Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ӘУЛЕТ КАРМАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ РӨЛІ



Pdf көрінісі
бет55/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   109
ӘУЛЕТ КАРМАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ РӨЛІ
Ер-жігіттің отбасы кармасы жақсы қалыптасса, алдағы 
өмірі де баянды болмақ. Яғни, карманың үшінші шеңбері 
– отбасы боп үйленіп өмір сүрген соң, әйел өз күйеуінің 
жеке топтық, ұлттық кармаларды өтеуіне елеулі ықпал 
етеді. Жақсы әйел өзінің де күйеуінің де жеке және топтық 
кармаларын жедел қайтарып, ұлттық тіпті мемлекеттік 
шеңберге жол ашады. Егер әйел сараң, салақ, долы 
болса ол карма қарызын өтеу былай тұрсын, келешектегі 
карманың өзін ауырлата түседі.
Ысық Намаз бидің үйіне аяқ астынан сыйлы қонақтар 
келе қалыпты. Бидің әйелі салақ боп, үй-іші ыбырсып, 
бидің өзі тары түйіп отырса керек.
Кіріп келген би, болыс, шонжарларға қарап Намаз би:
– Түзде жүрсем – батырмын!
Үйге келсем – қатынмын!
Қатын – шайпау, бала – жас,
Тары түйіп жатырмын!
Түсем десең – міне лашық!
Түспесеңдер жолдарың ашық! – деген екен...
«Бұндай қатынды ұстағанша, талақ қылып басқасын 
алмай ма?» деуі мүмкін қазіргі арапқұлдар. Әйелді адам 
құрлы көрмеу, талақ қылып шұлықша ауыстыру – ол 
қазіргі санасы дінмен уланған тобырдың істеп жүргені. Осы 
арқылы олар кармасын ауырлатып, құрдымға кетіп бара 
жатқандарын сезбейді.
Қазақ ежелден әйелді құрметтеген. Қатын тастау, әйелді 
талақ қылып қаңғыту деген қазақ қоғамында дін келгенге 
Әйел туралы


152
Ақ Сарбаз Әлемі
дейін болмаған.
«Кіммен қарайсаң сонымен ағар» деп отбасын 
бұзбай сақтауды өсиеттеген. «Атың жаман болса сатып 
құтыларсың, Қатын жаман болса қайтып құтыларсың?» 
деген мақал әйелдің қоғамдағы бағасын көрсетеді. Алған 
жары жақсы болсын, жаман болсын кармасын шатастырмау 
үшін тағдырына мойынсұнып, өзін мына дүниедегі қонақ 
сияқты көріп өмір сүру – қазақтың қанына біткен дағды.
Қазақ: «Кісінеген айғырды үйірде көр
Кісімсінген жігітті үйінде көр!» дейді. Бұл мақал қазақ 
қоғамындағы әйелдің атқарар рөлін айғақтайды.
«Қатының жаман болса, сата алмассың,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың.
Үйіңе бір құрбыңды ертіп келіп,
«Әй, қатын, ас қазан» деп айта алмассың»
«...Қатын болсаң ер сыйла.
Қияметке жүктемей,
Ердің өте ақысын» (Әбубәкір Кердері)


153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет