Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет73/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҚАСИЕТТІ КІТАП
XXI-ғасырдың Қасиетті Кітабы, бұған дейінгі Киелі 
Кітаптардың синтезі болып саналатын «Ақ Сарбаз» және 
«Тәңір Жауынгері» кітабы әр үйдің төрінде тұруы керек деп 
есептеймін.
Сіз өзіңіз түсінбесеңіз де Киелі Кітап үйіңізде тұрса оны 
түсінетін, басына жастанып жатып, сүйіп оқитын бір перзент 
сіздің отбасыңызда міндетті түрде дүниеге келеді. Ол сіздің 
ұлыңыз болмаса, немереңіз болады. Кітаптағы рухани магнит 
болашақ алтыншы сатының баласын сіздің ошаққа өзі тартып 
тұрады.
Кітапты сеніп оқудың өзі адамның кірлеген жанын тазарта-
ды. Жаныңыз кірден ашылса жолыңыз да ашылады. 
Қазақ болу – сіздің маңдайыңызға жазылған бақыт. Қазақтың 
жүгі – Әлемнің жүгі. Біз өзіміздің азапты ғұмырымызбен 
Әлем халықтарын жаман кармадан тазартып жатқанымызды 
ұмытпайық!


231
ОТТЫ ОЙ
«Барлығын мен де сүйем, айтпан бірақ
Отырып оңашада күйер кеудем» (Мұқағали)
Күн сайын кеңістікке өзіміздің отты ойларымызды жолдайық!
Жүректе Құдайға деген, махаббат болса ойың отқа 
айналады. (Ата-анаға, жарға, перзентке, туған жерге деген 
махаббат та сол Құдайға деген махаббатың бір бөлшегі ғой)
Отты ойлар өмірді өзгертеді, қоқыстан тазартады.
Ойың бықсыған түтін секілді болса өзіңді де өзгелерді де 
тұншықтырар улы болмақ.
Өз-өзімізді өртеп, қасиет көзімізді тұтатуға тырысайық!
Айналамыздағы меңіреу түнекке жарығымызды шашайық! 
Жалынымызды берейік.
Кеңістік – Құдайдың үйі емес пе?!
Адамзат – Құдайдың перзенті емес пе?!
Санасы жетіле келе бала, үйіндегі өзі бүлдірген, шашқан 
қоқыстарды тазартуға талпынбас па?
Рухани ізденіс


232
Ақ Сарбаз Әлемі
РУХ ЖӘНЕ ҮШ ДЕНЕ
Рухани байлық деп жатамыз. Рухани байлық деген Рухтың 
қазынасы ғой. Рухымыз қалай байиды?
Рухымыздың сыртында сауыт есебінде 3 дене болатыны 
белгілі.
Үш дене Үш Әлемде өмір сүру үшін беріледі.
Ал, өмір – САНА қалыптастыру үшін беріледі.
Менің түсінігімде ЖАН деген жанып тұрған өмір ұшқыны – 
монада. Ол ешқашан жоғалмайды. Түрлі Әлемдерде, түрлі 
денелерден өтіп өмір сүру арқылы Жанның айналасында САНА 
қалыптасады. Ол Рухқа айналады. Жанның өзінде сана жоқ. 
Ол денелерге өмір қуатын беріп тұратын аккумулятор қызметін 
атқарады.
Сана Рухта болады. Сана өскен сайын Рух өседі, күшейеді, 
толысады. Күшейген рух Отқа айналады да Жаратушының 
Рухына қосылып, оны толықтырып, байыта түседі.
Сананы өсіру үшін Рухымыз түрлі денелерді иемденіп түрлі 
Әлемдерге саяхат жасайды.
Біз тұрып жатқан Жер ғаламшарының Физикалық Дүниесіне 
біз үш денені иемденіп барып келеміз. Олар: ментал (ой денесі), 
астрал (сезім денесі), физикалық дене.
Рух-санамыз осы денелерді қалай басқарады?
Үш қабатты коттеджді көзіңізге елестетіңіз. Бұл – сіздің үш 
денеңіз. Сіздің Рух-санаңыз осы үш қабат үйдің лифтісінде 
орналасады да үнемі жоғары-төмен көтеріліп отырып 
басқарады. Сіз ойға батқанда лифт 3-этажда, сезімге берілгенде 
ортаңғы этажда, бір шаруа істегенде төменгі қабатта болады. 
Кейде лифтіңіз үшінші этажда тұрып та алдын-ала жоспарлаған 
жұмысты физикалық денеңіз атқара беруге қабылетті. (Бір 
қолымен тамақ пісіріп, екінші қолымен соткаға лайк басып 
отыратын әйелдер бар)
Неғұрлым қара жұмысты көп жасасаңыз, спортпен 


233
шұғылдансаңыз физикалық денеңізді күшейтесіз. Қылтың-
сылтыңға көп әуестеніп, сылдыр-көмей жез таңдай, берен 
ауыз өсекші болсаңыз астрал денеңізді күшейтесіз. Жағымсыз 
сезімдерге көп берілгіш адамның астрал денесі қорқынышты 
құбыжық боп өсуі мүмкін.
Сері жігіттің сұлу қызды көргенде көзінің жылт ете түсуі де 
астрал дененің белгісі. Ұялып-қызару, қысылып-қымтырылу, 
қуану-ренжу, жақсы көру-жек көру бәрі астрал денеден шығады.
Егер адамның астрал денесі болмаса адам робот секілді боп 
қалар еді. Астрал дене дегеніміз – адамның көңілі.
Ментал дене – салқын ақыл мен шексіз ойдан құралады. 
«Көп ойлаған дана болады» деген бар ғой. Ойыңыз неғұрлым 
нақты, күшті болса ментал денеңіз шынығады.
Ештеңе ойламайтын адамдардың ментал денесі жетілмеген 
жас сәби секілді қалыпта қалады.
Бір күні адам физикалық тәнін тастап, келген жағына қайтатын 
уақыт келеді. Бұл дамыған Рух үшін мереке! Қайғыратын тек 
артында қалған адамдар болмақ.
Рух сыртқы ауыр киімнің біреуінен құтылып жеңілдеп қалады. 
Ол енді сапар-сабағын астрал әлемінде, астрал денесімен 
жалғастырады.
Біздің көріп жүрген физикалық дүниеміз түрлі географиялық 
аймақтарға бөлінеді ғой. Жанға жайлы аймақтар мен тіршілікке 
қолайсыз аймақтар бар. Астрал дүниесі де дәл сол секілді. 
Және Жердің астрал дүниесі физикалық дүниеден анағұрлым 
үлкен. Ол дүниеде 40 миллиардтай адам тұрады. Олардың көбі 
Жердің физикалық дүниесінде есте жоқ ескі заманда өмір сүріп, 
енді қайтып физикалық Дүниеге тумайтын деңгейге жеткендер.
Астрал Дүниесінің ең қолайсыз аймағында, жанартаудың 
ішіндегі үлкен қуыста Рух-санасы дұрыс қалыптаспаған адамдар 
өмір сүреді.
Бұл жерді тазартқыш деп те тозақ деп те атауға болады.
Егер Физикалық Дүниеде жүргенде адамның ойы дұрыс 
болмаса, сезімі де дұрыс болмайды. Осыдан дұрыс емес Сана 
қалыптасады. Дұрыс емес Сана жаман іске душар етеді. Адам 
қылмыс жасап кармасын ауырлатып алса, түрмеге түседі.
Астрал Дүниесінің түрмесі – ол Тұзақ! Мына дүниенің 
түрмесінде тұтқындармен жұмыс жасайтын адамдар бар. 
Рухани ізденіс


234
Ақ Сарбаз Әлемі
Ұқсастық Заңымен О Дүниеде де дәл солай.
Тұзақты жасаған планетаның бұрынғы қожасы Люцифер 
болатын. Ол өзіне берілген қылмыскерлер үшін тозақтың ішінен 
курорт ашып қойған. Революционерлер Люцифер жеңілгенге 
дейін тозақтан күліп-ойнап өтіп, мына дүниеге қайта туатын. 
Және жазаланбаған жауыз қалпында туатын. Мына дүниеде 
де зона «паханы» түрмеде жақсы тұрады ғой. Ал, қарапайым 
халық кармасының ауырлығына қарай жанартаудың белгілі 
бір деңгейінде тұрақтайды да азапты өмірі арқылы кармасын 
өтейді.
М.Ньютонның кітабын оқығандар: «тозақ жоқ деп еді ғой» деп 
дау айтуы мүмкін. Ал, Ньютон қылмыскерлерді регрессиялық 
гипнозға түсіріп көріп пе екен?
Ньютонның «Жан Жиһаны» мен «Жан мұраты» кітабын 
оқығандарға мен бір сұрақ қояйын:
Неліктен Ньютонның сеансына қатысқан адамдардың көбі 
бірден Жан Әлеміне тап болады? Астрал, ментал дүниелері 
қайда қалды?
Ньютон кітабын тереңірек түсіну үшін алдымен дінді түсіну 
керек.
Жер бетіндегі адамдар негізінен 3 дін өкілінің бірі болып 
келеді. Дін дегеніміз Құдай мен адам арасындағы келісім-
шарт. Бірінші дінді ұстанатын, Тауратпен өмір сүретіндерге 
Құдай осы физикалық дүниенің игілігін берген. Сол себепті 
еврейлер жұмағын да тозағын да осы физикалық дүниеден 
табады. Еврей үшін астрал, ментал дүниесі жоқ. Олар о дүниеге 
барса ұйықтайды, не бірден Жан Әлеміне тап болады. Сол 
себепті Тауратпен өмір сүретіндер өз жамағаты өлгенде: «спи 
спокойно» деп шығарып салады.
Христиандарға Құдай Ментал Дүниесінің игілігін берген. 
Сол себепті олардың рухтары қайтқан кезде астрал әлемінен 
кідірмей өтіп Ментал Әлеміне тап болуы мүмкін.
Мұсылмандарға Құдай Астрал Дүниесінің игілігін беріпті. Сол 
себепті мұсылманмын деген халықтың баршасы қайтқан соң 
өмірін астрал дүниесінде жалғастырады. Астрал дүниесі біздің 
көз үйренген физикалық дүниемізге ұқсас. Біз білетін М. Ньютон 
мұсылман адаммен жұмыс жасамағанға ұқсайды.
Ақ Сарбаздың арқасында Құдыретті Күштер жеңіп, Жер 


235
планетасы эволюция жолына түсті. Енді О Дүниеде шын мәнінде 
профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Қайтқан Рухты Жан 
Әлемінде жан-жақты зерттеуден өткізеді. Бұл – сіз ауруханаға 
барып анализ тапсырып, толық зерттеуден өткеніңіз сияқты. 
Мысалы адам денесінің бір жері зақымданып, қарайып шіри 
бастады делік. Дәрігерлер әуелі ол жеріңізді емдеуге тырысады. 
Емдеуге келмесе кесіп алып тастайды. Меніңше Рухты да 
дәл солай емдейді. Рухтың денесі – Сана. Үш Дүниедегі өмірі 
қылмысқа толы болса, Сана дұрыс қалыптаспайды. Дұрыс 
қалыптаспаған сананың дұрыс емес ойлары мен сезімдері қап-
қара, сұрғылт боп көрініп тұрады. Ағартуға келмесе, сананың ой 
мен сезімнен қалыптасқан қара тұстарын кесіп алып тастайды. 
Жан азабы деген осы! Мысалы менікі деп ойша иемденіп қойған 
дүниеңізді біреу тартып алса, не қиратып тастаса ішіңіз қан 
жылап, қандай күйде боласыз? Санаңыздың дұрыс емес болып 
өскен қатпарларын капустаның қабығын жұлғандай қылып 
алып тастап жатқанда адам жаны солай қиналады. Тәннің 
өлгені түк емес, ғұмырлар бойы қалыптасқан Рух санасына 
жасалған ота жанды қинайды. Жұқарта-жұқарта келгенде 
кейбір қылмыскердің Рух-санасы кішірейіп, енді адам денесіне 
кіріп дүниеге келуге мүмкіндігі болмай қалады. Ондай жағдайда 
ол эволюциялану үшін хайуанаттың денесін иемденеді. Бұл 
миллиондаған жыл артқа кетумен бірдей.
Сол себепті адам боп өмірге келгесін дұрыс сана 
қалыптастырып, ой мен сезімді ауыздықтауды үйрену керек.
Алтыншы Сатыда тозақ болмайды. Тозақ Жерұйыққа 
баратын кеме келген кезде өзінің барлық тұрғындарымен бірге 
жанып кетеді. Жанартаудың жарылуы тозақтың толып кеткенін 
білдіреді. Бұрынғы қылмыскерлер төменгі иерархиялық 
деңгейлерге құлап хайуанат, өсімдік боп жаратылатындықтан 
Әлемде бірте-бірте қылмыс азайып ізгілік салтанат құрады.
Өзіміздің ажалсыз Рух екенімізді ұмытпайық!
Қазақ халқының рухани деңгейі қашанда үш діннен биік 
тұрған.
Тәңірлік сенімнен айнымай келе жатқан Ақ Сарбазға 
Құдай Гиперкеңістіктің игілігін сыйлады! Бұл – болашақ қазақ 
халқының да игілігі!
Қазақтың маңдайына Ғарыш Құрылысшысы болу жазылған!
Рухани ізденіс


236
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет