Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет35/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

КАРМА СОҚҚЫСЫ
Карма соққысы деген болады. Ол аяқ астынан бір қатерге 
душар болу. Мысалы жол апаты, не құлап мертігу т.б.
Карма соққысының алдын алуды қазақ білген. Ол үшін 
жетім-жесірлерге ас беріп, не қайырымдылық көмек көрсеткен. 
(мешітке емес)
Нәтижесінде бұрынғы ғұмырлардан келе жатқан жаман 
карма соққысы әлсіреп тиеді не мүлде жойылады.
Осыған байланысты мақал-мәтелдер:
«Садақа – бәлені жер
Тәубе – күнәні жер»
«Садақаны сауда бер, бір қисайса түзелмес»
«Әр кемелге бір зауал»
«Адал еңбек аздырмас
Арамдық бойды жаздырмас»
ЖАҒЫМДЫ КАРМА
Қайырымды ісің жағымды карма болып, келесі ғұмырыңда 
еселеп оралатынын қазақ білген:
«Бергенің – арттырғаның.
Тыққаның – жоғалтқаның»
«Берген жомарт емес, алған жомарт»
«Қолы ашықтың – жолы ашық»
Ғарыш Заңдары


102
Ақ Сарбаз Әлемі
КАРМА ЖӘНЕ ӘЙЕЛ
Қазақ халқы өзінің қонақжайлығы арқылы карма 
қарыздарынан оңай құтылып отырған. Бұрынғы заманда қазақ 
даласын шарлап жүрген жолаушы түскен үйіне ақы төлеуді 
ойына да алмайтын. Батасын беріп жөнеле беретін. Әлі де 
солай.
Қазақ қоғамында адамның жеке кармасын да, топ, әулет 
кармасын да жеңілдетуге бас себепші әйел адам болатын. Сол 
себепті атам қазақ әйел туралы көп айтқан. Мысалы:
«Алған жарың жақсы болса –
Үйіңе көп кісі келеді.
Алған жарың жаман болса –
Келген кісі кеткісі келеді»
«Жақсы әйел – мейманың мен жиғаныңның тұрағы»
«Ниеті жаманның иманы кетер
Әйелі жаманның мейманы кетер» (Әйтеке би)


103
КӨНЕ ҚАЗАҚ ҚАУЫМЫНДАҒЫ ӘР АДАМНЫҢ
ИЕРАРХИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
1. Ақсақал үшін: Аруақты сыйлау, сыйыну. Әрбір іске ақыл 
айту, бата беру, өзінен кейінгілердің тағдырын сынау, болжау. 
Шежіре білу.
2. Хан үшін: Ақсақалды сыйлау, кеңес сұрау. Халқының, 
малының, жерінің жағдайын ойлау, барлығына қамқор болу. 
3. Би үшін: Ханды сыйлау, бағыну. Елдің жайын ойлау. Елге 
қамқор болу. Дауларды шешу, бітістіру.
4. Ақын үшін: Биді сыйлау, тыңдау. Елдің жайын ойлау, 
елдің рухын көтеру, тілін, әуенін дамыту. 
5. Батыр үшін: Өзінен жоғарыдағыларды сыйлау, тыңдау. 
Еліне, жеріне, малына қорған болу. 
6. Емші үшін: Өзінен жоғарыдағыларды сыйлау. Елін, малын 
аурудан сауықтыру. 
7. Шебер үшін: Өзінен жоғарыдағыларды сыйлау, тыңдау. 
Еліне қызмет ету. Өнерді дамыту.
8. Әке үшін: Өзінен жоғарыдағыларды сыйлау, тыңдау. 
Келген қонақты құрметтеу, қабылдау. Ағайынымен тату болу, 
көмектесу. Әйелін, балаларын асырау, қамқор болу. Баласын 
аяқтандыру, енші беру. Қыз ұзату, енші беру. 
9. Шеше үшін: Өзінен жоғарыдағыларды сыйлау. Күйеуін 
тыңдау. Қонақты күту. Ағайынды, көршілерді, қонаққа шақыру. 
Баланы бағу, тәрбиелеу. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, 
азық-түлік өндіру. 
10. Бала үшін: Жоғарыдағыларды сыйлау, әке-шешені 
тыңдау, құрметтеу. Досқа адал болу. Еңбексүйгіштік. Қайын 
атасының төріне шықпау. 
11. Келін үшін: Өзінен жоғарыдағыларды сыйлау, құрметтеу. 
Атасына, қайнағаға иіліп сәлем ету. Төрге сәлем ету, төрді 
баспау. Қайнаға, қайнапа, қайны, қайынсіңлілерін атымен 
атамау. Төрге жүзін беріп, есіктен артымен шығу, үлкен кісінің, 
ер адамның алдын кесіп өтпеу, шашын көрсетпеу – осының 
бәрі Иерархияны сыйлағандық. Мал сауу, тамақ пісіру, қонақ 
Ғарыш Заңдары


104
Ақ Сарбаз Әлемі
күту, үй тазалығын қадағалау. Елгезектік.
Осы Иерархиялық орындағы әр Жан уақыт өткен 
сайын аталық не әжелік деңгейге қарай көтеріледі. Оның 
үлкейгендегі қадірі өткен кезеңдегі иерархиялық міндеттерін 
таза орындауына байланысты арта түседі.
Қазақ қоғамындағы әйелдің иерархиялық орны оның билік 
жүргізуімен емес сапалық көрсеткішімен айқындалады. 
Әйел – әрбір шаңырақтың ұйытқысы. Бала бағу, қонақ 
күту, ас дайындау, киім тоқу секілді ішкі жұмыстар әйелсіз 
оқсамайды. Әйел ішкі жұмыстарды неғұрлым сапалы атқарса 
Құдай алдындағы оның Иерархиялық орны соғұрлым жоғары 
болмақ. Билік айту, сыртқы жұмыстарға араласу – әйелдің 
Иерархиялық табиғатына сай емес, және жағымсыз карма 
жинауға себепші болады.
Қазақтың бұрынғы иерархиялық құрылымындағы екінші бір 
заң – әмеңгерлік. (Алтыншы Сатыда бұл заң күшін жояды) Күйеуі 
өлген келіншек ақсақалдардың ұйғарымымен, өз қалауымен 
сол рудағы қайнағасына не қайнысына тиетін болған. «Әйел 
ерден кетсе де елден кетпейді» яғни, әулет кармасы бұзылмай 
сақталады. Әйелдің балалары өз руының ішінде, өз мекенінде 
өсіп-жетілуге мүмкіндік алады. Иерархия сатысы өзгермейді. 
Бұл жерде Еріктілік Заңы қатаң сақталған. Оған XIII ғасырда 
өмір сүрген Кетбұға бидің шешесі Әлпештің тарихы дәлел 
бола алады. Орта жүз Найманның келіні Әлпеш күйеуі өліп, 17 
жасында жесір қалған. Жау қолынан Найманның 4 ұлы бірдей 
қаза табады. Арғын мен Қыпшақ балалары ағайыншылық 
жолмен Әлпешке сөз салады. Найман шал ерікті келіннің 
өзіне береді. Әлпеш болса «атамның тұяғын үзбеймін, атын 
жоғалтпаймын» деп өз қолымен Гүлше атты қызды атасына 
алып береді. Сексендегі шалдан Белгібай туады. Белгібай 17-
ге толғанда 37-дегі жеңгесі Әлпешке үйленіп одан Келбұға, 
Кетбұға атты екі ұл көреді. Міне, Найман руының үзілмей 
өркен жаюы әйелдің арқасы екенін көреміз.
Тегінде ежелгі қазақ қауымындағы әйел өз нәпсісінің 
жетегінде кетпеген. Бар мақсатын өз ұрпағының асыл, өнегелі 
болуына жұмсаған. Күйеу таңдағанда әуелі балаға жақсы қан 
берер иерархиялық сапасы жоғары еркекке шығуды мақсат 
еткен. Менің туған жерім Тайпақ өңірінде ертеде бір балуан 
қыз болыпты деп әңгімелейді қариялар. Сол қыз әкесіне «өзім 


105
таңдаған жігітке шығамын» деп күйеуге шықпай жүрсе керек. 
Шалғайлау жатқан қырдағы ауылда бір балуан жігіт болыпты. 
Қыз сол жігітке ниет білдіріп сәлем айтады. Қыздың күші 
туралы сыртынан естіп жүрген жігіт жүрегі дауалап қызды іздеп 
бармайды. Күндердің күнінде сол жігіт жолаушылап далада 
келе жатырса, доғарулы тұрған ат-арбаны көріпті. Бір шүйкедей 
шал алпамсадай әйелді арбаны айнала қуып қамшымен сабап 
жүреді. Арбаға белінен байлап жерге отырғызып қойған бір 
жасар бала жаңағыларға қарап талпынған кезде баланың 
күшінен арба аударыла жаздап селк-селк етеді дейді. Палуан 
жігіт таң қалып тұрғанда бір кездегі палуан қызды таниды.
– Ей, жігітім! – депті әйел, – есіңде ме, мен саған қосылғым 
келіп сәлем айтып ем ғой. Сенің келіп мені алуға жүрегің 
дауаламады. Ал, мына шал – тағдыр қосқан күйеуім, мені 
арбаны айналдыра қуып сабап жүр. Мен одан қорыққандықтан 
қашып жүрген жоқпын, еркектігін сыйлағандықтан қашып 
жүрмін. Шалдан туған баланың күшін көрдің бе, арбаны аудара 
жаздап тұрған? Ал, сол бала сен екеумізден туса қандай болар 
еді?! – деген екен әйел.
«Алып – анадан» дейтін халық әйелді, қыз баланы қазақ 
қоғамының сапалық көрсеткіші санап, аса жоғары бағалаған. 
«Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады» деген.
Әйелді қорлауға, жәбірлеуге ақсақалдар мен билер 
ешқашан жол бермеген. Осы орайда Тарақты Ақселеудің «Күй 
шежіре» кітабынан үзінді келтіре кетейік. 
«Тордағы бұлбұл әсте сайрамас болар. «Әйел теңсіздігі» 
деген ұғымның қазақ даласына зорлап танылған жала екені 
соңғы бірер ғасырдың аясында ғана. 
Болмаса, әйел атымен рудың атын атайтын елде, әйел атын 
ұранға айналдырған елде, мәдениеттің ең құдырет айғағы тіл 
болса, оны «Ана тілі» деп атайтын елде мұсылман шартынан 
гөрі өмір салтын жоғары қойып, әйелдері бетіне пәрәнжі 
салмайтын елде, сонау орта ғасырдың өзінде-ақ тұтас бір 
қаласының атын Баршынкент деп әйел атымен атаған елде, 
хандары ханымсыз шет жұрттың елшісін қабылдамайтын 
рәсімі болған елде, әйелді еркекпен бірге үзеңгі қағысып 
жауға бірге аттанатын елде, байтақ даладағы небір әндей 
әсем жер атаулары әйел атымен аталатын елде, ең кереметі 
ән, күй, өлең, жыр сияқты арқалы өнерімен дүйім жұртты таң 
Ғарыш Заңдары


106
Ақ Сарбаз Әлемі
қалдыратын ару қыздары еркектерімен табан тіресіп айтысқа 
түсетін дәстүрі орныққан елде, егер ақиқатқа тоқтар болсақ, 
әйел теңсіздігі болды деп ойлаудың өзі сыпайылап айтқанда 
көрсоқырлық болады»
Біз әйелдің Иерархиялық орнын неге баланың алдына 
қойдық? Себебі, балаға анадан жақын ешкім жоқ. «Әке – 
жездедей, шеше – кемедей» деп тегін айтпаған. Әйел ғана 
өзінің сапалық қасиетін бала бойына жақсы дарыта алады. 
Ер баланың болашақтағы иерархиялық биіктерге көтерілуі, 
үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу секілді мінез-құлқы әуелі 
анадан дариды.
Тереңірек үңілер болсақ, Иерархия сатысындағы 
Ақсақалдан бастап әкеге дейінгі жандардың бәрінің артында 
әйел тұр. Қазақ қоғамының қара шаңырағының астын 
берекеге, өмірін мерекеге айналдыру сиқыры тек қана әйелдің 
маңдайына жазылған. «Үйді он еркек толтыра алмайды, бір 
әйел толтырады» дейді. Әйелдің осынау Иерархия сатысының 
бойына жан кіргізіп, ажарын ашып отырар көзге көрінбес 
тылсым қасиеті бар. Әйелдің қысылшаңда еріне ақыл беріп, 
дұрыс жолға салуы өмірде үнемі кездесіп отырған. Қазақ: 
«қапияда қатын айла табады» дейді. Мұның бір мысалы, 
«Абылай хан Ботақанды өлтірді» деп Орта Жүздің Бекболат би 
бастаған үш мың қолы хан ордасын шабуға келгенде ханымның 
ақылымен Абылайдың қара қазанын жұртына асулы қалдырып 
кетуі. Күлік Жәңке батырдың:
«Ханын жаулаған қалмақ оңбаған, ханын шапқан қара 
оңбайды» деген, Бекболат пен Едігеге сәлем де, Абылаймен 
жарассын, арашашы бол» – деп баласы Жанақты жіберуі – 
халықты Иерархияға қарсы шығудан сақтандырғаны боп 
табылады.
Иерархиялық орны аруақтан да жоғары саналатын Ұмай 
ана, Бибі Фатима сынды қазақ әйелдері сыйынатын ұлы Рухтар 
бар.
Иерархия Заңын өмірдің бар саласында қайта қолданатын 
уақыт жетті. Иерархиясыз қазақ көшінің болашаққа бағыт 
алып, Жерұйыққа жетуі мүмкін емес. Қорқыт атаның сөзімен 
айтсақ:
«Қыз анадан үйренбей өнеге алмас
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес» 


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет