99
жалғастырасыз. Сіздің енді 3 жұртыңыз болады. Әулет
кармасынан құтылу үшін 3 жұртыңызға еңбегіңіз сіңуі керек.
Егер адам өзге ұлттың, әсіресе қазаққа жау ұлттың адамына
үйленетін болса, – ол әулет кармасын бұзады.
Мұндай
отбасында ұлтқа қызмет етер ұл тумайды! XX-ғасырдың
басында қазақ зиялылары оқыған өзге ұлттың қыздарына
үйленгені белгілі. Нәтижесінде олардан өздері сияқты ұлтын
ойлар ұрпақ қалмады.
Әулет кармасы бұзылған отбасында топ кармасы
да бұзылады. Яғни бұрынғы
араласатын адамдарынан
айырылады. Ең соңында жеке кармасы тұйыққа тіреліп, адам
қаңғыбас боп кетуі мүмкін.
4. Ұлт Кармасы. Қазақ ұлтының маңдайына жазылғанның
бәрін сіз көресіз. Мықты әнші, мықты спортшы болсаңыз –
ұлтыңыздың мақтанышы боласыз. Ұлтыңыздың жағымды
кармасын көбейтесіз. Ұлттық дәстүрді менсінбей, өзге ұлттың
дәстүріне еліктесеңіз – ұлттық карманы орындамағаныңыз.
Ондай адам келесі қайта туғанда
өзі еліктеген ұлттың
қайыршысы болады.
5. Мемлекет Кармасы. Қазақ мемлекетіндегі құрылымдық
өзгерістер мен заңдар сізге әсер етеді. Сіз саяси сауатты болған
сайын мемлекет кармасына әсер ету мүмкіндігіңіз ұлғаяды.
6. Планета Кармасы. Жер Ғаламшарындағы стихиялық
апаттардың зардабын сіз көресіз. Болашақта Жерде
қалыптасатын Жерұйық материгінің игілігін де сіз көресіз.
7. Ғарыш Кармасы. Біздің
Галактикамызда болып жатқан
оқиғалардың Жерге әсері.
Адам өзінің кармасына қарай қоғамда белгілі бір дәрежеге ие
болады. Отбасын ғана асырап жүрген қарапайым жұмысшыны
әулет кармасы деңгейінде деп айтуға болады.
Дәстүрлі ұлттық ойындар, жарыстар, айтыстар т.б.
ұйымдастырып жүрген адамды ұлттық карма деңгейінде
әрекет етуші деп айтуға болады.
Мемлекеттік қызметтегі адам
өз іс-әрекетімен мемлекет
кармасын қалыптастырады.
Ғарыш Заңдары
100
Ақ Сарбаз Әлемі
Халықаралық деңгейдегі шараларды ұйымдастырушы,
экологиялық апаттардың алдын-алу үшін әрекеттеніп жүрген
ғалымдар планета кармасы деңгейінде әрекет етеді. Әулиелер
де планетадағы тепе-теңдікті сақтау үшін дүниеге келіп,
елеусіз өмір сүреді.
Қазір Карманың
жетінші деңгейіне көтерілген, Ғарыштағы
оқиғалар барысына әсер ете алатын Планетада бір ғана адам
бар. Ол – Жетінші Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы Ақ Сарбаз.
Карманың төменгі бес деңгейіне дейін әрекет етуші адамдар,
адасып белгілі бір деңгейдің тығырығында қалып қоюы мүмкін.
Мысалы, менмен, өзін ғана ойлайтын адам – Жеке Карма
деңгейінде қалып қояды. Ол жоғары карма деңгейінде қызымет
етсе де бәрін өз қара басы үшін жасайды.
Кей адам топ кармасы деңгейіндегі тығырықта қалып қояды.
Ол мемлекет кармасын жасай жүріп белгілі бір мафиялық топ
мүддесі үшін жұмыс істеуі мүмкін.
Әулет Кармасы деңгейінде қалып қойған адамның кесірінен
қазақ елі 30 жыл қорлық көрді!
Қазақтан басқаны менсінбейтін әсіреұлтшылдық – Ұлттық
Карманың тығырығына алып келеді.
Мемлекеттің деңгейдегі айла-шарғылар, өзге мемлекетті
жаулап алуға ұмтылу – Мемлекет Кармасын тығырыққа тірейді.
Карманың қалған екі деңгейінде тығырық болмайды. Адам
санасы жоғарылаған сайын Ғарыш Санасымен қосылып Рухани
Өрлеу жолына түседі.
Барша қазақ
карма тығырығында қалып қоймай, Рухани
Өрлеу жолымен Шетсіз-шексіз Ғарышты танысын деп тілеймін!
Ғарышты тану – Құдайды тану!
Сіздерге Ақ Сарбаз жар болсын!!!