Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет51/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   109
ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ
Жаңа рухани деңгейге көтерілу үшін өзіңдегі білімді 
сусағанмен бөлісуің керек. Бақырашыңдағы бұрынғы суды 
босатпай, Қайнардан жаңа суды қалай аласың?
Мен де бөлісіп көрмек болып жатырмын. Санада сақталған, 
әбден сүрленген ойларымды ұнға көмген қазыдай қылып елге 
ұсынудан шаршар емеспін
Піспеген ойларым көп екен. Әуелде қылтиып көрініп, 
тамыр тарта алмай көміліп қалған идеялар, жазылмай қалған 
естеліктер, зерттелмей қалған заңдылықтар...
Жазуды кәсіп қылмаған адам сүйтеді.
Әуелі әйелдер қауымы қолдап, қолпаштап отырған соң 
әңгімені әйелден бастағанды жөн көрдік. (Мұндағы ойлардың 
бәрі менің жеке пікірім. Мен қателесуім мүмкін екенін де 
ескертемін)
Менің түсінігімде Рухтың белгілі бір жынысы жоқ. Ол 
Құдайдың бір ұшқыны. Рух жетілу үшін жерге келгенде не 
әйел, не еркек жынысының бірін таңдайды.
Не үшін әйел денесін таңдайды? Модель болу үшін емес 
әрине! Әйел денесінде жүргенде сіздің Рухыңыз алуды және 
сақтауды үйренеді.
Әйел нені алады? Ізгі нәрсенің бәрін алуға тиісті.
Қыз кезінде анадан өнеге алады. Оны өмір бойы сақтайды. 
Микрокосмос болып табылатын қазақтың киіз үйінің ішін 
алаша, кілем, тұскиіз, басқұр, өрнекпен жайнатып қоятын кім? 
Әйел заты!
Келін болғанда енеден өнеге алады. Жарының асылын 
қабылдап, оны 9 ай он күн құрсағында сақтап, дүниеге 
әкелетін де, ұрпағын асырап, сақтап өсіретін де әйел!
Әже болғанда немересін алады. Сәбиге өзінің бойындағы 
сабырлылық пен мейірбандық ырғағын дарытады.
Тәңірге сенген көне дәуірден бері ұлтымыздың барлық 
Әйел туралы


144
Ақ Сарбаз Әлемі
асыл қасиеті әйелдің бойында сақталды. «Алып – анадан». 
Текті ананың құрсағынан жаралып, адал сүт еміп өскендіктен 
баһадүр батырларымыз, білікті билеріміз, аузы дуалы 
ақындарымыз шықты. 
Қазақ қоғамында әйелді кеміту деген болған жоқ. Сөз 
бостандығы болды. Небір аузымен құс тістеген шешен
билеріміздің ешкім білмейтін бір әйелден жеңілгені туралы 
әңгімелер – бұның дәлелі.
Егер қазақ әйелінің сақтаушы қасиеті болмаса, қазақ 
ұлтының күні бүгінге дейін сақталуы да мүмкін емес еді.
Ал, осы кие мен қасиетті сақтаушы әйел азса не болады?
Жезтырнақ болады!
Жалмауыз кемпір болады!
Мыстан кемпір болады!
Бірде-бір ертегіде жезтырнақты еркек болыпты деп 
айтпайды. Мыстан шал деген жоқ. Шал әрі кетсе «бақырауық 
шал» болады. Онда да бақырауықтығы жүкті арта-арта 
бақырауық боп қалған нар түйенің бақырғаны секілді.
Енді бүгінгі күнге оралайық. Әйелдің алушы қасиеті өзіне сор 
болып жабысты. Әлемнің әртүрлі қоқысының бәрін қабылдап 
ала бастады. Адамның рухын ашпайтын, жанын кірлететін 
сорақы салт, дарақы дәстүрлер шықты.
Ұмытпаңыз: Сіз әйел болып жаралды екенсіз, демек сіз 
әйел рөлін ойнаушы Рухсыз. Кейіпкеріңізді жағымды рөлде, 
әлде жағымсыз рөлде сомдап шығу өз қолыңызда. Әуелі 
жезтырнақ, сосын мыстан кемпір болам десеңіз, оған ешкім 
қарсы тұра алмайды.
Есіңізде болса «Тәңір Жауынгері» кітабында Жерұйыққа 
барып алып шатақ шығаратын екі кемпір туралы айтылады. 
Бұл астрал дүниесінде болған оқиға. Олар қайта туғанда карма 
шеңберімен айналып келіп сол оқиғаны қайталауы да мүмкін.
Тағы бір қызық факт «ер мінезді әйел», «қыз мінезді жігіт» 
деп жатамыз ғой. Бұл Рухтың бұрынғы өмірінде қандай денеде 
болғанын айғақтайды. Бұрынғы өмірінде еркек болған Рух осы 
өмірінде әйел болып туса оның еркек денесінде жүргенде 
меңгерген кейбір қасиеттері байқалып тұрады. Қазақ мұны:
«Әйел дауысты еркекте қуат болмас, еркек дауысты әйелде 
ұят болмас» деп мақалдаған.


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет