Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет74/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ЖЕР ҒАЛАМШАРЫ
«Жер Ғаламшары Ғарыштағы барша дамыған өркениеттер-
дің шетке шыққандары лақтырылатын қоқыс орны іспетті» 
деді Ұстаз бір күні.
Жерді Ғарыштағы ең әдемі планета санайтын мен тіксініп 
қалдым. Демек мен де шетке шыққанның біреуі болдым ғой?!
Майкл Ньютонның «Жан жиһаны» кітабында Жерді Рух үшін 
еңсеруі өте қиын планета санайды. Мұндағы қиын жағдайға 
мойымай асыл қасиеттерін жоғалтпай шыққан Рухтар басқа 
Әлемдерде шапшаң дамитыны айтылған.
Ғаламтор арқылы бір суретші қазақ жігітімен танысқаным 
есіме түсті. Ол жігіт өзінің бұрынғы өмірінің кейбір 
фрагменттерін ұмытпаған екен. «Мен басқа планетада адам 
жанын аулайтын Ғарыш қарақшысы болдым. Бір күні үйренген 
кәсіппен шұғылданып жүргенде Ғарыш рейнжерлері келіп 
қалып біздің кемемізді атып түсірді. Осылайша келесі қайта 
туғанда Жерден бір ақ шығыппын» дейтін.
Жер Ғаламшары – Ғарыштағы ең әдемі және ең азғын 
планета! Әдемілігі – ол Астрал Дүниесіне өте ұқсас етіп 
жасалған. Бұл жерде Құрылысшы Люцифердің шеберлігіне 
таңдай қақпасқа амалың жоқ. Бірақ әдеміліктің артында 
әманда тұзақ жасырынып жатады.
Ойлап отырсам Жерді жаратқан Люцифер адамзатты 
аздырып, Құдайға қарсы төңкерісшілерді дайындау үшін 
тіршілікті екінші сатыдан бастап бұзған екен ғой!
Дәлел – жыртқыш өсімдіктер. Әдемі гүл иісімен арбап 
шыбын-шіркейді күлтесіне кіргізіп алады да жабылып қалады. 
Осылайша өзінен бір эволюциялық деңгей жоғары тұрған 
тіршілік иесінің денесін жалмап, оны жейді. Бұл – Ғарыштың 
Иерархия Заңын бұзу ғой!
Бұл өсімдіктің программасы әдейі осылай өзгертілген. 
Жыртқыш өсімдіктің жаны эволюцияланып болашақта улы 


237
жәндіктерге, қансорғыш кенелерге кіреді. Осындай денеден 
өркендеген Жан келесі хайуанат деңгейіне көтерілгенде 
қандай денені таңдайды деп ойлайсыз? Оның шөпқоректі 
еліктің денесін таңдамайтыны айтпаса да түсінікті.
Ол өзімен теңдес тіршілік иесінің эволюциялық игілігін, 
яғни өзгенің денесін аулап жейтін жыртқыш хайуан болады. 
Осындай хайуаннан адам денесіне көтерілген Жан тек қана 
арам жолмен күн көргісі кеп тұратын қаражүрек, қатыгез 
адамға айналады. Өйткені оның зұлымдық жолы миллиондаған 
жыл бұрын өсімдік денесінен басталған!
Өз-өзін өте жақсы көретін менмен Люцифер өз планетасын-
да өзіне ұқсас мысық тұқымдастарды жарата беріпті. 
Арыстаннан бастап мысыққа дейінгі түрін санап тауыса 
алмайсың. Ал, ит тұқымдастар саусақпен санаулы ғана.
Ал, Ғарыштағы Ғарыш Заңымен дамыған өзге планеталарда 
жыртқыш өсімдік, жыртқыш хайуанат атымен жоқ. Олар 
Иерархия Заңын сақтап, тек өзінен төменгілерді қорек қылады.
Құдыретті Күштер Жер Ғаламшарының төменнен тамырлап 
кеткен зұлымдығынан құтқарып, қауіпсіз жерде тезірек 
өркендету үшін қазақ халқына басқа планетаны сыйға берді. 
Оның бұрынғы атауы Күміс планета болатын. Ақ Сарбаз оны 
«Жерұйық» деп өзгертті.
Жерұйықта маса-сона, кене сияқты улы жәндіктер, жыртқыш 
хайуанаттар жоқ. Сол себепті онда көшкен елдің малы тез 
көбейіп, бара-бара жартысы игерілмей жабайыланып кетпек.
Рухани ізденіс


238
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет