емес дейік. Ақ Сарбаз Құдай 
жіберген сол Үлкен Жан рөлінде. Кімді бірінші, кімді соңынан 
өткізеді Өзі біледі. Өйткені Ғарыш адамзаттың ендігі тағдырын 
Ақ Сарбаздың қолына тапсырған.
Мысалы буддист храмда отырып, крестьян шіркеуде 
отырып, мұсылман мешітте отырып, қазақ болса даласында 
жүріп, Құдайына сиынып, тілек тіледі делік. Кімдікін қабыл 
қылатынын Ақ Сарбаз шешеді. Өйткені адамзаттың Ментал 
Дүниесіндегі ойы Оған алақандағыдай көрініп тұрмақ.
Қазаққа қас ойларды өртеп жоқ қылып, жағымды ойларды 
қалдырып Ментал Дүниесін құбылтып келе жатқан еңбегінің 
арқасында біздің ұлттық өнерімізді Әлем мойындап отыр.
ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ТАҢДАУЛЫ ШӘКІРТІ деген сөз Ғайса 
пайғамбарға байланысты. Мұсылмандардың аңызында: 
«ақырзаман болғанда Жерден Мәді шығады, Көктен Ғайса 
түседі. Мәді Тажалмен күреседі. Екеуінің күрескен жеріндегі 
дүние қирайды» дейді. Ғайса – пайғамбарлық миссиясынан 
бұрын жерді апаттан сақтау үшін келгендіктен Құтқарушы 
атанған. Ақ Сарбаз – Оның артынан келе жатқан Шәкірті.
АТАЛЫҚ НЕГІЗ ИЕСІ деген сөз қазақ еркегінің киесі мен 
қасиетін бойына жинап туған жан екенін білдіреді. Кие мен 
қасиет әр заманда ұлттың бір ерекше адамының бойына 
дарып, адамнан адамға беріліп отырған.
Әркім есінде сақтасын: Ақ Сарбаз ешкімді үйретпейді. Осы 
уақытқа дейін Құдай жолына түсіп, тәртіпке келмегендерді 
күйретеді. Көне құрылысты қиратады. Жаңа Әлемнің орнауына 
жол ашады.
Құдай атымен қиянат жасап, адамзатты адастырушы 
әзәзіл жандар мен адам энергиясын сорушы паразит тіршілік 
иелерінің шырмауын отап, күрмеуін шешетін заман келді.
Ескендір Зұлқарнайын кезінде шатасқан Гордий түйінін 
қылышпен шауып қалай шешсе, Бүгінгі Ақ Сарбаз адамзаттың 
шатасқан кармасын да солай шеше алады. Оған күмәніңіз 
болмасын!
Ұстаз туралы


76
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет