142
Ақ
Сарбаз Әлемі
ҚЫЗДЫҢ ЕКІ ӨМІРІ
Ұстаз үйіндемін. Бір күні
теледидардан қазақ қызының
ұзатылуын көріп отырып Ұстаз:
– Ер адам бір ғұмырда бір рет өлсе,
қыз бала екі рет
өледі екен ғой! – деп дауыстап жіберді.
– Қалай? – деймін.
– Қайтқан адамды ақ кебінмен шығарады. Қазақтың қыз
ұзатуы соған ұқсас. Ақ желек ақ кебіннің символы. Қайтқан
адамға жоқтау айтса, ұзатылған қыз сыңсу айтып бұрынғы
жұртымен қоштасады. «Келін» деген сөз «қайтқан» деген
сөзге ұқсас.
Қазақ осы арқылы қызына: «сен әке үйінен мәңгілікке
кеттің. Енді барған жеріңе тастай батып судай сің» дегенді
ұқтырған.
Өйткені қыздың әке үйіндегі еркін, ерке өмірі аяқталады.
Ол жаңа өмір бастайды.
Шындығында одан жаңа өмір
басталады. Өйткені келін боп түскен қыз – болашақ Ана –
жаңа өмірдің басы.
Сол себепті бұрын қазақ қоғамында күйеуінен
ажырасу деген жоққа жақын еді. Ал, қазір қыз ұзатудың
философиялық
мағынасын ұқпай, жай жоралғы қылып
алғандықтан ажырасудан көз ашпайтын болдық!