Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет58/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   109
ТҮНЕК КҮШТЕРІНІҢ ТҰЗАҒЫ
Ұстазға барып жүрген алғашқы жылдар мені сыртымнан 
аңдыған Түнек Күштері көп болды. Бір рет мені вокзалда 
ауылға шығарып салып тұрып Бекжан дос:
– Жәке, анау жігіт саған өші кеткендей қарайды ғой – деп 
таңырқады. 
Шынында да сонадай жерде тұрған 2-3 жігіттің біреуі мені 
оқты көзімен атып тұр екен. Шымыр келген, тұлабойы жинақы, 
мұнтаздай қырынған жігітті органның адамы деуге болғандай.
Ешкімде бес бересі алты аласым жоқ, артым таза 
болғандықтан сырт көзге мән бермедім.
Бір күні Алматыдан ауылға кетпек боп жиналып жатқанымда 
Ұстаз дүкеннен әкелген тамақтарын ұсынып тұрып:
– Мынау жолда жейтінің. Станция сайын сыртқа шауып 
шошаңдамай, орныңда бол – деп ескертті.
Бұрын бүйтіп қамқорламайтын еді. Бұл жолы неге өйтті? 
деп таңданып қалдым.
Пойызға әдетте плацкарт вагонға мінетінмін. Және алған 
билетімнің көбі алтыншы вагон не алтыншы орын боп келетін. 
Көбіне жанымдағы сапарлас көршілерім барахолкадан тауар 
тасыған коммерсанттар болады.
Осы жолы астыңғы төсектегі көршім оқушы немересімен 
жолаушылап жүрген әжей екен. Ол екеуі астыңғы төсектен 
орын алыпты. Маған қарсы үстіңгі төсекте сары шаштары 
алтындай жарқырап, әппақ тәні мәрмәрдай жалтырап бір 
блондинка жатыр.
Көрікті көкшіл көздерімен сүзе қарағаны болмаса үндемейді. 
Ұлты қазақ емес. Қолында түрлі-түсті әйелдер журналы. Үстел 
үстінде мұз қосылған фанта сусыны тұрды.
Мұндай бикеш біз секілді қарапайым халық мінетін вагонға 
қайдан тап болып жүр? – деген ой келді. Әдетте мұндай 


165
сұлулардың жанында жебеушісі, үстінде кондиционері бар 
вип-вагоны болмайтын ба еді. Қапырық ыстықта, қапылған 
коммерсанттар мінетін вагонға қайдан тап болған?
Бикешке одан әрі мән бермей астымдағы әжейдің шайын 
әкеліп қызымет көрсетіп жүрмін. Әлгі қыз тамақ уақытында 
әлдеқайда ғайып боп кетеді. Бір қарасам «ұйқыдағы Венера» 
сияқты мен жаққа мықынын бұрып көсіліп кеп жатады.
Сымбатында мін жоқ! Бірақ жүзінде инабат, нұр жоқ, салқын 
сұлулық.
Бойдақ жігіт болған соң қарсы алдымнан ашылған адамзат 
әйелінің мінсіз тәнін паш етер панораманы сүйсіне тамашалап 
мен жатырмын.
Бірінші күнім осылай өтті. Ешқайда жүгірмей-ақ тағдырдың 
сиындай, аспаннан түсе қалған әппақ аруға тамсана қараудан 
ішім пысар емес.
Сапардың екінші күнінің таңы атты. «Ешқайда шықпа» 
деген Ұстаздың бұйрығы бар. Әжейдің таңғы шәйін демдеп 
беріп, әжеймен бірге шәй ішіп, әңгіме соғып отырмын.
Бір мезгілде блондинка керіліп-созылып ұйқысынан оянды. 
Жамылғысын ысырып тастап екі аяғын қарсы отырған менің 
иығыма қарай созып келеді. Түсетін шығар деп жарға жабысып 
орын бергелі жатырмын. Қыздың түсер түрі жоқ. Екі бұтын 
тура менің басым үстіне созып, үстіңгі төсегіме тіреп қойды да 
шалқайып шашын тарай бастады.
Халатының түріліп кеткен қысқа етегінің арғы жағындағы 
шілтерлі лыпасынан бәрі көрініп тұр!
– Мына көктемегір қайтеді?! – деп әжей күңкілдеп қояды. 
Қазақтың қызы болса ұрсып тастар еді. Өзге ұлт өкілінің тілін 
біліңкіремейтін болса керек.
Ойыма Жолдасбек, Тілеукен секілді сері құрдастарым 
оралды. «Менің былқ етпей отырғанымды естісе: «өй, 
тормыз!» деп ұрсары анық. Алайда осы тормыздығым талай 
күнәдан сақтап келатқаны рас болатын.
Блондинканың бұл отырысы жалтырауықпен шортан 
аулағандай бір әдіс еді. Бірақ лақтырған жалтырауығына 
жайын жүгіретінін ойламай қалса керек. Дәл осы сәтте 
Әңгімелер


166
Ақ Сарбаз Әлемі
тоташтарға текекөзденіп қарайтын вагонның жолсерігі – 
бұғағы салбыраған, қарынды дәу жігіт тұсымыздан өтіп бара 
жатыр екен. Жарқыратып отырған сұлу қызды көргенде ақыл-
есін ұмытып, жүгіріп келіп әлгінің бұтына жабысты.
Қыз шар етіп бұтын жинап ала қойды. Осыдан кейін маған 
қарап әлгіндей әдісті жасамайтын болды.
Оралға жеткенше үш күн пойыз адамды шаршатып жібереді. 
Менің назарымды пойыз станцияға тоқтаған сайын сыртқа 
шығып-келіп жүрген бір жігіт аударды. Жүрісі ширақ, өткір 
көзді қазақ жігіті тұсымыздан өтіп бара жатып тек қана мені 
жалт етіп бір шолады да тез басып өтіп кетеді. Шығып бара 
жатып та, кіріп бара жатып та сөйтеді. 
«Неге тек маған қарап өтеді?» – деген сұрақ көкейде.
Ақыры Оралға да жеттік. Дені коммерсанттар болғандықтан 
ел ала сөмкелерін сүйретіп есікке беттеген. Мен әжейдің 
сөмкесін көтерісіп шықтым. Көрші бикеш болса иығына 
алақандай сөмкесін іліп қана шығып келеді. «Бұл қыздың 
заты жоқ, күтіп алған да ешкімі жоғы қалай?» деп ойлаймын. 
Көзімнің қиығымен оны бақылап тұрмын. Қыз шығып алып 
біреуді күткендей кідіріп қалды. Вагоннан ең соңы болып әлгі 
мені бағатын қазақ жігіті шыға келді. Екеуі бір-бірін бұрыннан 
білетін адамдай әңгіме соғып кетіп бара жатыр. Жігіттің де 
иығында шағын сөмке.
Келесі жылы Ұстазға барғанымда осы жайтты әңгімеледім. 
Ұстаз қысқа ғана: «егер сен әлгі жатжұрттық қызбен төсектес 
болғаныңда жігіт сені өлтіріп тастайтын еді» – деді.
Иә, торға түскен балықтың өлетіні – заңдылық.


167
КАРМА
(әңгіме)
«Махаббат – бір ұшан-теңіз дария
Жүзіп кеттім жүз толқынын кештім де!
Отызымда кездеспесе Ғалия
Алпыста да үйленбес ем ешкімге!» (Серік Ақсұңқарұлы)
Ол рейнкарнацияға сенетін. Бұл білік оған өмірінде 
бірталай түйткілді түсінуге көмектесті. Алайда оның ақылына 
сыймайтын жұмбақтар да көп еді.
Ол өзінің бұрынғы ғұмырлары туралы шамалайтын. Бірнеше 
елдің тарихында өзіндік өрнегі қалған ұлы суретші, ұлы 
саяхатшы, ұлы пәленше, ұлы түгенше...
Осы ұлы ғұмырларды өзінің қазіргі түкке тұрғысыз өмірімен 
салыстырып таң қалушы еді. Ешкім білмейтін, ешкім түсінбейтін, 
бағасыз, бағдарсыз тірлік сияқты көрінетін қазіргісі.
Ақырында ол, қазақ болып туудың өзі рух үшін үлкен дәреже 
екенін түсінгендей болды.
Бұл – бұрынғы ғұмырларында биік рухани дәрежеге жеткен 
жанға, жаңа рухани биіктік – қазақ болып өмір сүру хұқығының 
ұсынылуы еді.
Бұл шанс талай рухқа берілсе де ұлттық болмысын сақтап, 
қарапайым қазақ болып қалу – қиынның қиыны екенін ол жан-
дүниесімен сезінді.
Иә, ақкөңіл, аңғал, қонақжай, кеңпейіл, кешірімді, жомарт, 
мәрт қалпыңды сақтап, Көк Тәңіріге сеніп, дүниеге байланбай, 
өзіңді мына дүниеге келген қонақ сияқты сезініп ғұмыр кешіп 
көрші, мықты болсаң!
Бұл – биік шыңға өрмелегеннен де қиын еді. Сол себепті 
көпшілігі өздеріне бұрынғы ғұмырында еңсерген үйреншікті 
жеңіл жолды таңдайтын болса керек.
Әңгімелер


168
Ақ Сарбаз Әлемі
Сол себепті орыс боп кетіп жатқан қазақ көп, кришнайт 
боп кетіп жатқан қазақ көп, араб боп кетіп жатқан қазақ көп, 
американдық боп кетіп жатқан қазақ көп.
Қазақ бәрі бола алады, тек өзіне ұқсауы қиын!
Бір өтіп кеткен жолыңа қайта айналып келетінің бар, қазақ 
болып неге тудың?!
Ол осы сұрақты өз-өзіне қоятын да, нағыз қазақ болғысы 
келетін. Мына жалғанды қазақ көзімен көргісі келетін. Туған 
жерін қазақ сезімімен сүйгісі келетін. Жамандықтан қазақ 
көңілімен жерінгісі келетін.
Ол отбасын құруды армандады. Қазақтың арлы, инабатты 
бір қызы жолығатынына сенді.
Алайда өзгелер оп-оңай үйленіп, ажырасып жатқанда бұған 
лайық жұпты тағдыр кездестірмей-ақ қойды.
Бұл қалай? деп кейде өз-өзінен сұрайтын. Менің бұрынғы 
ғұмырларымдағы жан серігім, осы ғұмырымда мені жалғыз 
қалдыруы мүмкін бе? Егер олай болатын болса неге монах 
болып тумадым, неге дәруіш болып тумадым?
Ата-анамның алдындағы перзенттік борышты қайтпекпін? 
Дос-дұшпанның қаңқу сөзінен қалай құтылмақпын?
Ол сезімсіз, салқын емес еді. Ғашық бола білетін. Талай 
қызға өліп-өшіп ғашық та болған.
Өкінішке орай олардың барлығы оның бұрынғы өміріндегі 
аналары болып шықты.
Шамасы бұл бұрынғы ғұмырларында сүйікті, ерке, шалдуар 
бала болып туған аналарына әбден бейнет көрсетсе керек.
Енді өзі сол бейтаныс қарындас боп қайта туған бережақ 
рухтарға ғашықтық арқылы борышын қайтаруға тиісті болды.
Әрине бұрынғы ғұмырында анасы болған қыз бұған қамқорси 
қарайтын, кейбіреулері құлша жұмсайтын. Ақырында өз теңіне 
күйеуге тиіп қайқаятын.
Карма қарызының қайтарылуы деген бір қызық дүние. 
Борышкерің алдындағы бережағың сарқылғанда көзің басқаша 
көре бастайды. Кеше ғана өліп-өшіп ғашық болған жанға 
қарап тұрып: «осының қай жеріне ғашық болдым екен?» деп 
таң қалуың мүмкін.


169
Ол маңдайы тасқа тигендей болып: «енді ешкімге ғашық 
болмаспын!» деп іштей ант-су ішетін. Алайда күндердің 
күнінде келесі бережағына көзі түскенде жүрегі шым етіп
қалай ғашық боп қалғанын білмей қалатын.
Оның келесі ғашығы күйеуінен бір баламен айырылып 
кеткен, өзінен әлдеқайда жас келіншек еді.
Бұрынғы ғұмырлардан қалыптасқан карма жібі екеуін 
кездестірді. Тіл табысып, сөйлесіп тұратын болды.
Ол бұл кезде бірталай жасқа келіп, қазақ болудың азабын бір 
кісідей-ақ көріп қалып еді. Оны байлық та, билік те, атақ-даңқ 
та, тіпті өзі сонша жыл іздеген махаббат та қызықтырмайтын 
болған.
Ал, келіншек махаббаттағы алғашқы қадамы сәтсіз болса 
да өмірге құштарлығын жоғалтпаған жан-тын. Әсіресе оның 
ұлына деген аналық махаббаты ерекше болды. Тіпті Әлемдегі 
барлық еркекті ұлының жолына құрбандық қылып жіберуге 
әзір сияқты көрінетін.
Екеуі сөйлескен сайын жігітті бір ғана сұрақ мазалады: 
«менің шын жарым осы болса ше? Ол мені өзім сияқты сүйіп, 
дүниені мен сияқты қабылдап, мен түсінгенді түсіне ала ма?
Кенет келіншектің ұлына көзі түскенде осынау бәпек көріп, 
барлық жылы-жұмсақты аузына тосып, ханзадаша киіндіріп
үлде мен бүлдеге орап өсірген, елдің бәрінен қызғанып, 
қызғыштай қорыған ұлдың өскенде анасына мәңгілік қарыз 
қалпында қалатыны көзіне елестеді. Сол байғұс ұл келесі 
ғұмырында осы қыздың алдында, кармалық борышын өтеу 
үшін осы сияқты махаббат мехнатын шегіп, бір ауыз сөзіне зар 
болып отыруы мүмкін-ау деген ойдан селк ете түсті.
Иә, карма деген қызық дүние...
Әңгімелер


170
Ақ Сарбаз Әлемі
КӨЗ
Қазақ: «тілдінің тілінен, көздінің көзінен сақта» деп жатады 
ғой. «Аттым!» дегені мұрттай ұшатын адамдар болған. «Аттым» 
демей-ақ сәл қызығып қарап та, сылқ еткізетін адамдар қазақта 
әлі бар. Бұл қазақтың ішкі рухани қуатының күштілігінен бе, 
болмаса басқа сыры бар ма ол әлі түгел зерттелмеген. Келесі 
әңгіме осындай жандар туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет