Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет52/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   109
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ
Рух қай денеде тез дами алады? деген сұраққа Ұстаз: 
«әйел денесінде» деп жауап берді. Бұрын патша денесінде 
болып, басқаруды үйренген Рух келесі өмірінде етікші 
болып тууы мүмкін екен. Өйткені етікшінің жұмысы өнбейтін 
шұқыма жұмыс. Зәулім сарай салған адамның еңбегі 
елге алыстан көрініп тұрады. Етікші қанша шебер болса 
да оның жасағаны адам аяғында тапалып жүріп тозады. 
Шыдамдылық пен төзімділік, сабырлылық – етікшінің өмір 
бойы жинайтын қасиеті.
Ал, етікші болмай-ақ соның қасиеттерін меңгерем деген 
Рух жай әйел боп туса да жетіп жатыр. Әсіресе қазіргі қазақ 
әйелінің шыдамы мен төзімі – он рет етікші боп туғандай 
қасиетті бір өмірде жинауға мүмкіндік береді.
«Бала бағып үйден шықпай өмірім өтіп барады. Рухани 
жетіле алмай жүрмін» деп уайымдау – қате. Бала бағу 
арқылы, қазақтың болашақ ұрпағын тәрбиелеу арқылы
рухани жетілудің көкесін Сіз жасап жатырсыз.
XXI-ғасырда қазақ әйелінің басына түсетін қиыншылықты 
сіздің Рухыңызға дүниеге келер алдында көрсетеді. Соған 
қарамастан қазақ әйелі боп тууға тәуекел еткен сіз – батыр 
Рухсыз.
Тұрмыс құрған кезде: «жарымның ізі жоғалмасыншы» деп 
Құдайдан бала тілейсіз. Егер Құдай бала берсе, оны көтеру 
мен туу азабын бастан кешесіз. Бұл – сіздің Рухыңыздың 
өзгенің игілігі үшін азапты қабақ шытпай қабылдай білу 
қасиетін шыңдайды.
Балаларыңыз өсе бастағанда оның киімін, тамағын 
Әйел туралы


146
Ақ Сарбаз Әлемі
уайымдайсыз. «Балаларым ешкімнен кем болмай өссін» 
деген ойдың жетегінде қандай қор жұмыс болса да атқаруға 
дайын тұрасыз. Қазіргі көптеген қазақ әйелінің бар тілегі 
– өз ұрпағын мына азғын әлемнен аман сақтап қалу. Сол 
үшін жанталас ғұмыр кешуде.
Биік Дүниелердегі Құдыретті Күштер де Адамзат ұрпағын 
Түнектің торынан аман сақтап қалу үшін жанкештілікпен 
күресіп келеді.
Сонда қазақ әйелінің қазіргі қарекеті Ұқсастық Заңымен 
Құдыретті Күштердің қимылына ұқсас болғаны ғой!
Сіз – ерекше қиын миссия арқалап келген қазақ әйелісіз. 
Ол миссияңыз – ұрпағыңызды Бесінші Сатының бұғауына 
түсірмей, Алтыншы Сатыға аман алып өту. Алтыншы 
Сатының балаларына Өзінің Ғарыштық жазмышын ұқтыру.
Бір күні бәріміз де Рухтар Әлеміне қайтатынымызды, сол 
кезде Жерде қол жеткізген адами атақ-дәреженің бәрінен 
Рух жинаған асыл қасиеттер басым тұратынын ұмытпайық.


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет