Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет33/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ЭВОЛЮЦИЯ САТЫЛАРЫ
«Ақ Сарбаз» кітабын түсіне алмай жатырмын» деушілерге 
айтарым: киелі кітап адамға бір оқығаннан ашылмайды. Ашылса 
да түрлі қырынан ашылады. Кеше оқығанда көрмеген мәліметті 
бүгін тауып таң қалуыңыз мүмкін. Таурат, Інжіл, Құранды 
да адамзат бірден меңгеріп кете алған жоқ қой. Олардың 
жазылғанына мыңдаған жыл өтсе де әлі күнге дейін зерттеліп, 
том-том еңбектерге жүк болуда.
Рухани ізденіс адамды діни соқыр сенімнің тар шеңберінен 
алып шығып шетсіз-шексіз Ғарышты тануға итермелейді.
Ол үшін Ғарыштың Жеті Заңын білмек керек!
Құдыретті Күштер, Жердегі Адамзат санасы Жаңа Білімді 
қорыта алатын деңгейге жетті деп осы ақпаратты бізге ұсынды.
Көпшілігіміз Жанның Эволюциясы Жердегі минералдар 
денесіне енуден басталатынына сенгіміз келмейді.
Минералда да жан болады. Жан минерал денеге енген 
кезде оның ментал денесі дамиды. Рух Санасы бірінші сатыдан 
бастап жетіле бастайды. Мысалы біздің компьютеріміздің 
ішінде оған өзек боп тұрған кішкене тас (процессор) бар. Ол 
– Бірінші Сатының тіршілік Иесі. Ол өзінен жоғары деңгейде 
тұрған адамның бұйрығын орындап жұмыс істейді. Қажет болса 
күрделі математикалық есептерді әп-сәтте шығарып береді.
Бірінші сатының тіршілік иелері жынысқа бөлінбейді. 
Жынысқа бөліну екінші өсімдік сатысынан бастау алады. 
Мысалы асқабақтың аталық, аналық гүлдері бар. Олар насеком 
арқылы тозаңданады.
Екінші сатыда – өсімдік денесінде жүргенде жанның ментал 
денесінің үстіне астрал денесі қалыптасып, дами бастайды. 
Өсімдік жағымды, жағымсыз нәрсені сезеді. Соған реакция 
көрсетіп эмоция береді. Қапырық ыстықта сусап тұрған 
гүлдерге су шашып көріңіз. Олардың қалай жайнап, қуанатынын 
байқайсыз. Гүлдердің адам таңдайтыны, адам эмоциясы оның 
гүл атуына әсер ететінін гүл өсірушілер біледі.
Үшінші сатыда біздің жанымыз хайуанат денесінде болады. 


97
Хайуанаттың да астрал, ментал денелері бар. Осы сатыдан 
бастап сезім мен ойдың одағынан жанымыздың сыртында тән 
санасы қалыптаса бастайды. Хайуанат жақсы көру, жек көруді 
біледі. Шектеулі түрде ойланады, жоспарлайды.
Үшінші сатыда хайуанат денесінде жеткілікті сана 
қалыптастырып болған соң Жан көтеріліп, адам денесіне кіреді. 
Үшінші сатының адамы Құдайға шыққан жағынан жақын тұр. 
Сол себепті рухани қуаты мол, бірақ эгоцентризмі дамыған 
қалыпта болады.
Магия мен сиқыршылық осы саты адамдарына тән.
Физикалық денесін күшті ұстауды ғана білетін Жан Төртінші 
саты адамы боп табылады. Спортсмендердің көбі осы деңгейде. 
Төртінші Сатыда Рух Құдайдан әбден алыстайды.
Басы қатты жасайтындар – бесінші саты адамы боп табылады. 
Бұлардың эволюциялық деңгейі жоғары болғандықтан үшінші, 
төртінші саты адамдары оларға қызмет етеді. Мысалы: 
шынашақтай бизнесменге еңгезердей екі жігіт оққағар болып 
жүреді.
Бойындағы қасиет көздері ашылған, ақжүрек, мейірбан жан 
– Алтыншы Саты адамы боп табылады. Ондай адамдардың көбі 
қазір бесінші саты адамдарының боқтығына тұншығып азап 
шегуде.
Алайда олардың азабы арқасында Планета тазарып жатыр.
Кейбір үшінші саты адамының да қасиет көздері ашық болуы 
мүмкін. Олардың алтыншы саты адамынан басты айырмашылығы 
эгосы күшті, менмен, өзімшіл, кекшіл боп келеді. Және сиқыр 
мен дуаға әуес болады.
Алтыншы Сатыны орталағанда адам енді қайтып тумастай 
боп мына Физикалық Дүниеден мәңгіге кетеді. Оның ендігі өмірі 
Жоғарғы екі Әлемде жалғасады.
Жетінші Сатыда адам санасы тәжірибеге әбден байып, Рух 
Санасын оятып, Құдайлық Санамен қосылады да оған Ғарыш 
Мектебінде оқып, Ғарыш Құрылысшысы болуға мүмкіндік 
беріледі.
Біздің үш Әлеміміздің сыртында Ғарыш Құрылысшылары 
тұратын Ажалсыздар Әлемі – Гиперкеңістік бар.
Ол жерде жас сәби мен шал-кемпір жоқ. Туу мен өлу жоқ. 
Оның тіршілік иелері кемеліне келген нұрлы денені иемденген 
жандар.
Ғарыш Заңдары


98
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет